Педагогикалық технология- педагогика ғылымының педагогикалық оқытудың бөлігі, процесін жобалайтын, мазмұны мен әдісін жасайды.
Жобаланған оқыту нәтижесіне жету үшін процесті, мақсаттар жиынтығын, әдістер мазмұнын және кұралдарын сипаттау.
Технологиялық процесті іске асыру барлық жеке тұлғалық, инструменталды және әдісанамалық, педагогикалық құралдардың іске қосылуы.
Педагогикалық технологиялардың даму көзі мен құрамдас бөліктері. Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады. Технологияның құрамдас әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау; педагогика, психология және қоғамдық ғылымдар; отандық, шетелдік тәжірибелер, ескі мен жаңа; этнопедагогика болып табылады. Қазіргі уақытта педагогика ғылымында технологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайындау сапасын жоғарылату мақсатында педагогикалық технологияларды пайдалану талпыныстары көптеген педагогтар мен тәжірибелі мұғалімдердің оқыту және тәрбиелеуді жүйелі, тиімді, процессуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады. Қазіргі таңда 50-ге жуық педагогикалық технологиялар бар. Алайда, осы технологиялардың барлығын химия және биология пәндерінін оқытуда қолдануға бола ма? Әрине, жоқ. Химия және биология курстарында қолданыс тапқан, әдістемелік жағынан зерттелген 14 технологияны атап өтуге болады: