Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер


сурет – Клиент-сервер архитектурасы



бет9/38
Дата11.03.2022
өлшемі232,39 Kb.
#27643
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
КЖ АҚ ДӘРІС 1-15

1.5. суретКлиент-сервер архитектурасы

Клиенттербұл сервердің қорын пайдаланатын және пайдаланушының ыңғайлы интерфейстарын ұсынатын жұмыс станциялары. Пайдаланушының интерфейстары – бұл пайдаланушының жүйемен немесе желімен әрекеттесу процедурасы.



Клиент инициатор болып табылады және электрондық поштаны немесе сервердің басқа да сервистерін қолданады.


1.6. сурет – Клиент-сервер моделі
Бұл үрдісте клиент қызмет көрсету түрін сұрайды, сеансты орнатып, оған қажетті нәтижелерді алады және жұыстың аяқталғанын хабарлайды.

Жеке автономды ДК-де ерекешеленген файлдық серверлері бар желілерде серверлік желілік операциялық жүйе орнатылады. Бұл ДК сервер-ге айналады. Жұмыс станциясында орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) оған сервермен деректерді алмасуға мүмкіндік береді. Кеңінен таралған желілік операциялық жүйелер:



      • Novel фирмасының NetWare жүйесі;

      • Microsoft фирмасының Windows NT жүйесі

      • AT&T фирмасының UNIT жүйесі

      • Linux жүйесі.

Желілік операциялық жүйеден басқа желінің мүмкіндіктерін жүзеге асыратын желілік қолданбалы бағдарламалар қажет.

Серверлер негізіндегі желілер өте жақсы сипаттамаларға ие әрі сенімді. Серверде басқа жұмыс станциялары қарайтын желінің бас қорлары бар.

Жаңа заманның клиент-серверлік архитектурасында объектілердің төрт тобы бар: клиеннттер, серверлар, деректер және желілік қызметтер. Клиенттер пайдаланушылардың жұмыс орнында, жүйелерде орналасқан. Деректер негізінен серверлерде сақталады. Желілік қызметтер ортақ қолданылатын серверлер және деректер болып табылады. Бұдан басқа, қызметтер деректерді өңдеу процедураларын басқарады.

Клиент-сервер архитектурасының желілерінің келесідей артықшылығы бар:



      • жұмыс станцияларының саны көп желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

      • желілік әкімшілік етуді жеңілдететін пайдаланушылардың есептік жазбаларын, қауіпсіздік пен қатынауды орталықтан басқаруды қамтамасыз етеді;

      • желілік қорларға тиімді қатынау;

      • пайдаланушыға бір ғана пароль жеткілікті, оның көмегімен ол пайдалану құқығы бар барлық қорларға қол жеткізеді.

Клиент-серверлік архитектураның мүмкіндіктерімен қатар, оның бірқатар кемшіліктері де бар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет