Дәріс 1. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
Мақсаты: денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді зерттеу
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу (қолдау) түсінігі
2.Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары
1.Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің біріне әрбір балаға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Балалардың сапалы білім алу құқықтары ҚР Конституциясымен, ҚР «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» заңдармен бекітілген. Әрбір баланы сапалы біліммен қамтамасыз ету ісінде мектептік популяцияда әлеуметтік мәдени факторлар немесе\және балалардың психофизикалық даму ерекшеліктерінің себебінен оқуда қандай да бір қиындықтарды сезінетін оқушылар кездесетінін де есепке алу қажет. Әсіресеоқудағы қиындықтар мүмкіндіктері шектеулі балаларда жиі кездеседі. Осыған байланысты мектептік ортада аталған санаттағы оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы білім беру жағдайларын құру өзекті мәселе болып отыр. ҚР «Білім туралы» заңында арнайы білім беру шарттарына кіретіндер: «мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың жалпы білім беру және кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларын меңгерулері арнайы тәсілдерсіз, техникалық және басқа да құралдарсыз, тіршілік әрекет ортасынсыз, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және т.б. қызметтерсіз мүмкін емес». Арнайы жағдайларды құруда оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу (қолдау) маңызды рөл атқарады.
Педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу – оқушының субъективті тәжірибесі мен жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оның жеке-тұлғалық қасиеттерін оңтайлы қалыптастыруға, танымдық дамуын оқу-тәрбие үдерісі арқылы қамтамасыз етуге бағытталған педагогтің және оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың біріккен іс-әрекетінің жүйесі.
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барасында әрбір баланың білім беру-тәрбиелеу үдерісінде өзінің мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтікпсихологиялық және педагогикалық жағдайқұрылатын балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оқудағы қиындық байқалымының анықтық деңгейіне қарай оқушыны қолдаудың түрі қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың нысаны білім беру (оқутәрбиелеу) үдерісі. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың мәні – баланың әлеммен, қоршағандармен (ересектер, құрдастары), өзімен-өзілік қатынастың жүйесі ретіндегі оның даму жағдайы.
Психологиялық-педагогикалық қолдау мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған және арнайы білім беру жүйесінде әзірленген және жүзеге асырылған технология болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері:
- психологиялық-педагогикалық қолдауға қажеттілік анықтала салысымен бірден онымен қамтамасыз ету;
- қалыпты дамыған балаларды оқытуға қатысты қолданылмайтын оқытудың арнайы құралдары мен тәсілдерін пайдалану;
- оқытудың таңдалған бағдарламасының баланың даму деңгейіне, шынайы жетістіктеріне (білім беру мониторингісі) сәйкестігін үнемі бақылау;
- балалардың психосоматикалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін кеңістіктік және мезгілдік білім беру ортасын ұйымдастыру;
- баланықоршаған барлық ересектердің оның білім алудағы ерекше қажеттіліктерін шешуге қатысуы.
2.Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
1) бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық тәсілдемелері..
2) Білім беру үдеріндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі.
3) Қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру.
4) Қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау.
5) Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялықпедагогикалық қолдау бойынша шараларға ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымын белсенді тарту.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: - Жалпы білім беру үдерісіне қосылған мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі?
- Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды педагогикалық қолдаудың түрлері мен кезеңдері, мамандар
Әдебиеттер тізімі: 1. Включение детей с ограниченными возможностями здоровья в программы дополнительного образования: Методические рекомендации / под ред. А.Ю. Шеманова. – М. 2012. – 213 с.
2. Григорьева, Л.Г. Дети с проблемами в развитии. – М.: Академкнига, 2002. – 213 с
3.Егоров Т.В. Социальная интеграция детей с ограниченными возможностями: Учеб.пособие.-Николаев. 2012.