Дәріс Химияны оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар. Топтық және ұжымдық оқыту технологиялары, модульдік технология және дифференциалды оқыту технологиясы



бет1/5
Дата18.10.2023
өлшемі23,53 Kb.
#118905
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 9


Дәріс 9. Химияны оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар. Топтық және ұжымдық оқыту технологиялары, модульдік технология және дифференциалды оқыту технологиясы.
Қазіргі заманғы білім берудің даму бағытын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технологиялар қолданысқа енгізілді. Алайда, мұғалімдердің барлығы бірдей ол технологияларды өз тәжірибелерінде қолдануға дайын еместігі байқалады. Педагогикалық технология ұғымы біздің лексиконымызға енгенмен, оның мән-мағынасы туралы түсінігіміз әртүрлі. Жаңа технология - ғылымға негізделген жүйе болғандықтан, өзіндік конструкциялық, логикалық құрылымдары бар. Олар белгілі бір арнайы стандарттар мен нормативтерге сәйкестендіріледі. «Технология» термині грек сөзінен алғанда: "techne-өнер, мағына білдіреді. шеберлік, қолөнер" және "logos-ілім, ғылым" деген Екеуінен шеберлік туралы ілім немесе ғылым сөзі шығады. «Технология дегеніміз- өнімді өндіру процесінде шикізаттың немесе материалдың формасын, қасиетін, күйін өзгертетін, оларды өндеу мен дайындау әдістерінің жиынтығы», - деп көрсетілген (энциклопедиялық сөздік-М., 1981). Бұл жерде технология ұғымы өндіріспен тығыз байланыста қаралған. Өнім өндіру процесі алдын ала белгіленген нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін әдіс-тәсілдер, құралдар, ғылыми зерттеулер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Өндірістегі сияқты білім беру мекемелері де қоғамдық тапсырысты орындауға атсалысады деп тұжырымдалды. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру саласында да технология ұғымы қолданыла бастады. Педагогикалық технология ұғымына соңғы уақытта көптеген анықтамалар берілген. Белгілі ғалымдардың осы терминге берген анықтамаларын келтірейік: Технология - дидактикалық жүйенің процесуалды бөлігі (М.Чошанов). Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько). Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді (М.В.Кларин).
Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі (В.М.Монахов). Педагогикалық технология - оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы; ол педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев). Педагогикалық технология бүкіл оқу процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді адами және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы (ЮНЕСКО). Сонымен, педагогикалық технология - оқу процесімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдарымен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Педагогикалық технология жайлы анықтамаларды алуан тұрғыда талдау нәтижесі олардың көпшілігінің жалпы қорытынды түрінде педагогикалық әдебиеттерде берілгенін көрсетеді. Қазіргі «педагогикалық технология» ұғымын қолдану барысында түрліше түсіндірілетін оқыту теориясы, оқыту әдістері, оқыту технологиясы, оқыту әдістемесі сияқты ұғымдар балама ретінде қарастырылады. Сондықтан осы ұғымдарға тоқтала кетейік. Оқыту теориясы - педагогикалық оқыту процесінің заңдылықтары мен заңдарын зерттейтін, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, қағидаларын сипаттайтын, оқытудың мазмұны мен міндеттерін ашып көрсететін құрамды бөлігі. Оқыту теориясы әдетте дидактика деп аталады. Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, білік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады (М.А.Данилов, Б.П.Есипов). Оқыту технологиясы - оқыту процесінің алдын-ала жоспарланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары. Оқыту әдістемесі - пәнді оқытудың ғылыми дәлелденген әдістері, ережелері, тәсілдер жүйесі және оқыту теориясын қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет