Тақырып № 10: Төменгі сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарын бақылау жүйесі.
Сұрақнама: 1. Өзіндік жұмыс барысында алынған білімді бақылау түрлнрін испаттаңыз.
Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. /1-ші-өте жақсы, 2-ші орташа, 3-ші нашар/. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға бөлген. Ресейде бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға басқаша мән бере бастаған. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард /1724-1790/ неміс педагогы, филонтропизмнің педагогикалық ағымының негізін салған. 1774 жылы Дессау қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты жөні жазылған. Аты-жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған. Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік маңыздылығына ие болған. Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы болған. Себебі олардың ойынша балл /сан/ арқылы баланың адамгершілік сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту қажет. Осының негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген.
1917 жылы Ресейде бағасыз оқыту идеясы әрі қарай өз дамуын жалғастырды.
Баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға байланысты. Барлық жинақталған білімді меңгерудегі ынталандырудың әсері, дағды мен әдеттерді қалыптастыруы, өзінің белгілі жеке сапалы қасиеттерін жетілдіруіне байланысты.
Барлық қабілеттер баланың жетістікке жетуіне кепілді бола алмайды. Қажетті мотивацияның баланың бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді және сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді. Мотивацияның тапшылығы болған жағдайда бар мүмкіндіктері қабілетке айналмайды, интеллектуальді және жеке қабілеттері өте бояу дамиды. Қолайлы жағдайдың болмауы да әсер етеді. Қорытынды нәтижесінде баланың жеке дамуы қалыптасып, жаңа біліммен, әдеттерді қажеттілік ретінде сезіп, өзін-өзі жетілдіруге және дербес дамуын жетілдіруге тырысады.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды қорлардың болғанымен, бірақ тәжірибиеде мотивацияның жеткіліксіздігінен барлығы қолданылмайды.
Мұндай жағдайлардың себептері әртүрлі. Біріншіден, барлық мотивтердің белгісіздігі, балалардың әртүрлі жасы, әртүрлі индивидуальді ерекшеліктері оқуда қалыптасады. Жеке, сапалы, жаңа қарым-қатынастар, білім, дағды және әдеттер қызығушылықтың негізінде байқалады. Екіншіден, біздер өсіп жетіліп және педагог қызметін атқарғаннан кейін барып алғаш рет балалардың оқу мотивтері жөнінде ойлана бастаймыз, бала бақшадан шыққанымыздан соң барып балалардың тәртібі жөніндегі мотивтер, түпнұсқалар мен болжамдар туралы ойланамыз. Біздің берген болжамдарымыз бен ойларымыз дұрыс шығуына кепілдік бере алмаймыз. Біз негізінде балалардың бойында жоқ нәрсені бар деуіміз мүмкін және оларға ненің маңызды екеніне мән бермеуіміз де мүмкін, оқыту және тәрбиелеуде дәлеліміз дұрыс болуы да мүмкін. Үшіншіден, балалар арасында әртүрлі индивидуальді айырмашылықтар болады, бір балаға бір нәрсенің оған маңызды болуы, келесі балаға мүлдем қызықсыз болуы да мүмкін. Ең соңында төртіншіден, мотивацияның өзі, жинақталған мотивтің өзі де кейде бір жағдайға орай өзгермелі болады. Бұл себепке орай оқыту және тәрбиелеу негізінде жағдайдың бірі қызықты болып келесі біреуіне қолайсыз болады. Оқыту мен тәрбиелеудің ең басты міндеті осы негізгі айтылған төрт мотивацияның өзгеру себебіне байланысты. Мотивацияның төмендеуіне жол бермей тәжірбие жүзінде тиімді шартты қолдана білуге үйрену.
Балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде қандайда бір шартты немесе қызығуды қарастырсақта нақты қарағанда мадақтау мен жазалау жүйесіне негізделеді. Мадақтау психологиялық ерекшеліктің ұнамды қасиетінің дамуына ынталандырса, ал, жазалау теріс қылықтың шығуына кедергі болады. Егер тәжірбие жүзінде тек қана мадақтау қолданылып, жазалау қолданылмаса, онда баланың бойында сапалы, ұнамды қасиеттермен қатар, теріс қылықтар дамиды. Егер де керісінше оқу-тәрбие процесінде тек жазалау ғана қолданылса мұндай жағдай балалардың теріс қасиеттерінің шығуына жол бермеуі де мүмкін. Сонымен бірге ұнамды, сапалы қасиеттердің дамуына кедергі келтіреді. Мадақтау мен жазалауды бір-бірімен байланыстыра білсе ең қолайлы мотивацияны қамтамасыз етіп, ұнамды қасиеттердің дамуына жағдай тудырады, ал, бір жағынан теріс қылықтардың тууына кедергі жасайды. Ұстаз шәкәрттің теріс істері мен қылықтарын дер кезенде көре біліп, ретті жерінде оған түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсаты- теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептілік, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпте төменгі сынып оқушыларының да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей, қолайлы көңіл-күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол, әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырып та қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейде оқушының көре-тұра оны жазаламаудың да кесір - кесапаты аз болмайды. Шәкірт оқыс қылықтарды әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік, аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. бұл жерде осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі. Өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеудің басталуы қажет. Өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, адамның теріс қылықтарын айыптап тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұлардың кейбірі мына төмендегілер:
біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып берілуі қажет.
екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын.
үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет.
төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп, оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез- құлқы, т.б). ескертіліп отырылсын.
бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтін (ондай жағдайлар да кездесіп отырады) формалар ұйымдастырылғаны абзал.
Баланың психологиялық дамуына мадақтау, жазалауда ынталандырудың рөлі барлық жағдайда бірдей қажет: мадақтау оң қасиеттердің дамуына әкелсе, ал, жазалау теріс қасиеттерді түзетуде, коррекциялау да қажет. Оқыту және тәрбиелеудің міндетіне қарай тәжірбие жүзінде екеуі де бір - бірімен өзгеріп отыру керек. Егер оқу - тәрбие жұмысында жігер күш жұмсау қажет болса, белгілі құрылымға сапалы жеке ұнамды қасиеттер көрінсе, жаңа білім, дағды, икемді қалыптырса онда мадақтау көрсетіп, жазалауды қолданбау керек. Шәкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны ретімен мадақтап орындаудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі мақұлдау. Егер шәкірттің іс - әрекеті әркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, "Бәрекелді", "Дұрыс", "Жақсы", "Тамаша", "Мынауыңнан нәтиже шығады", т.б. осы секілді сөздер оның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі. Егер, керісінше, жағымсыз қасиеттерді оны түзеу міндетімен байланысып, егер бала өзін-өзі түзетпесе және өзінің теріс қылығын сезінбесе, сонымен қатар келіспеушілік тудырса онда жазалауды қолдану ең тиімді шешім болып табылады. Бірақта өзін төмен бағалау, баланың өзіне-өзі сенімсіздігі кезінде мадақтауды ынталандыру жүйесінде тиімді қолдана білу керек. Өзін жоғары бағалаушылық кезінде өзін-өзі сенімді болған жағдайда керісінше жазалауды қолдану керек.
Сонымен мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мадақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:
Балалардың мадақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.
Мақтау арқылы тәрбиелеушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау.
Мадақтаудың қылық- ісіне сай болуы.
Мадақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.
Мадақтаудың шыңдыққа негізделуі.
Осылайша тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады.
Баға- педагогикалық ынталандыру болып келеді. Мадақтау мен жазалау бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттер. Жақсы баға мадақтау болса, ал, төмен баға - жазалау болып келеді. Негізінен бағаның маңызы ынталандырудың маңызы әркезде ынталандырудың күші болып саналмайды. Бағаның ылғи жоғары болуы ынталандырудың күшін жояды. Мысалы: ең жақсы ынталандыру болып және табысқа жету көрсеткіші болып "4" бағасы саналады, ал, "5", "3", "2" немесе "1" бағалары табыс көзі болып есептелмейді. Осылайша бестік бағасын алған оқушы әрі қарай оқуда жетістікке жету деңгейін жоғалтады. Себебі, "5" балдық жүйе бойынша «5» болғандықтан одан жоғары баға алу мүмкіндігі жоқтығын сезген оқушы оқуға деген қызығушылығы мен табысқа жету деңгейі төмендейді. Ал, егер оқушы "4" бағасын алса, онда оның бойында ең жоғары бағаны алып одан әрі қарай табысқа жетуіне мүмкіндік барына көзі жетеді. Мысалы, оқушы білімін ең төменгі "1" бағасымен бағаласа оқушының оқу үлгерімі төмендеп нәтижеге тырысу деңгейі жоғалады. Себебі, бұл бағаны жойып "5" бағасын өте қиынға соғады. Әдетте мұғалімдер "қанағаттанарлық" деңгейінде оқыған оқушыға жоғары баға қоймайды. Үштік бағасы оқушының үздік оқуына, оқу үлгерімін жақсартуға өте қолайлы. Оқушының белгілі бір пәннен бес балдық жүйенің ең жоғарғы немесе ең төменгі бағамен білімі бағаланып отырса ең тиімді жағдай болып есептеледі. Егер оқушы негізінен "3" немесе "4" бағасымен бағаланса, онда оған ынталандыру күші болып "4" және "3" бағалары саналады да "4" пен "5" алуға тырысады. "2" және "3" бағалары баланың көңіл күйін түсіріп, жағымсыз күй тудырып ол бағаларды түзетуге деген ықыласы болмай, немқұрайлылық тудырады.
Әркез ұнамды теріс ынталандыруларды жиі қолдану немесе балаларды ынталандыру рөлінің маңыздылығын жоққа шығарады. Мысалы: мадақтаулар мен ең жоғары бағаны шектен тыс жиі қолдану балаға ешқандай талпыныс пен күш бермейді де алдынғыдай әсер тудырмағандықтан өз маңызы мен мәнін жоғалтады.
Бір жағынан ылғи ең төмен баға алған оқушы эмоциялық күйзеліске ұшырамайды. Себебі бұрынғыдай әсер етпейді. Уақыт ете келе оң және теріс ынталандыруды өзгертуге тура келеді. Олардың сақталуы мен дұрыс мән беруіне тірек боларлықтай түрлендіру.
Оқытушыларды оқыту және тәрбиелеу кезінде ынталандырудың кешенді мінезін іс-әрекетте қолдану қажет. Әртүрлі әсер еткіш жүйелерді енгізу, бірақ барлығын бір сәтте қолдану шарт емес. Бірақ қайсібірі оқушыға дәл сол кезде қажет болып тұрған жағдайда қолдануға болады.
1.2. Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиялары
Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест – ағылшын сөзі (test) аударғанда «байқау, бақылау, зерттеу» деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді.
С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады.
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты – жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест «тәжірибе, тексеру» деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады.
Тестік жүйенің басты мақсаттары:
өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;
оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және салыстыру;
оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.
Тестік бақылаудың тиімділігі:
Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;
Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;
Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;
Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;
Тест барысында әр сұраққа дқрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;
Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;
Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
2. Білімд бақылау формасы қандай функцияларды атқарады?
Бақылау және оқушылардың білім бағасы дидактикалық
сұраныс бойынша бірнеше функцияға бөлінеді: