Дәріс: ДӘлдік және мергендік қабілетін дамытатын ұлттық ойындар (мәселелі). Дәріс мақсаты



бет6/7
Дата25.11.2023
өлшемі281,25 Kb.
#128040
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция 9-10

Алшы ойны
Ойыншылар алдымен көмбеге бір-бірден асық тігеді де, құдды басқа асық ойындарына ұқсас, ішінен ойыншылардың біреуі бәрінің сақасын жинап алып үйріп, кезек алысады. Осы барыста алшы-бірнші, тәйкі-екінші, бүк-үшінші, шік-төртінші болып жүріс кезегін белгілеседі. Егер кезек алсып, асық үйрген кезде бірнеше сақа қатарынан бір тұрыста түсіп қалса, онда сақаны қайта үйруге тура келеді. Осылайша әр бір ойыншының асық ату өшіреті белгіленіп болғаннан кейін, ендігі жерде ойыншылар көмбенің бір жақ жанына барып, әр кім өз сақаларын өздері үйреді. Осы кезде алшы түскен сақаның иесі сақасы түскен жерден көмбеге тігілген асықтардың біреуін атады. Осы барыста атылған асық пен сақа бір түста түссе (яғни, асық та, сақа да алшы, тәйкі не бүк, шік болып түссе), онда ойыншы атқан асығын алады. Ұтылған асықтың иесі көмбеге тағы бір асық тізіп қойады. Егер атлған асық пен сақа ұқсап бір тұста түспесе, яғни сақа алшы болып атлған тәйкі, бүк не шік болып түссе, онда жалғасты асық ата береді. Тек сақасы алшыдан басқа тұрыста түскен жолы ойыннан қалады. Бұл арадағы ойннан қалуда екі түрлі ереже болады. Ойыншының асық атқан сақасы бүк не шік түссе, онда ойыншы сақасын қолына алып, ойнның өшіретін өзіннен кейінгі өшіретті тұрған ойыншыға береді. Ал, сақасы тәйкі тұрып қалған болса, онда бұл сақа алынбайды. Ендігі ойын кезегі келген ойыншы алдымен тәйкі тұрған сақаны атады. Тигізсе оның асғын алады. Тигізбесе онда ойннан қалады да басқа ойншы ойнды жалғастыра береді. Егер ойншылар өшірет алып болғаннан кейін сақа үйру барысында сақасы тәйкі түсіп қалсада осындай болады. Яғни, ол ойннан қалады да сақасын ендігі келген ойыншы бастап атады. Тигізсе бір асығын акетеді. Тігізе алмаса ойннын қалады әрі тігілген асығын сақаның иесіне ұттырады. ойын осылайша біреу ұтып, біреу ұтылып, өз өшіретімен ойналады. Ең соңғы ойыншы ойнап болғаннан кейін ендігі өшірет алғашқы ойын бастаушыға қайта келеді.


Көтеріспек ойны
Көтеріспек ойны кейде «алтыбақан ойны» деп те аталады. Бұл негізінен ауыл арасындағы бір үйден енді бір үйге кетіп бара жатқан екі баланың жол бойы ойнап барып, ойнап қайтатын ойны. Онда ойнайтын екі бала алдымен өзара келісіп алады. Біреуі қолындағы сақасын келіскен қашықтыққа апарып қояды да қайта қайтып келеді. Екінші ойыншы сол орында қозғалмай тұрып, әлгі сақаны атады. Атқан кезде қарсы жақтың сақасына дәл тигізсе, онда сақасын тігіп қойған ойыншы сақаны атқан ойншыны өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп барады. Ал, бұл барыста тұрған сақаны атқан ойншының сақасы тимей кетсе, онда алғаш сақа тіккен ойншы өз сақасын алып, сол орннан бірнші ойншының сақасын атады. Егер тимесе, онда бірнші ойншы екі сақаның арасына әлгі ойыншыны көтеріп апарып, тағы жалғасты сақа тігіп ойын жалғастырады, егер тигізе алмаса, ол онда қарсы жақтың сақасын қайта атады. Осылайша бірінің сақасын бірі атып алдыға қарай жлжи береді. Жоғардағы асық ойнының басты-басты бірнеше түрін қысқаша таныстырып өттік. Ойын төрелерінің көптігіне ұқсас, ойын соңында берілетін жазалар да кезінде түрлі-түрлі болған. Оны «кертоқай алу» «тоқинақ алу» «түлкі ішік алу» деп бірнеше түрге бөлінген. Асық ойнына қосымша атлмыш жаза түрлерін де таныстыра кетейік. Кертоғай:мұнда ортан қолдың ортаңғы бунын сыртқа шодырайтыңқыратып жұдырықты түйіп, бас бармақ пен ортан қолдың әлгі шодырайып тұрған бунын төбеге тигізіп тұрып, қолды ішіне қарай қаттырақ тартады. Сонда бас бармақ пен ортан қол төбе мен маңдайды қатты ауртады. Бұл жазаның кең жалпыласқан түрі. Тоқинақ алу: мұны бірде «шынақ пен жұдырық кертоқай» деп атайды. Онда білекті сыбанып алып, жұдырықты жоғардағыдай түйіп, шынтақты төбеге тірей қолды тартады. Сонда төбе мен маңдайға шынтақ бір тисе, жұдырық тағы бір тиіп қатты ауыртады. Жазаның бұл түрі «кертоғай» алуға қарағанда сәл ауыррақ саналады. Түлкі ішік алу: бұны бірде «омпы тістеу» деп те атайды. «түлкі ішік алғанда» алдымен тегіс жерге күл үйіліп, күлдің үстіне бір асық омпы жағы жоғары қаратылып шаншылып қойылады да, жеңілген адам екі қолын артына ұстап, тізесін бүкпей еңкейіп келіп, күлге шаншулы тұрған асықты омпысынан тістеп алады. Егер тістеп жатқанда оқыста тыныс алатын болса, бет-аузына күл шашырап, тағы масқара болады. Сондықтан, «түлкі ішік алу» түрлі жазалардың ішіндегі ең ауыр түрі есептеледі. Бұдан тыс, кезінде саусақпен маңдайға шертетін, кеселеп су, қымыз, айран, іркіт немесе қайнатқан құрт ішетін, ет, май асататын дағдылар болған. Мұның кейбіреуі бәс характерінде қолданып, онда жеңілген адам ішем деген нәрсесінен қаншаға келссе соншалық ішіп, жеймін деген таманынан қаншаға келсе соншалық жеген, бұдан қалса ән айтып, домбыра шертіп жане басқа да өнер көрсетіп беретін дағдылар да болғанү Қортып айтқанда, асық ойны, ойынға қатысушыларды сопорлық пен ұтымдылыққа баулып, жылдамдық пен шыдамдылыққа тәрбиелеп, ептілік пен мергендікке үйрететін мол қасиет пен ерекшелікке ие. Ұлтымыздың дәстүрлі көңіл ашу ойындары ішіндегі ең көнелерінің бірі, асық ойынында ойнаушылардың әлгінде сөз еткен қасиеттердің бәрін өз бойында қалыптастыру мен сіңіруге мүмкіндігі шынында мол. Онда сан алуан қимыл қозғалысы, атап айтқанда, дене мүшелерінің қалыпты тұрысы, асық атқан кездегі түрлі қозғалысы, көзбен қолдың байланысы әрі олардың үндестік табуы қатарлылардың бәрі ойншыларды дене жақтан да, ақыл-ой жағынан да шынықтыра түседі. Сол себепті ұлтымыздың тегінен келе жатқан асыққа қатысты немесе асық ойынынан өрбіген: «ешкі асығы деме, қолыңа жақса сақа қой, жасы кіші деме, ақылы асса аға ғой» жане «асығы алшысынан түсті» деген бір қатар терең мағыналы мақал-мәтелдер мен сөз тіркестері бар. Бырақ, асқан асық құмарлық, ойынпаздық ерте кезде де, бүгінде де жұрт көңіліне жаққан жоқ.
Тапсырма:
1.Асық ойынның түрлері, ойын ережелері, ойын мақсаты, ойын мазмұны, ойын кескіні, қорытынды
2. Асықтың түрлері
3. Асықтың атаулары
4. Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер.
5. Асық иірудің әдісі
6. Асық атудың әдісі
7.Асық ату барысындағы қозғалыс есебі.


Жамбы ату – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен ұлы мұра. Кеңес үкіметінің тұсында ұмыт болған ойынымызды Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауым-дастығы жақында қайта жаңғыртты. Жамбы ату ер жігіттің мергендік, ептілік қабілетін сынап, намысын жаниды. Әлбетте, ат үстінде шауып келе жатып, қарқынды бәсеңдетпей белгілі бір қашықтықтағы нысананы атып түсіру оңай емес. Дегенмен жамбы атуды серік еткен, атқан оғы мүлт кет-пейтін мерген қыздар да бар.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет