1860 жылы француз ғалымы, инженері Ленуар бірінші екі тактылы золотникті таратушысы бар қозғалтқышты құрған. Ол қозғалтқыш жарық беретін газбен электр ұшқынымен тұтанатын болып жұмыс істеген.
1876 жылы Отто екі есе аз газ жұмсайтын төрт тактылы қозғалтқышты құрған және ол өндірістік қолдануға жарамды болған. Ресейде газды қозғалтқыштарды өндіру Коломенск және де басқа зауыттарда 1908 жылы баталған.
Көлікте пайдаланатын бензинді электротұтандырғышы бар қозғалтқышты бірінші 1881 жылы орыс инженері И.С.Костович құрастырған.
1884 жылдан 1890 жылға дейін біраз мемлекеттерде ауыр жанармаймен жұмыс істейтін қозғалтқыштар пайда болған, оларда тұтандыру калоризатордың (жану камерасымен қосылған іші қуыс салмақты шар) көмегімен іске асырылған. Қатты қыздырылған шардың бетіне жанармай берілетін.
1889 жылы орыс инженері Г.В.Тринклер бірінші сығымдағышсыз төрт тактылы сығылудан тұтандырылатын қозғалтқыштың құрылыс жобасын ұсынған. Оның 1893 жылы неміс инженері Р.Дизель ұсынған қозғалтқыштан айырмашылығы, ол керасинмен емес, мұнаймен жұмыс істеген. Сондықтан бұл қозғалтқыштар кең таралған.
1906 жылы профессор В.И.Гриневецкий жұмыс циклының жылулыққа есептеу әдісін ұсынды және де одан кейінрек қос кеңею қозғалтқышын құрастырды. 1902÷1910 жылдар аралығында бірінші тракторда қолданылатын Я.В.Маминның сығымдағышсыз қозғалтқышы құрылған.
Тағыда 1906 жылы профессор В.И.Гриневецкий біріктірілген қозғалтқыштың жұмыс барыстарының теориялық негіздерін ойлап тапқан.
Гриневецкийдің жұмыс циклының жылулыққа есебін профессорлар Н.Р.Брилинг, Е.К.Мазинг, Б.С,Стечкин, В.И.Сороко-Новицкий, В.А.Петров, А.С.Орлин, академик Н.Н.Семенов әрі қарай дамытқан.
Жеңіл қозғалтқыштар динамикасы теориясының негізін құраушы – орыс ғалымы профессор Л.К.Мартенс болып келеді. Автотракторлық қозғалтқыштардың динамикасының дамуы және беріктікке есептелуінің колданылуы профессорлар Е.Д.Львов, Л.В.Клименко, И.Т.Нейман, В.Н.Болтинский және т.б. еңбектерінде орын тапқан.
Гидродинамикалық майлау теориясын профессор Н.П.Петров жасаған және ол теорияны П.И.Орлов автоқозғалтқыштардың мойынтіректерін есептеуге қолданған.
Тракторлық қозғалтқыштарды сынау әдістемесін профессорлар Д.А.Карельских және Я.И.Редкин алғаш рет ойластырып іске асырған.
1945 жылдан кейін А.А.Микулин, В.Я.Климов, А.Д.Швецов, А.Д.Чаромский, К.А.Константинов, В.М.Яковлев және т.б. құрылымы әр түрлі піспекті және біріктірілген іштен жанатын қозғалтқыштар жасаған.
Қозғалтқыш жасаудың дамуына сай ерекшеліктерінің бірі – соңғы отыз жылдары газтурбиналы үрлеуді кеңінен қолдану болып табылады, ол қозғалтқыштардың технико-үнемділік көрсеткіштерін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.