Дәріс энергетикалық қондырғылар. Іштен жанатын қозғалтқыштар (ІЖҚ)



бет15/28
Дата01.02.2023
өлшемі1,12 Mb.
#64369
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
daris konspekti

Ұсынатын әдебиеттер: 1 [62 – 69, 95 – 114]; 2 [95 – 117, 62 – 69]; 8 [51–78];
Тексеру сұрақтары
1. Цилиндрдегі сору барысы қалай жүреді?
2. Сору барысы кезінде қалдық газ цилиндр ішінде қалай пайда болады?
3. Сору барысының көрсеткіштерін (қысым мен температурасын) қандай формуламен есептеуге болады?
4. Қалдық газдың сору барысының көрсеткішіне әсері қандай?
5. Цилиндрді толтыру коэффициенті дегеніміз не?
6. Сору барысы қозғалтқыштың жалпы жұмысына қандай әсерін тигізеді?
7. Қысу барысының атқаратын қызметі?
8. Қысу дәрежесі деп нені айтады?
9. Дизельді қозғалтқыштарда қысу дәрежесін 78-ге дейін азайтуға бола ма?
5 Дәріс. Жану барысы
5.1 Жану барысының термохимиялық талдауы

Жану барысы қозғалтқыштың кіргізу мен ұлғаю барысының аралығында болады. Бұл кезде цилиндр ішінде өте күрделі құбылыстар пайда болады және олардың құбылу заңдылықтары да әртүрлі әдістер арқылы жүреді. Мысалы, карбюраторлы қозғалтқыштарда піспек ЖӨН-ге келген кезде, жану қоспасы бірден жанып бітеді де жану барысы газдың тұрақты көлемінде орын алады, яғни изохоралық барыс бойынша өтеді. Ал дизельді қозғалтқыштарда бұл барыс піспек ЖӨН-ге жеткенше жану қоспасының бір бөлігі жанады да, содан соң піспек ЖӨН-нен өтіп кеткеннен соң жану қоспасының қалған бөлігі жанады. Сөйтіп, дизельді қозғалтқыштарда жану барысы алды изохоралық барыстың, содан соң изобаралық барыстың заңдылығы бойынша жүреді. Олай болса жану барысы кезіндегі газдың көрсеткіштерін осы құбылыстарды есепке ала отырып анықтау қажет болады.


Карбюраторлы қозғалтқыштың индикаторлық диаграммасында жану барысының үш фазасын көрсетуге болады (8 сурет):
Ι фаза – бастапқы кезең ішінде піспек ЖӨН-ге шамалы жетпей тұрып (1 нүкте 8 сурет) ұшқыннан шағын ғана алғашқы жану ошағы пайда болады (шақпақ электродтары аралығында).
II фаза – негізгі екінші кезең ауқымында 2 нүктеден 3 нүтеге дейін алғашқы жану ошағы турбуленттік жалынға айналып, откамера көлемін түгелге жуық қамтиды (жану жылдамдығы 20-40 м/с) және қысым тез артады. Бұл фазаның ұзақтығы 20–30о айналу бұрышын түзеді.
III фаза – аяқталу кезеңінде, ұлғаю барысындағы 3 нүктеден 4 нүтеге дейін откамера бетінің қапталындағы, түрлі қалтарыстағы және жалын пердесінің артындағы жанып бітпеген қосынды жанады.



Сурет 8 – Иінді біліктің айналу бұрышына байланысты карбюратолы қозғалтқыштың индикаторлық диаграммасы


Бұл барыс фазаларының өту уақыты Тф мына формула арқылы анықталынады:


Τф =∆φ/ 6n, (43)
мұндағы ∆φ – иінді біліктің айналу бұрышы, градус; n – иінді біліктің айналу жиілігі, мин-1.
Дизельдегі жану барысы төрт кезеңде өтеді (9 сурет):
1. Тұтанудың кідіріс мерзімі 1 нүктеде жанармай бүркілген сәтінде басталады және 2 нүктеде тұтану сәті басталуы кезінде аяқталады. Индукция кезеңінде бүркілген жанармай тамшыларының қызуы кезінде жылу жұтылатын болғандықтан қысым біршама төмендейді. Бұл кезде жанармай бөлшектері тұтану температурасына дейін қызады және жану ошақтары пайда болады.
2. Жедел жану кезеңі 2 нүктеде басталып 3 нүтеде бітеді. От жалыны 20-40 м/с жылдамдықпен тарайды, қысым тез артады және жылу көп бөлінеді.
3. Жылу бөліну қарқыны айтарлықтай өзгермейтін тұрақты қысыммен жану кезеңі 3 нүктеде басталып 4 нүтеде аяқталады. 3 нүктеде жанармай әлі де цилинрдр ішіне қалың от ортасына бүркіледі. Сондықтан ол цилиндр ішінде жиналмай, бірден жанып кетеді. Қысым өзгермейтін себебі, 3 нүктеден бастап піспек төмен қарай жылжи бастайды.
4. Жанудың диффузиялық түрде аяқталу кезеңі 4 нүтеден кейін жалғасады (9 суреттегі 4-5 сызығы). Ұлғаю сызығы бойымен диссоциация өнімі жанады, олар карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда дизельді қозғалтқышта біршама аз болады, себебі 4 нүктеде температура 2300 оК тең, ал ол 5 нүктенікінен әлдеқайда төмен.
Нақты цикл барыстарын есептеп талдау үшін қажет газдың химиялық құрамы мен мөлшерін жанармай құрамындағы элементтердің түпкілікті химиялық тотығу реакциясы бойынша анықтайды.
Мөлшері 1 кг жанармайдағы негізгі элементтердің – көміртегі С мен сутегінің Н, сондай-ақ отын құрамындағы еріген оттегінің О массалық үлесін олардың таңбалары арқылы белгілей отырып, төмендегідей теңдеу жазуға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет