Дәріс Әдебиетті дәуірлеу пәнінің мақсат-міндеттері. Әдебиеттің өзіндік көркемдік даму ерекшеліктері. Практикалық сабақ 1


Дәріс 15 Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті



бет14/14
Дата02.12.2022
өлшемі58,09 Kb.
#54480
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің теор. негіздері ДОКТ-лекция

Дәріс 15 Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті


Практикалық сабақ 15.
15.1Қазіргі әдебиет тарихы: сан мен сапа. Жаңа көзқарас.
15.2Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеудің қазіргі жай-күйі

ХХ ғасыр аяғы, ХХI ғасырдың басында қазақ әдебиеті ел тәуелсіздігі жағдайында дамуға бет алды. Азаттық ауаға қоса, демократия күні туды, тілден тоталитаризм кісені алынды. Ендігі көркемсөз, бейнелеп айтқанда, тәуелсіз елдің еркін тынысты әдебиеті болады.


Тәуелсіздiк дәуiрi он жылдық әдеби процесс арнасын жаңа бағытқа бұрды. Ел көңілінің гүлiн ашқан әдеби дәуiрдiң алғашқы жемістерін тере де бастадық. Сөз өнерiнiң зор саласы – проза, жетекші жанры – роман бабында екені ерекше қуантады. Әбдіжамил Нұрпейісовтің “Соңғы парыз” роман-дилогиясы, Зейнолла Қабдоловтың “Менің Әуезовiм” роман-эссесі, Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша”, Мұхтар Мағауиннің “Мен”, Қалихан Ысқақовтың “Ақсу – жер жаннаты”, Рамазан Тоқтаровтың “Абайдың жұмбағы”, Әкiм Таразидiң “Жаза”, Төлен Әбдiковтың “Парасат майданы”, Софы Сматайдың “Жарылғап батыр”, Қабдеш Жұмаділовтың “Дарабоз”, Қалмұқан Исабаевтың “Шоң би”, Баққожа Мұқайдың “Өмірзая”, Оразбек Сәрсенбайдың “Шеңбер”, Кәдірбек Сегізбайдың “Беласқан”, Бексұлтан Нұржекеұлының “Әйел жолы жіңішке”, Тұрсынхан Зәкенұлының “Көк бөрiлердiң көз жасы”, Жанат Ахмедидiң “Шырғалаң”, Хасен Әдiбаевтың “Отырар ойраны”, Ұзақбай Доспамбетидiң “Қызыл жолбарыс”, Асқар Алтайдың “Алтай новелласы”, Әлiбек Асқардың “Өр Алтай, мен қайтейiн биiгiңдi”, Смағұл Елубайдың “Мiнәжат”, Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Айқай” атты шығармалары, т.б. қазақ прозасының он жылдығы аса шабытты, мол табысты еңбек кезеңіне айналып кеткенін көрсетеді.
Поэзияның дамуы қоғамдық ой-сананың дамуынан тысқары қала алмайды. Тiптi, поэзиялық шығармаларды тану, түсiну, түйсiну, қабылдаудың да қоғамдық жағдайға, идеологиялық ықпалға қатысты болатынын ұмытпауымыз керек. Академик Серiк Қирабаев: “Тәуелсiздiк бiздiң ұлттық идеологиямыздың негiзi болуы керек” - деген ойды ортаға тастағанда, ең алдымен, бiздiң рухани, мәдени, тарихи, саяси, экономикалық, т.б. құндылықтарымыздың бәрi тәуелсiздiктiң арқасында бағалы, ендеше соның бәрi ұлттық тәуелсiздiгiмiзге қызмет етуге тиiс деген тұжырым жасаған.
Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi алғашқы онжылдықта жарық көрген: 1991 жылы – А.Бөкеновтiң “Салбуырын”, Е.Раушановтың “Ғайша-Бибi”, 1992 жылы – М.Айтхожинаның “Жапырақ сiлкiнген кеш”, Т.Тұяқбаевтың “Жан дауысы”, Б.Үсеновтiң “Табиғат терезесi”, С.Нұржановтың “Аруана”, Г.Шәмшиеваның “Қаракөз дәурен”; 1993 жылы – Т.Әбдiкәкiмовтiң “Ақшам хаттары”, Г.Өмiрзақованың “Жапырақ-ғұмыр”; 1994 жылы – С.Сейiтовтiң “Серпер”, Ә.Қайранның “Мазасыз әлем”; 1995 жылы – Х.Ерғалидың “Сонеттер”, Ә.Сәрсенбайұлының “Ғасыр мен ғасыр беттесе”, Қ.Шаңғытбаевтың “Махаббат пен ғадауат”, Қ.Бұғыбаеваның “Қоштасқым келмейдi”, Е.Раушановтың “Қара бауыр қасқалдақ”, Н.Мәукенұлының “Бойтұмар”, А.Шәрiповтiң “Құбыла”, Қ.Исаның “Керiмсал”, Г.Салықбаеваның “Жан”, А.Әлiмғазыұлының “Жаралы Желтоқсан”; 1996 жылы – Ө.Нұрғалиевтiң “Афина мектебi”, А.Егеубайдың “Аламан”, К.Ахметованың “Күн шыққанда күлiп оян”, Иран-Ғайыптың “Жыр әлемi”, “Қорқыттың көрi” (2001), Ж.Бөдешұлының “Жұлдызға орнын Ай бермес”, М.Ақдәулетұлының “Дәруiшнама”, А.Әлiмнiң “Ай нұры алақанымда”, Ғ.Жайлыбайдың “Жүрегiмнiң жұлдызы”, Ә.Ыбырайымұлының “Пiр мен пырақ”, Б.Жетекбайдың “Күндiз аққан жұлдыздар”, Т.Молдағалиевтiң “Жаз да өтiп барады”; “Бiр асудан асқанда”, “Ұзара бер, ұлы жол” (1997), “Сағындырған көктемдер” (2001), С.Жұбаниязовтың “Жасыл әлем”; 1997 жылы – Қ.Мырза Әлидiң “Заман-ай!”, “Алаштың арманы” (2001), С.Дәуiтұлының “Сарыбел сазы”, А.Шаяхметтiң “Жұлдызды дәуiр”, Т.Рақымның “Дүлдүл көңiл”, Н.Оразалиннiң “Құралайдың салқыны”, “Ғасырмен қоштасу” (2001); А.Сейтақтың “Ғұмырнама”, А.Жылқышиевтiң “Таң самалы”, Б. Телтаевтың “Өлеңбаян”; 1998 жылы – Т.Жанғалиевтiң “Жұмаққа бiздер бармаймыз”, О.Тұржанованың “Шерқала”, Ә.Қайырбековтiң “Шер шертер”, М.Әкiмхановтың “Жалғыз арша”, Ж.Дәрiбаеваның “Бiздiң жақтың аспаны”, Н.Исабаевтың “Қимаймын сенi”; 1999 жылы – Т.Медетбектiң “Тағдырлы жылдар жырлары”, С.Тұрғынбекұлының “Жерорта”, Қ. Ахметовтың “Қос арна”, Е.Асқаровтың “Астана жұртын айналсам”, Д.Стамбекұлының “Жұмағым мен тамұғым”, Қ.Шолақтың “Көксеңгiр”; 2000 жылы – Т.Әбдiрахманқызының “Замана сазы”, К.Салықовтың “Сәбит аға”, “Түркiстанға тағзым”, М.Шахановтың “Жаңа қазақтар”, Е.Әукебаевтың “Күн мен көлеңке”, Н.Айтұлының “Рухымның падишасы”, С.Ақсұңқарұлының “Адам ата – һауа ана”, Ұ.Есдәулеттiң “Киiз кiтап”, О.Асқардың “Орбұлақ”, Қ.Әлiмқұловтың “Жан тұңғиығындағы жауһарлар”; 2001 жылы – Д.Әбiловтiң “Жолаушы өмiр”, М.Рәштiң “Киелi домбыра”, А.Шамкеновтiң “Ортақ үй”, М.Айтхожаның “Аңсау”, Т.Қажыбаевтың “Жетi желi”, А.Бақтыгерееваның “Ақ шағала”, Ә.Рахымбекұлының “Айдынынан айрылған, Аралым-ай!”, С.Адайдың “Әр қазақ – менiң жалғызым”, Т.Әбдiкәкiмовтiң “Ырауан”, И.Сапарбайдың “Махаббат пен ғадауат”, М.Қайыңбаевтың “Жарғақтағы жазбалар”, Б.Бекетованың “Көлбастау”, К.Құмарұлының “Кәрiбоз”, Қ.Жұмағалиевтiң “Күншуақ”, М.Бектемiрованың “Еңлiкгүл”, Ж.Әскербекқызының “Қаракөз – бұлақ”, т.б. жыр жинақтары шыққан.
Тоқсаныншы жылдардың орта тұсына дейiн жарық көрген көптеген жыр кiтаптары елiмiз егемендiк алғанға дейiнгi дәуiрде жазылған өлеңдердi құрайды. Яғни, бiрен-саран туындылар болмаса, негiзiнен, өткен кезеңнiң жемiстерi. Оның себебiн ақындық дауыстың тоқсаныншы жылдардың басында өте бәсең естiлуiнен, рухани дағдарыстың салдарынан, кiтап шығару iсiнiң тоқырауынан, т.б. iздестiрген жөн шығар. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында қазақ поэзиясы да дағдарысты кезеңдi бастан өткердi.
Қазақстан тәуелсiздiгiнiң онжылдығына орай “Отырар кiтапханасы” сериясы бойынша 2001 жылы республика баспаларынан бiрнеше жыр кiтаптары жарық көрдi. Бұлар: Д.Қанатбаевтың “Жатаған ымырт, биiк таң”, К.Ахметованың “Тәуелсiздiк сөзi”, Н.Бәдiғұлдың “Сыбаға”, Ә.Дастанұлының “Мың сөз”, Қ.Күзембаевтың “Наз бен нала”, Қ.Жылқышиевтiң “Асаукер”, Т.Сарыбайұлының “Дария – дәурен”, Б.Серiкбайұлы Қошым-Ноғайдың “Сам жамыраған шақ”, Қ.Бегмановтың “Сағыныш”, Ғ.Жайлыбайдың “Құсқанаты”, Б.Жақыптың “Қолтаңба”, Е.Жақыпбековтың “Аяулым”, Ш.Жұбатованың “Гүлдегенде алма ағашы”, О.Асқардың “Тәуелсiздiк тартулары”, Б.Үсеновтың “Маңдайыма жазылған мәңгiлiгiм”, Қ.Жұмаханұлының “Жүрек әнi”, Г.Салықбаеваның “Аспандағы аңсарым”, Ш.Әбдiкәрiмовтың “Байқоңыр”, Р.Ниязбековтың “Тыңда менi, замана!”, С.Мұқтарұлының “Қарашаңырақ”, Қ.Iлиясұлының “Тас жарған”, Ғ.Жандыбайдың “Ақ теңiз”, Т.Оразбайқызының “Ғашық едiм”, К.Қанапияұлының “Сарыала қаз – сағыныш”, сондай-ақ әдебиетке тәуелсiздiк жылдары келiп қосылған жаңа есiмдер, жас толқындар – Ж.Сәрсектiң “Жүрегiмнiң iшiндегi жүрегiм”, Е. Алаштуғанның “Тақсыр күн”, Ж.Әшiмжанның “Тұңғиық”, С.Қамшыгердiң “Сәйгүлiк”, А.Исадiлдiң “Жолдар, жолдар”, Г.Ибашеваның “Өмiр құйын”, А.Шегебайдың “Алакеуiм”, Б.Айтболатұлының “Көзмоншақ”, А.Ақын-Бабақызының “Мен – Алтайдан ұшқан Ақсұңқар”, Ж.Әскербекқызының “Қаңтардағы қызыл гүл”, Б.Бабажанұлының “Көкемарал”, Д.Берiкқажыұлының “Қынаптан шыққан қылыш”, Ә.Балқыбектiң “Сынған сәуленiң сынығы”, Б.Алдияровтың “Қазығұрт”, М.Ершутегiнiң “Жапырақ ғұмыр”, Т.Толқынқызының “Бiз – таулықпыз”, Н.Бердалының “Жаңбырлы түн”, А.Шамшадинованың “Жанар”, Б.Халиолланың “Жұмбақ қыздың жанары”, Р.Есдәулеттiң “Бөрiнама”, Р.Сейiлханованың “Мендегi бiр әлем”, Т.Қамзиннiң “Аспан” атты т.б. жыр жинақтары қазақ поэзиясының арнасы ортая бастаған дариясын толтыруға қосылған үлес болды. Әрине, бұл жыр жинақтарының әрқайсысының арқалаған жүгi, айтар сөзi, уәделi қадамдары бар. 2000 жылы “Өлке” баспасынан “Жас ақындар жырларының антологиясы” шықты. Әсiресе, жас толқынның қазақ поэзиясына мол қуатпен, үлкен үрдiспен келiп қосылғаны қуантады.
Жалпы, осы онжылдықта әртүрлi баспалардан ақындардың жүзге тарта жыр жинақтары жарық көрсе, соның тең жартысына жуығы 2001 жылы “Отырар кiтапханасы” сериясымен шыққаны белгiлi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет