Дәріс: ДӘлдік және мергендік қабілетін дамытатын ұлттық ойындар (мәселелі). Дәріс мақсаты



бет3/7
Дата25.11.2023
өлшемі281,25 Kb.
#128040
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция 9-10

Кентай ату
Бұл сыртта ойналатын асық ойындарының бірі, оны ауелі ойын майданына арасы бір адымнан қатар үш сызық сызылады да, ортаңғы сызыққа ойыншылар бірден кентай тігеді. Ойын басталар алдында ойыншылар сақаларын үйріп, алшы тәйкі, бүк, шік түсуіне қарай кезегін алады. Мұны кейде «сақа соғыстыру» деп те атайды. Ойын басталғанда, алған жүріс кезектері бойынша ойыншылар мәлім қашықтықтан сызық бойында тізіліп тұрған кентайларды сақаларымен атады. Егер атқан сақа кентайға дәл тиіп, оны әуелгі сызықтан шеткі сызықтың сыртына ұшырып шығарса, сол кентайды кімдікі болса да ұтып алады да, қарсы жақтағы белгіленген жерден жалғасты атады. Ал, сақасы көздеген кентайға тимесе де тисе де, оны шетккі сызықтан шығара алмаса ойын кезегі басқаларға өтеді. Кентай ату ойынында кей кездері сақа үйріп, жүріс кезгін алғандардың ең соңы болып қалғаны, тізілген кентайлардың ішіндегі өз асығының қасына сақсынт тігіп қойады.ойын басталғанда барлық ойыншылар өз кезектері бойынша алдымен сақаны көздейді. Кімнің сақасы тігідген сақаға дәл тиіп, оны шеткі сызықтан шығарып жібере алса, сол сақаны кентайлармен қосып ұтып алады. Әрі ендігі ойынды бастайды. Егер ешкім тигізе алмаса немесе тигізген күннің өзінде шеткі сызықтан шығара алмаса , онда сақасын тіккен ойыншы сол кентайларды бірақ ұтып алған болады. Яғыни, соңғы ойыншы сақасын құрбандыққа тіккенде, басқалар атып шеткі сызықтан шығарып жіберсе онда ол сақа өлді. Ал ешкім тигізе алмаса , тигізгенде де шеткі сызықтан шығара алмаса онда ол тігілген барлық кентайларды ұтқан боалды. Мұны кей кездері «сақа өлтіру» деп те атайды.

Қызыл асық ойыны
Бұл бірде «төрт асық» ойыны деп те аталған. Бұл ертеден келе жатқан ұтыс ойындарының бір түрі. Бұл ойын төрт асықпен ойналатындықтан «төрт асық» аталған. Бұл асықтар әдетте қызыл бояумен бойалатындықтан «қызыл асық» деп атап кеткен. «Қызыл асық» әдетте екі адам да, көп адам да ойнай береді.онда екі жақ немесе ойынға қатысушылар бір келкі жақсы асықтан төртеуін таңдап алып, алдын ала көрсетілген ойнын, түсіретін асықтарын, яғни төрт алшы, төрт тәйкі, төрт бүк, төрт шік, бір алшы, бір тәйкі, бір шік, бір бүк түсіру қатарларды қамтиды. Мұнда сақа үйріп, жүріс кезектерін алып болған соң ойын бастаушы жақ алдымен төрт асықты үйреді. Ал үйрген кезде қарсы жақ ұтылған болады да жалғасты үйреді. Ал үйрген кезде қарсы жақ айтқан асықтарды дәл түсіре алмаса, онда өзі ұтылған болады да, ойынды ендігі адамға өткізіп береді. Егер басқалай бәс тігілмесе, тек асық ұтқан ойын болса, қолындағы асығын ұтқызып алған ойыншы, қарсыласынан асық қарыз алып, ойын жалғастыруға болады. Бұның бәрі де ойыншылардың алдын ала келскен шарттары бойынша жалғасады. Үшке шықтым Бұл көнеден жалғасып келе жатқан асық ойынының бірі, негізінен үш асықпен ғане ойнайды. «үшке шықтымды» ойнағанда, ойынға қатысушылардың санында шектеме болмайды. Ойын басталарда ойыншылар басқа ойыншыларға ұқсас сақа үйрісіп, алшы-бірінші, тәйкі-екінші, бүк-үшінші, шік-төртінші кезекте жүріс алады. Егер сақалары жалғасты түскен болса жалғасты үйреді. Ойын басталғанда, ойыншылар әуелі қораланып алып, алған кезектері бойынша қолдарына таңдап алған әлгі үш асықты алып, ретімен үйреді. Сонда үш асықты кім бірдей алшы, тәйкі, бүк, шік түсрсе, сол ойыншы үш нөмер алып, асықты жалғасты үйреді. Тағы солай түссе жалғасты үйріп жалғасты нөмір ала береді. Ал үйрген асық аралас түссе, яғыни, алшы, тәйкі, бүк, шік болып әр түрлі түссе, нөмір ала алмайды. Кезек екінші ойыншыға беріледі. Ойын осылайша реті бойынша жалғаса береді. Соңында әуелгі белгіленген санға кім бұрын жетсе, сол ұтқан болады да қалған ойыншылар өз кезектері бойынша бір жолдан қуалау кезегін алып, үш асықты тағы бір рет үйріп шығады. Егер қуалау жолында шекті санға жеткен болса, ол да жеңмпаз ойыншы саналады. Жете алмағандар ұтылған болып, ұтқан ойыншыға ұпай беріледі. «Үшке шықтым» ойынында ұпай саны 9,12,15,18 яғни үштің көбейтінді санының бірі болады. Ұпай алынып болған соң ойынды қайта жалғастырады. Үйірмекіл Үйрмекіл асық ойынының бір түрі болып, асықты бірден ұтып ойнайды. Бұл ойынды жеке-жеке де, одақтасып та ойнауға болады. Әр жолы үйрген асықың ұтысына ұарай жол алады да, асық үйруші бір келкі тұрып немесе бір келкі жаттықты түскен асықты тап дейді. Кейде бірнеше әр түрлі тұрығы (алшы мен тәйкі) әр түрлі жатықты (бүгі мен шігі) тап десе, кейде аралас түскен тұрық пен жатықты қосып тап деп өзінен кейінгі ойыншыларға бұйырады. Екінші адам үйіргенде тап дегені дәл түссе асықты түгел алады. Түспесе, үшінші адам үйреді. Ол да тапса алады таппаса әуелгі үйруші алып, асықты осылайша ұтысып ойнап, кімнің асығы таусылса, асығы бардан қарыз алады. Кейін ұтылушы асық ұтып алғанда қарызын қайтарып береді. Сөйтіп, үйрмекіл ойнаушылар ең соңында асықты кім ұтып алған болса, сол ұтқан асығын алып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет