Дәріс Әдебиетті дәуірлеу пәнінің мақсат-міндеттері. Әдебиеттің өзіндік көркемдік даму ерекшеліктері. Практикалық сабақ 1


Дәріс 3-4. Әдебиет тарихын зерттеуде қолданылып жүрген зерттеу әдістері. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісінің басталуы. Тарихшылдық принципі



бет3/14
Дата02.12.2022
өлшемі58,09 Kb.
#54480
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәріс 3-4. Әдебиет тарихын зерттеуде қолданылып жүрген зерттеу әдістері. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісінің басталуы. Тарихшылдық принципі

Практикалық сабақ 3-4.
3.1Қазіргі тарихи дәуірлеудің әр түрлі ұстанымдары
3.2Қазіргі отандық әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістері
4.1Кеңестік әдебиеттану ғылымының методологиялық негізі
4.2. Қазақ әдеби тарихының өркендеу кезеңдер.

Әдіснама – ақиқатты танытуға жетелейтін бағыттарды қарастыратын, ғылыми проблемаларды жүйелеп, оларды шешетін әдіс-тәсілдерді зерттейтін ғылым. Бүгiнгi таңда қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы да арнайы зерттеу жүйесiне айналып, кезең-сала бойынша кең көлемде қарастырылу үстiнде. Олар, негiзiнен:


-Көшпелі тайпалық әдебиет
-Ежелгі дәуір әдебиеті
-XV—XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
-XIX ғасыр — XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет
-Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
-Тәуелсіз қазақ әдебиеті- болып жүйе құрағанын аңғару қиын емес. Алайда, ұлттық әдебиет тарихын дәуiрлеу мәселесi, әдеби мұраны игеру жайы, түпнұсқа тағдыры т.т. ойласу ретiнде қайсiбiр iзденiс, еңбектерден бой көрсетiп қалады. Бұл бағытта ақпарат құралдарында әр алуан ұсыныстар айтылуда. Ш. Елеукенов “Революцияға дейiнгi қазақ әдебиетi тарихын кезеңдеу хақында ойлар” , С.Қирабаев “Кеңес дәуiрiндегi қазақ әдебиетi” , С.Қасқабасов “Түпнұсқамыз түгел ме?” , “Нарық және мәдениет” , Р.Тұрысбек “Кiмдi үлгi, ненi нұсқа етемiз?” , “Әдебиет пен ар сынасыз ұғым” , Б.Әбдiғазиұлы “Туған әдебиет тарихы және жаңа көзқарас” ) еңбектерінде қазақ әдебиетінің жаңа тарихы қандай болу керек? Нендей мәселелерге маңыз берiп, назар аударған жөн? - деген сауалдарға жауап беруге тырысқан.
Кеңес өкiметi орнағаннан кейiнгi 30–40 жыл iшiнде қилы заңсыздықтар мен негiзсiз айыптаулар жөнiндегi айтыс, пiкiрталастар да жiтi көзбен қарауды қажетсiнедi. Бұл ретте “Әдебиет пен өнер мәселелерi бойынша 30–40 жылдар кезеңi мен 50-жылдар басында қабылданған қаулыларды зерттеу жөнiндегi Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң қорытындысы” – сол бiр сұрапыл әрi сергелдеңi мол өткенiмiздi терең зерттеп, таным таразасына салуды мiндеттейтiн қажеттi құжат. Осы құжаттардан Кеңестiк жүйе тұсындағы партиялық саясаттың салқыны тиген негiзсiз кiнә, қаралаулардың сырын терең аңғаруға болады. Мәселен, ақын С.Сейфуллиннiң “Көкшетау” поэмасы “...феодалдық-рулық ескiшiлдiктi дәрiптеген”, сыншы Ғ.Тоғжановты тарих пен өнер теориясын “плехановша түсiндi”, ауыз әдебиетiмiздiң iрi өкiлдерi: Бұхар мен Базар жырау, Дулат пен Мұрат, Шортанбай, т.б. “шығармалары феодалдық-реакциялық, буржуазиялық-ұлтшылдық және дiншiл шығармалар деп танылады”. Сондай-ақ, әдебиетiмiздiң көрнектi тұлғаларының “жекелеген шығармалары идеялық жағынан зиянды, ұлтшыл және саяси тұрғыдан қате” деп айыпталса, олардың еңбектерi “ғылыми қолданыс пен оқулықтардан алып тасталды”. Мұндай кiнә, кiнарат тағылған – жолсыз жазаның құрбандары туралы шындық ендiгi жерде толық қалпына келтiрiлуi керек. Бұл – бүгiнгi уақыттың талабы.
Әдебиеттану ғылымының қыр-сыры мен келелi келешегiне қатысты кейбiр көзқарастарды да еске алу артық емес. Мәселен, академик М.Қаратаевтың “Туған әдебиетiмiздiң толымды тарихын жасайық” , әдебиет зерттеушiсi Т.Кәкiшевтiң пiкiрталас ретiнде жазылған “Қағидаға айналған қателер түзелсе” және Ш.Елеукеновтiң “Жаңа жолдан” – “С новой строки” кiтабындағы (1989) “Бетбұрысты бетке алып...” атты, әдебиетіміздің ақтандақ беттері, 1988 жылы ақталған бесарыс боздақтар – М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығармагерлігі туралы алғаш жазылған мақала, зерттеулерiн осы бағыттағы жанашыр ой, қамқор көңiлден туған iзденiстер ретiнде қабылдаған орынды. Сондай-ақ, Д.Әшiмхановтың “Даму мен дағдарыс” атты кеңес дәуiрiндегi әдебиетiмiздiң “ұзақ жолына қысқа шолу” жасап, ондағы сiлкiнiстер мен iркiлiстер хақындағы ой-пiкiрлерiн, ақын-әдебиетшi Ш.Сариевтiң “Қазақ әдебиетi тарихын қайта қарау керек пе” сынды мақаласын, ғылым докторлары Ж.Дәдебаевтiң “Көкжиектi түрiп тастағың келедi” , Б.Кәрiбаеваның “Қалам құдiретiн тұшынғым келедi” , Б.Ыбырайымның “Ұлттық рух және әдебиет” атты көзқарас-саралаулары, осы бағыттағы оң қадам.


Бүгінгі орыс әдебиеттануын зертеудің үш үлкен бағыты қалыптасқан.

  1. М.М. Бахтин теориясы негізінде оның ойын дамытушылар Ю.М.Лотман, Г.С. Кнебе, Н.И.Конрад,В.Н.топоров т.б. Бұлардың зерттеуінің басты ерекшелігі дүниежүзілік әдебиет пен мәдениет төңірегінде болғандықтан кең көлемде сұранысқа ие.

  2. Д.С.Лихачев, В.В.Кожинов, Б.Г. Ганчаров, М.Л. Госпаров т.б. Бұлар тек орыс әдебиетінің ұлттық мүддесін зерттеушілер.

  3. Діни әдебиеттанулық (религиозная литературоведение) бағыт. Н.Бердияев, В.Вейдле, Т.А.Касаткина, А.Жақсылықов т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет