Клиент-сервер архитектурасы
Клиент-сервер архитектурасы (client-server architecture) - өзінің клиенттеріне қызмет көрсететін серверлерінде қорлардың негізгі бөлігі тұнған ақпараттық желінің концепциясы (1.5. сурет). Қаралатын архитектура құрамдастарының екі түрін анықтайды: серверлер және клиенттер.
Сервер – сұранымы бойынша желінің басқа обхектілеріне сервисін көрсететін объект. Сервис – клиенттерге қызмет көрсету үрдісі.
Сервер клиенттердің тапсырмалары бойынша жұмыс істейді және осы тапсырмалардың орындалуын басқарады. Әрбір тапсырманы орындаған соң алынған нәтижелерді тапсырманы берген клиентке жібереді.
Клиент-сервер архитектурасында сервистік функция қолданбалы бағдарламалар кешенімен сипатталады, оларға сәйкес түрлі қолданбалы үрдістер орындалады.
Нақты операциялар көмегімен сервистік функцияны шақыратын үрдіс клиент деп аталады. Ол бағдарлама немесе пайдаланушының өзі болуы мүмкін. 1.5. суретте сервис-клиент архитектурасындағы сервистер тізімі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |