Педагогикалық технологиялардың құрылымы Педагогикалық технологияның негізгі құрылысын тұжырымдауға болады:
1. Концептуалдық негізі.
2. Мазмұндық бөлігі: жалпы және нақты оқыту мақсаттары; оқыту материалдарының мазмұны.
3. Процессуалдық бөлігі - оқыту процесін ұйымдастыру; оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; оқытушы жұмысының әдістері мен түрлері; ұстаздың оқу материалын меңгеру процесін басқару әрекеті; оқу процесін диагностикалау.
Сонымен бірге, кез-келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек (Г.К.Селевко).
«Педагогикалық технология» ұғымы үш деңгейде қолданылады (Селевко Г.К.):
1-кезең: Жалпы педагогикалық (жалпы дидактикалық) педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритмінің кіруі
2-кезең: Салалық (пәндік) - пән шеңберіндегі окыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы
3-кезең: Локальдік (модульдік) - оқу-тәрбие үрдісінің жеке әрекеттер технологиясы (ұғымды қалыптастыру, жеке қасиеттерді калыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа материалдарды меңгеру технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, өзіндік жұмысты ұйымдастыру технологиясы және т.б.).