Дәріс 2. Әдебиет тарихын зерттеудің әдіснамалық негізі.
Практикалық сабақ 2.
2.1. ХІХ ғ. Еуропадағы және орыс академиялық әдебиеттану арасындағы мектептер
2.2 Алғашқы баспасөздегі тарихи дәуірлеуге қатысты кейбір пайымдаулар
XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарымқатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты.Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм мен Вильгелм Гриммқалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы
идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі –Ипполит Тэн. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнерзерттеушісі Ипполит Тэн. Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну. Теодор Бенфэй. Салыстырмалы-тарихи (компаративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы. А.Н.Веселовскийдің көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо (Салыстырмалы әдебиеттану принциптерін, 1972), Д.Дюришин (Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы, 1979) т.б. Психологиялық мектеп және А.Потебня. Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон, Бенедетто Кроче есімдерімен тығыз байланысты ағым-интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуция арқылы ғана ашу. XX ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд енгізген жаңалық. «Психоанализге кірспе», «Тотем мен табу», «Мен» және «Ол» еңбектері, сондай-ақ Ф.Достаевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама.
Алғашқы қазақ баспасөз беттерінде әдебиетті дәуірлеуге қатысты құнды пікірлер білдірген зеріттеушілер бірқыдыру. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы, «Садақ» әдеби қолжазба журналы, «Кедей сөзі» газеті, «кедей тілі» газеті, «Бостандық туы» газеті сияқты мерзәмдә баспасөз беттерінде әдебиеттану ғылымына байланысты пікірлер жазылды. Осы кезеңдегі әдебиеттану ғылымына қатысты пікір жазған ғалымдар: М. Сералин, А. Байтұрсвнұлы, С,Торайғыров, Ә.Бөкейхан,Б, Майлин,Қ. Кемеңгерұлы, Р. Марсекұлы, т.б.
Аталған ұлт жанашырларының ішінде Райымжан Марсекұлы қазақ әдебиетін үш дәуірге бөледі:
Қазақтың ауыз әдебиеті;
Алғашқы жазба әдебиеті туа бастағандағы ауыз әдебиетінің қайталану процесі;
Жаңа әдебиет дәуірі.
Достарыңызбен бөлісу: |