А.Жаңабекова: «категориялық жағдаят дегеніміз – белгілі бір функционалды-семантикалық өріске негізделген сөйленімде берілетін жалпы сигнификатты жағдаяттың бір қырын танытатын типтік мазмұнды құрылым»
А.Жаңабекова: «категориялық жағдаят дегеніміз – белгілі бір функционалды-семантикалық өріске негізделген сөйленімде берілетін жалпы сигнификатты жағдаяттың бір қырын танытатын типтік мазмұнды құрылым», - деп анықтама береді
А.Жаңабекова: «категориялық жағдаят дегеніміз – белгілі бір функционалды-семантикалық өріске негізделген сөйленімде берілетін жалпы сигнификатты жағдаяттың бір қырын танытатын типтік мазмұнды құрылым», - деп анықтама береді
Функционалды-семантикалық өрістер тілдік жүйе бірлігі болатын болса, категориялық жағдаят сол тілдік жүйені сөйлеу жүйесімен байланыстырады. Бұдан, категориялық жағдаяттарды тіл жүйесінен алыс жатыр деп түсінбеу керек, себебі олар арнайы бір тілдік құралдар арқылы берілетін типтік мазмұндық құрылым ретінде тілдік жүйенің динамикалық аспектісіне жатады.
КЖ-лар сөйленімге сөйлеуші мен тыңдаушының қатысы жағынан актуалданған және актуалсызданған типтерге бөлінеді. Сөйленімдегі жағдаятқа сөйлеу жағдаяты және оған қатынасушы адамдардың тікелей қатысы бар болатын болса, онда ол актуалданған категориялық жағдаятқа жатады. Бұған модальді, персоналды, темпоралдылық семантикалық категориялары жатады. Ал, сөйленімдегі жағдаятқа сөйлеу жағдаяты да, сөйлеуші мен тыңдаушы да тікелей қатынаспайтын болса, оны актуалсызданған категориялық жағдаят деп атайды.