Дәріс Әдебиетті дәуірлеу пәнінің мақсат-міндеттері. Әдебиеттің өзіндік көркемдік даму ерекшеліктері. Практикалық сабақ 1


Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. XV-XVII ғ.ғ



бет6/14
Дата02.12.2022
өлшемі58,09 Kb.
#54480
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің теор. негіздері ДОКТ-лекция

Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. XV-XVII ғ.ғ.;

  • ХІХ ғ. Алғашқы жартысындағы әдебиет;

  • ХІХ ғ. Екінші жартысындағы әдебиет;

  • ХХ ғ. Алғашқы 20 жылдығындағы әдебиет

  • Совет әдебиет. Осылай басталған жүйелі зерттеу соғыс салдарынан аяқсыз қалады.

    1975 жылы шыққана «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» деген еңбегінде жоғарғыдағы кезеңдерге бірінші етіп « Бұрынғы әдебиет» (V-XV ғ.ғ.) деген кезеңді қосады.
    Дәріс 8 Ежелгі замандағы рухани мәдениет


    Практикалық сабақ. 8
    8.1 Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті
    Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра. Ол – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі, сондықтан көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, – бір жағынан, фольклор, өйткені, олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар – екінші жағынан, сол дәуір қоғамының мәдениеті болды, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен айтылған әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әртүрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар, түптеп келгенде, сол бір көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді.
    Қазақ фольклорында осы айтылғандардың барлығы кездеседі десе де болады. Атам заманда ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың әрі дүниетанымы, әрі рухани мәдениеті болған діни нанымдар мен әртүрлі ырым-кәделер, мифтер түрінде өмір сүрген ежелгі фольклор бізге мұра болып та жеткен. Солармен бірге әр кезең қоғамында пайда болған басқа да көптеген ұғымдар мен түсініктер, мифтер мен әңгімелер де фольклорлық дүниелер болып, сол әр заманның белгі-бедерін, түсінік-пайымын да сақтап келген. Солардың бәрінің басы фольклорда қосылады. Алғашқы қауымға тән дүниетаным мен діни нанымдардың қазақ фольклорындағы көрінісі болып анимизм, тотемизм, магия, табу, сондай-ақ рулық қауымның дамыған тұсында қалыптасқан шамандық түсініктер мен аруаққа табыну есептеледі.
    Анимизм – адамзаттың ең ерте кезеңінде пайда болған нанымның бірі. Бұл наным бойынша дүниедегі нәрсенің бәрі жанды, өлі мен тірінің, адам мен табиғаттың бір-бірінен еш айырмасы жоқ. Алғашқы қауым адамы өзін табиғаттан, жан-жануардан бөлмеген, яғни «адам мен табиғаттың теңдігі» туралы заң қалыптасқан. Адам өзін қоршаған ортадағы нәрсенің бәрі адам сияқты жанды нәрсе, олар адамша тірлік етеді, сондықтан олармен адам тікелей араласа алады, оп-оңай бір-біріне ауысады, құбылып, бірі-бірінің кейпіне ене алады, тілдеседі деп нанған. Мұндай анимизм фольклорда, әсіресе, миф пен ертегіде жиі кездеседі: адам оп-оңай аңның немесе басқа бір нәрсенің түріне енеді; я болмаса, хайуан адам кейпіне ауыса алады, ол адамша сөйлейді; немесе адам мен жануар үйленіп, бірге ғұмыр кешеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет