Дәріс: ДӘлдік және мергендік қабілетін дамытатын ұлттық ойындар (мәселелі). Дәріс мақсаты



бет2/7
Дата25.11.2023
өлшемі281,25 Kb.
#128040
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция 9-10

Хан талапай
Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.
Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды.
Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.
Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.

Асық ойыны
Асық-малдың сан мүшесіндегі асықты жілік пен сирақты бір-біріне тұтастырып тұрған немесе, санның жоғарғы буыны мен сирақты бөліп тұрған, орыны жағынан толарсақпен асықты жілікке тәуелді келетін, мал сүйектерінің ішіндегі тұтас біткен ең шымыр сүйек. Ал, асықты бірден бір құрал еткен асық ойындары төрт түлік малдың, әсіресе, қойдың қолға үйреніп, үй жануары болуына орай, мал шаруашылығы пайда болған сонау есте жоқ ескі заманнан бері жалғасып келе жатқан, құдды дойбы, тоғыз құмалақ сияқты тарихы ұзақ, жалпыласу көлемі кең әрі өте қызықты ұлттық әр түрлі ойындарымыздың бірі. Кезінде оны тек балалар ғане емес, жастар да, қарттар да құмартып ойнайтын болған. Көлемі жағынан, сиырдан басқа, ірі қаралар мен бұғы-маралдың асығын «сақа» сирдың асығын «топай» қой мен арқардың асығын «кентай», ешкі мен тауешкінің асығын «шүмәйт» еліктің асығын «жемек» деп алса, сыртқы тұлғасы мен тұрысына қарай, жатысынан жұмыр жағы ұстіне қарап түскен жағын «бүк» шұңқыр жағы үстіне қарап түссе «шык» тұрысынан шұңқыр жағы үстіне қарап түссе «алшы» жайпақ тегіс жағы үстіне қарап түссе «тәйкі» асықтың жілікпен тұтасқан аша жағы үстіне түсіп қалса «шомпы» жіліншікпен тұтасқан жұмыр жағы үстіне қарағаны «омпы» деп атаған. Асық өз дәуірінде көшпелі қазақ сахарасында көңіл ашатын күрделі ойын түрлерінің бірі болып таралумен бірге, тағы бір жағынан, ұлтымыздың ескілікті тұрмыс салтында бейне алақанға қарап бақ сынайтын, құмалақ салып бал ашатын, жауырынға қарап жол ашатын түрлі наным-танымдарға ұқсас асық үйріп те болжам айтатын болған. Яғыни ата-бабалармыздың бал ашу мақсатымен, аңшының олжасынан, жолаушының жолынан, жоқ іздеген жоқшының соңынан, құрған қақпанның қанынан хабар бер деген тілек сөз айтып асық үйірген. Мұнда асық үйрушінің аңсары-үйрген асықтың алшы түсуі болып саналады. «асығым ақ сөйле, ақ жол берер болсаң, үш үйргенше айдай алшы түс» деп үйрген. Егер асық алшысынан түссе, ол ақ жол амандықта, қанжағасы қан болған, олжадан жолы болған, жолаушының жане басқада істердің оңға басқанынан, не солай болатындығын білдіреді. Сол себепті асықтың алшы түсуі өте жоғары бағалаған. Ал «тәйкі» түссе, онда үйрілген асықтың сөйлемей, ешқандай болжамның болмағандығын «бүк» түссе бұйрғаны бойында, еш жамандық не жақсылықтың жоқ қалыпты жағдай болады. «шік» түссе, аңшының алымы болмай құр қайтатынын, жолаушымен жолшының жолы болмай құр қайтатынын, құрған қақпанға аң түспегендігін немесе басқа істердің сәтті болмайтынын білдіреді. Сонымен бірге, асықтың төрт түлік түсуін, сыртқы ерекшелігіне қарай төрт түрлі малдың симолы есептеп, алшы-ойшыл атаның түлікті түйенің, тәйкі-қамбар атаның түлегі жылқының, бүк-зеңгі бабаның түлегі сирдың, шік-ұсақ мал шрпан ата мен шекшек атаның түлегі қой мен ешкінің баламасы саналып, үйірген асықтың түскіне қарай, сол кездегі мәлім бір маусымның ауарайы, мәлім бір өңірдің жар жағдайы қай түлік малға тимды болатындығы әрі қандай адамға қайсы түлік малдың мол бітетіндігі ырмдалған. Көне көз қарттар мен зерделі шешен-шежірелердің айтуына қарағанда, кезінде асық тек көңіл көтеріп ойнайтын ойыншық ретінде емес, әрі білікті билер мен қаһрлы хандар жағынан кейбір күманды күналарды тергеуде қолданылатын жаза құралы ретінде пайдаланған, мәселен, ертедегі қазақ билері мен қазылары сол кездегі ел мен елдегі ағайынды араз қылған түрлі жер дауы, жесір дауы, ұрлық, барымта дауы сынды күрделі істерге әділ билік, адал төрелік айту үшін, істеген қылмысын мойнына алмаған күмәнді адам, ең соңында шекесіне асық басып тергеп, шынын айтқызған, асық басу тергеу үшін, алдымен істеген қылмысын мойындамаған күнәкарді алдырып,оның екі шықшытына екі асықты туралап жіңішке қайыспен немесе мықты жіппен таңып байлап, содан кейін әлгі қайысты қамшының сабымен, болмаса жіңішке ағашпен ауған түйеге бұрау салғандай бұраған. Сонда тергеуге алынған адамның екі шықшытына қатты асық батып, екі көз сыртқа теуіп, шарасынан шығып кете жаздап қиналып, істеген қылмысын мойындамасқа амалы қалмайды екен. Сондықтан, асық басып қинау ерте кездегі қазақ халқының дәстүрлі жала сотындағы қылмыскерді тергеудің ең ауыр жаза тәсілдерінің бірі болса, ал асық осы тергеу тәсіліндегі ең негізгі құралдың ролын ойнаған. Мұнда тұтас мал сүйектерінің ішінде асықтың қаттылық қасиетін ата-бабаларымыздың ертеден-ақ түсініп білгендігін байқауға болады. Ал, асық ойыны бүкіл қазақ жерінде жалпы беттік жалпыласқандықтан, оның түрлері де бір шама мол, ойыншылар кезінде оны елдің қолы жұмыстан босаған жаз жайлауда, қыстауға барғаннан кейінгі қыстың ұзақ сары таңында, күннің жылымық байқатқан кейбір жайма шуақ кездерінде сыртқа мұз үстінде ойнаған. Тіпті, кейде асық құмар шеберлер мен сал-серілер дорбаға асық салып алып, ауылдан-ауылға, елден-елге өтіп, аты шыққан ойыншыларды іздеп барып өнер сынасқан. Тек наурыз айы туып, көктемгі күйек түскен шаруаның қаурт кезінде ғане асық ойнау ел ішінде жаман ырмға балаған, сондай болса ауыл жастары мен азаматтары және бала-шағалары осы бір ата-дәстүрімізге жетіп, байрғы мәдени мұраларымызбен қызықты көңіл қимылымыздың бір тамшысы есебінде тілге тиек болып отыр. Асық ойыны, әсілі жалпыласқан тәртібінде негізінен бір сақа, сан-санақсыз асқтардан құралып, бұзау тайыншалардың асықтары мен қой асықтарының ірісі, әсіресе, жасамыс ерек қойлардың асықтары, ойыншылардың келісімі бойнша сақа орнында пайдаланады. Кезінде мүмкін болғанда бұғы-маралдың не арқа-құлжаның асығынан сақа ұстау ерекше жоғары бағаланған. Тіпті, арқар-құлжаның асығын кейбір қол жеткен сал-серілерге, тамыр-таныс, ағайын-достарына сауға ұсынып, сәлемдеме орнында жіберген. Өйткені, бұл аңдардың асығы әдеттегі қой асықтарына қарағанда әрі ірі,әрі шымыр болып, сымбаттылығын қоса, ойында өте ұтымды болады. ал бұзау мен тайыншалардың асығында жоғардағы аң асықтарының қасиеті толық болмаса, әдеттегі қой асығынан мелжемділігі оның сақа болуына тимділік әкелді акелді. Асық ойынында сақаның атқаратын ролы өте жоғары болғандықтан, кейбір ойыншылар, сақаның тіпті де ұтымды болуы үшін асықтың мәлім бір жерін тесіп, ішін қуыстап, оған қорғасын құйып, аузын сүйекпен не сіңірмен бекітіп тастайды. Мұндай сақалардың салмағы ауыр болып, үйіргенде алшы түскіш келеді. Әрі басқалар атқанда оңайлықта ұшып кетпейді. Өзі тикен асықтарды алысқа ұшыра алады. Ал асық ойнына келсек, оның түрлері бір шама көп, әрі әр ойынның әр өңіріндегі атауы да, ойнауы да бір-біріне ұқсамайды. Деседе, осы ойын түрлерінің қай-қайсы болсын, бәрінің де өзіндік ойын басқыштары, қылып еткен қимылдан жаздыратын қатаң қағида-жосындар болған, ойыншының қайсарлығы мен қажырлығы, ептілігі мен мергенддігі соңғы жеңіс пен жеңілісті белгілейді. Төменде асық ойынының басты бір неше түрлерін жеке-жеке таныстырып өтейік.

Омпы ойыны
Асық ойнының балалар арасында бір шама көп таралған түрі, бұл негізінен сыртта ойналады. Онда әуелі диаметр екі де үш адым шамасында шеңбер. Шеңбердің дәл ортасында көлденең сызық сызылады да, ойыншылардың біреуі бірден асық шығарып, ең ірісін шеңбер ішіндегі сызық бойынада омпысынан, қалғандарын соның қасына алшысынан не тәйксінен тігіліп қойылады. Омпысынан тігілген асықтың белгісін айқындау үшін ең абзалы басқа түспен боялғаны болады. Осыдан кейін шеңбердің екі жағынан шамамен он адым қашықтықтан асық көздейтін тағы екі сызық сызылып, ойыншылар ендігі жерде, сақалын үйрісіп, кезек алысады. Онда, алшы-бірінші кезекте, тәйкі-екінші кезекке, бүк-үшінші кезекке, шік-төртінші кезекке ие болады. Сақалары ұқсас түссе, қайта ұйріп кезек алады. Осылайша, ойыншылар қолдарындағы сақалармен сызық бойында тұрып, шеңбердің ішінде тұрған асықтардың кезек көздеп, реті бойынша ойынды жалғастырады. Әрине, ойыншылардың бұл арадағы мақсаты шеңбердің ішнде тұрған омпыны шеңбердің сыртына шығару, егер кімнің сақасы тігілген асықтардың біреуіне тиіп, соны шеңберден шығарса, онда сол асықты ғане алады. Ал, шеңбердің сызығына бір табан жақын барып тұрып қалса, онда қарсы жақтағы сызықтан жалғасты көздейді. Бұл ойын барлық асықтардың шеңберден шығып болғанша жалғасады. Көздеген кезде сақа асқтарға тимей кетсе, сол ойыншы қалып кезек екінші адамға өтеді. Ол да бірнші ойншы сияқты омпыны атып шеңберден шықса, тігілген асықтарды түгел ұтады. Әйтпегенде бірден атып ойын жалғастырады. Көмбедегі асық таусылғанда ойыншылар бірден тағы да асық тігеді. Бұл ойынды кейде «шеңбер» деп те атайды. Хан ойыны Бұл ойынды сыртта, тегістеу жерде ойыншылар жеке-жеке де, одақтасып та ойнайды. Ойынға қажетті асықтардың санында шек болмайды. Тек, қос уысқа сиуды, тақ сан болуы шарт. Мәселен үш адам ойнаса, әр ойыншы оннан асық шығарып, оның үстіне бір хан қосып, жиыны отыз бір асықпен ойнауға болады. Бұл арадағы хан бәріне ортақ пайдаланылады. Әркім өз алдына жеке хан сайламайды. Хан сайланған асық өзге асықтардан өзгеше бояумен боялып, белгісі бір шама анық, әдеттегі асықтардан оңай парықталатын болса, соғұрлым жақсы. Хан ойынында ойншылардың ойын бастау кездегі сақа үйру әдісімен белгіленеді. Кімнің сақасы алшы түссе, ойынды сол адам бастап кезек қолдың оңынан солға қарай айналады. Егер кезек алу жолындағы бірнеше ойншының жалғасты сақа үйріп кезек белгілеседі. Ойын басталғанда, бастаушы барлық асқтарды қос уысына толтырып алып, шашып жібереді де, ендігі жерде асқтардың тұрысына қарай бүк пен бүкті, шік пен шікті, алшы мен алшыны, тәйкі мен тәйкіні өзара көтдеп атады. Әрі атып тигізген асғыс өзі алып отырады. Осылайша ойын алдыңғы келсім бойнша үш асық, бес асық немесе он асық атып аталғаннан кейін, енді хақнды атуға кезек келеді. Оны да сол ханның түскен асығмен ұқсас түскен асықпен атады. Яғни хан тәйкі тұрған болса тәйкімен, алшы тұрған болса алшымен атады. Бұл «хан бауыздау» деп аталады. Ханды атып алған соң, ханды атып алған сол асықпен, соған ұқсас жатқан тағы бір асықты атып алады. Бұл «ханның бауыздалуы» болады. Ал, хан бауыздалмай қалса, онда жаңағы атып алған асықтарын қосып, ойынды ендігі адамға өткізіп береді. Әдетте, ойыншы хан ойынында ханның түскімен ұқсас түскен асықтарды мүмкін бар қорғап қалып, оны хан бауыздауға істетеді. Енер ханға ұқсас түскен асық жоқ болса, басқа атқан асықтарынан соған ұқсас асық түсіруге мүмкіндік іздейді. Ал, атқан асық тимей кетсе немесе тиген күнде де, алған кезде қасындағы жанасып тұрған асықтарды қозғап кетсе, онда оны «қол күйді» немесе «хан күйді» деп атаа, сол ойыншы қалады. Сондықтан да хан ойыны асық ойындарының ішіндегі бір шама күрделі ойындарының бірі, ол ойыншылардың өте мерген, әрі епті болуын талап етеді. Хан ойынында әдетте асық бір саусақтың үшімен, көбінесе сұқ қол мен ортан қолдың үшімен атылады. Асық атқан қол сол асықтың орнында қалады. Асқты сүйреп атуға немесе ұстап алып лақтыруға болмайды. Атқан асық көздеген асыққа тимей немесе тиіп барып, басқа асықтарды қозғап кетсе, онда қалған емептеледі. Соңына қай ойыншының ұтып алған асығы өзі қосқан асықтан артық болса, онда ойншылардың ішіндегі ең аз асық атып алған ойншыға ұпай салған болады. Егер атып алған асығы өзі қосқан асықтан кем болса. Әрі ендігі жерде асық ойыншыға ұпай береді. Келергі жүрісті ханды ұтып алған ойыншы жалғастырады. Бұл жолы қарсы жақ ұпай салса, онда алдыңғы кезекте басқалардың өзіне салған ұпайын оған шегеріп тастайды. Асып кетсе, артық салған ұпай есептеледі. Жетпей қалса, қалғаны мойында тұра береді. Жалғасты салынған ұпайлар осылай үсті-үстіне қосылып шегеріп отырады. Соңында белгіленген сарған кім бұрын жетсе, сол жеңімпаз болып, қалғандардан ұпай алады. Хан ойынында ойыншылар әр жолы асық ашқанда, мүмкін бар асықтардың бір-біріне жанаспай, сүйенбей, мінгеспей еркін жатуына мүмкіндік іздейді. Егер асықтар үйіліп-төгілгенде солардың ішінен мәлім бір асықты атуға тура келіп, әрі оған дәл тигізсе, онда сол асықты өте ептілікпен баяу тартып алынады. Бұл ойын жолында «қимыл» деп аталады. Егер «қимыл» барысында үйіліп түскен асықтың бір жағы қозғалып қалса, онда сол ойыншы өз кезегінен айрылады. Егер ойыншы асықтарды алғаш шашқан кезде, ішінен кейбір асықтар омпысынан не шомпысынан түскен болса, немесе асық үйірген кезде хан басқа асықтардың астында көміліп көрінбей қалса, онда «қанталапай» басталады. Яғыни, әр бір ойыншы тез қимылдап шашылып жатқан асықтарды таласа-тармаса алады. Сонда хан кімнің қолында ілінсе, келергі астық шашу кезегі соған тиіп, жалғасты асық шашып, ойын жалғастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет