Дәріс Әдебиетті дәуірлеу пәнінің мақсат-міндеттері. Әдебиеттің өзіндік көркемдік даму ерекшеліктері. Практикалық сабақ 1



бет7/14
Дата14.02.2023
өлшемі58,09 Kb.
#67853
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Ä?ð³ñ ?äåáèåòò³ ä?ó³ðëåó ï?í³í³? ìà?ñàò-ì³íäåòòåð³. ?äåáèåòò³? ?

Тотемизм – адам, яки ру-тайпа белгілі бір жануардан, өсімдіктен, немесе желден, күн сәулесінен, я болмаса басқа бір ғажайып нәрседен туады деп илану және сол бабасының керемет қасиеттері ұрпағына дариды деп түсіну. Бұл пайым Шыңғыс ханның күн нұрынан жаралғаны, Төстіктің анасы төстік жегеннен туғаны, Қобыландының шешесі қабыланның жүрегіне жерік болуы, Алпамыстың әулиеден, ал Едігенің пері қызынан тууы сияқты мотивтерге негіз болған. Кейбір ертегілерде кейіпкердің атасы – аю, қасқыр сияқты жыртқыш аңдар болып келеді. Енді бір мифтерде адам мен тылсым өкілдерінің үйленіп, олардан туған бала ғажайып күштің немесе басқа бір керемет қасиеттің иесі болады. Осындай тотемистік ұғымдар ордалы жыланды, немесе ақ жыланды көрген, оларға жақсылық істеген кейіпкерлердің жан-жануар тілін білетін, я болмаса зор бақытқа кенелетін адам жайындағы ертегілерде де бой көрсетеді.
Магия – алғашқы қауымда пайда болып, кейін әртүрлі өзгеріске ұшырап, әлі күнге дейін ел арасында сақталған сөздің немесе басқа бір іс-әрекеттің керемет қасиеті бар деп, олардың құдіретіне сену. Сөз, я болмаса бір іс-әрекет, ырым арқылы басқа адамға, затқа, аңға әсер етуге болады деген түсінік фольклорда кең тараған. Көптеген мифтер мен ертегілер осы магияны арқа тұтады, ондағы кейіпкерлер бірін-бірі оп-оңай, сиқыр, немесе дұға арқылы, я болмаса ишара, ниет көмегімен-ақ аңға, құсқа, хайуанға, өсімдікке, т.б. затқа айналдырып жібереді. Мұндай шығармаларды былай қойғанда, алғыс, қарғыс, бата секілді фольклор жанрлары түгелімен осы магияға негізделген. Магия пайдалы (оңды) және зиянды, тікелей және шалғай болып та келеді.
Табу – дүниеде зиянды күш көп, солардан аман болу үшін әртүрлі ырым, жоралғы жасалған, олар атқарылмаса, бақытсыздық болады деп сенген алғашқы қауым адамдары неше түрлі тыйым ойлап тапқан. Тыйымның түрлері фольклорда ғана емес, күнделікті тұрмыста да жиі кездеседі. Мысалы, бүйірді таянбау, шашты жалбыратпау, есікті кермеу, түнде суға бармау, қасқырдың атын атамау, ай сәулесінің астында ұйықтамау, т.т. Мұндай тұрмыстық тыйымның көбісі ескі діни нанымдармен байланысты болса, енді біразы елдің өмір тәжірибесінен туындаған. Ал, фольклорда кездесетін табу – кейіпкерлердің тағдырына әсер ететін тыйым. Көп жағдайда ертегінің, дастанның қаһарманына белгілі бір тыйым салынады, алайда, ол тыйымды бұзады, соның кесірінен кейіпкер бір пәлеге тап болады. Ер Төстіктің жаңа түскен келіншегі Кенжекей қайын атасы Ерназарға Сорқұдықтың басына қонбасын деп, тыйым салады. Алайда, Ерназар оны тыңдамайды. Ақырында, оны жалмауыз кемпір ұстап алып, сүйікті ұлы Төстікті беруге мәжбүр етеді. Осылай тыйымды бұзып, сорға ұшыраған Төлеген, Мамай, Едігенің әкесі, т.б. қаһармандар тағдырында ежелгі табудың, яғни алғашқы қауым адамының дүниетанымы жатқанын айғақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет