Дәріс энергетикалық қондырғылар. Іштен жанатын қозғалтқыштар (ІЖҚ)



бет13/28
Дата01.02.2023
өлшемі1,12 Mb.
#64369
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
daris konspekti

Та = ( То +∆t+ γr Тr) / ( 1+ γr). (31)
Сору барысының көрсеткіштері:
1.Сору барысы қозғалтқыштың нағыз жұмыс істеу кезінде піспек ЖӨН-ден өте сала басталмайды, ол одан кешірек басталады. Себебі, цилиндр ішіндегі қалдық газ қысымы сырттағы ауаның қысымынан артық болады да цилиндр ішіне сырттағы ауа немесе жану қоспасы кіре алмайды.
2. Цилиндр ішіне кіретін ауа немесе жану қоспасының жүріс жолында кедергілер пайда болады да оның қысымын сырттағы қоршаған ауаның қысымынан кемітіп жібереді.
3. Сырттан келетін ауа немесе жану қоспасының қалдық газбен араласқандықтан ғана оның температурасы жоғарыламайды, бұдан басқа ол қызып тұрған қозғалтқыш бөлшектерімен жанасқандықтан өзінің температурасын арттыра түседі.
4. Осы айтылған себептердің салдарынан газдың негізгі көрсеткіштері, яғни қысымы мен температурасы, өзгереді. Соның салдарынан сорылған газдың тығыздығы да өзгереді. Олай болса оның цилиндр ішіне кіретін мөлшері де өзгереді. Көбінесе оның цилиндр ішіне кіретін мөлшері азайып қалады.
Цилиндр ішіне сорылып кірген ауа немесе жану қоспасының қысымы сору жолындағы аэродинамикалық кедергіні есепке алғанда сырттағы ауа қысымымен (ро) бірдей болмайды, оны мына өрнектің көмегімен анықтауға болады:
ра = ро - ∆ра, (32)
мұнда ∆ра – сору жолындағы аэродинамикалық кедергілердің әсерінен қысымның азаю мөлшері.
ра мөлшері жуықша түрде Бернулли теңдеуі бойынша анықталуы мүмкін
МПа,
мұндағы ξ – кіргізу жүйесінің ең тар қимасына қатысты кедергі коэффициенті; β – цилиндрдің қарастырылып жатқан қимасында заряд қозғалысы жылдамдығының азаю коэффициенті; ω – еніп жатқан жаңа зарядтың отетін клапандағы жылдамдығы, м/сек; ρк, ρо – зарядтың кірістегі тығыздығы сәйкесінше үрлеу және үрлеусіз кезінде (pк=pо кезінде ρк= ρо).

Бұл көбінесе сору жолының ұзақтығына, оның пішіні мен ішкі қабырғасының өңделу сапасына және газдың жүру жылдамдығына байланысты болады. Неғұрлым қозғалтқыштың айналу жиілігі артқан сайын, сору қысымы соғұрлым азая түседі. Сондықтан, да бұл көрсеткіш әрбір қозғалтқыштарда жеке түрде тәжірибе арқылы анықталынады. Сору барысының соңындағы температураны мына теңдеу арқылы анықтауға болады:


Тао + ∆ Т1 + ∆ Т2 , (33)
мұнда: ∆Т1 – сорылған газдың қозғалтқыштың қызып тұрған бөлшектерімен жанасудың салдарынан температурасының артуы; ∆Т2 – сорылған газдың қалдық газбен араласқандығынан температурасының артуы.
Жуық есептегенде қалдық газдың бір пайызы сорылған газдың температурасын 8оК арыттырады. Сондықтан, былайша жазуға болады:
Т2 = 8 γr , оК, (34)
мұнда γr= 6...16 % карбюраторлы, ал γr= 3...6 % дизельді қозғалтқыштар үшін қалдық газ мөлшерінің пайызы.
Жоғарыда көрсеткендей іштен жанатын қозғалтқыштардың жұмыс істеу кезіндегі сору барысының нақты көрсеткіштері теориялық мәнінен өзгешешелеу болады. Олай болса сору барысы кезіндегі цилиндр ішінің ауамен немесе жану қоспасымен толуы да өзгеше болады, яғни қозғалтқыш қажетті ауамен немесе жану қоспасымен қамтамасыз етілмей қалуы мүмкін. Сондықтан, осы көрсеткіштер цилиндірдің толу коэффициенті (ŋv) арқылы есепке алынады. Ол цилиндр ішіне қажетті мөлшердегі ауаның немесе жану қоспасының қанша бөлігі кіргендігін көрсетеді, яғни:
ŋv = Мн /МТ= Vн / Vh, (35)
мұнда Мн, Vн – цилиндр ішіне кірген жаңа зарядтың нақты кмольдік мөлшері мен көлемі, МТ, Vh – цилиндр ішіне кірген жаңа зарядтың теориялық кмольдік мөлшері мен жұмыс көлемі.
(30) теңдеуден толтыру коэффициенті анықтайтын формуланы шығаруға болады
. (36)
Цилиндрдің толу коэффицентінің мәнін арттыру үшін көптеген тәсілдер қолданылады. Солардың негізгілеріне газ тарату механизмінің арнаулы диаграммасы мен цилиндірге үрлеп кіргізетін қондырғыны жатқызуға болады.
Соратын және шығаратын клапандардың ашылып-жабылатын кезеңдерін тездетіп немесе кешіктіріп жүргізетін болғандықтан, тоқтап қалған газ ағыны ертерек қозғалады да, жылдамдық алған газ ағыны екпінімен цилиндр ішіне кіре береді. Осылайша цилиндрдің толу коэффициентінің мәнін арттырады да, қозғалтқыштың жұмыс барыстарын жақсартады.
Осы мақсат үшін айтылған тәсілден басқа ауаны сору жолына оны цилиндр ішіне айдап кіргізетін арнайы сораптар қойылады. Сорап үшін көбінесе қозғалтқыштан шыққан газдың қалдық энергиясын пайдаланатын газ турбинасын қолданады. Сол турбина сору барысы кезінде ашылған клапан арқылы сырттағы ауаны цилиндр ішіне қысыммен айдап кіргізеді. Сондықтан да мұндай жағдайда цилиндрдің толу коэффициентінің мәні жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет