Біррангілі архитектура.
Біррангілі архитектура (peer-to-peer architecture) – бұл барлық қорлары компьютерлерге таралған ақпараттық жүйенің концепциясы. Бұл архитектура ондағы барлық компьютерлер тең болуымен сипатталады (2.4 сурет).
Біррангілі желілерге кез келген кіші жұмыс станциясы файлдық сервер және жұмыс станциясының қызметтерін бірдей орындай алатын шағын желілер жатады. Біррангілі ЛВС-те дискілік кеңістік пен кез келген компьютердегі файлдар бәріне ортақ болуы мүмкін. Қор ортақ болуы үшін, желілік біррангілі операциялық жүйелердің қашықтан қатынау қызметтерін қолданып, ортақ пайдалануға беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |