Дәріс Инклюзивті білім берудің даму тарихы


Интегративті, біріктіріп білім беру



бет3/20
Дата02.03.2023
өлшемі171,33 Kb.
#71246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
дәрістер

Интегративті, біріктіріп білім беру - мүмкіндігі шектеулі баланы құрдастарының ұжымында оқыту.
|Инклюзивті – inclusive – қосылған, біріктірілген, inclusion – қосу, біріктіру; инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне толық қосуға, балалардың жасына, жынысына, діні мен этникалық ұстанымдарына, даму тежелуіне қарамастан, отбасының белсенді қатысуы мен баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік және түзету–педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған білім берудің қағидасы.


1.2 «Инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттелікті түзету­ педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе «инклюзивті білім беру» туралы айтуда. (Д.Митчелл –профессор. Жаңа Зеландия, 1997 ж)
Мұндай арнайы оқу орындарында балаларды оқыту, әрбір баланың жеке қабілеттеріен бағытталған білім беру әдістемесінің болмауы, кемшіліктерді жоюға емес, керісінше баланың әлеуметтік бейімделуіне кері әсерін тигізеді. Негізгі көмек құрдастарының арасында білімін дамыту қажеттілігіне мүмкіндік жасау болып табылады.
Инклюзивтік білім беру барлық балаларды оқыту қажеттілігіне негізделеді, мұнда маргиналдау мен қатардан шығару салдарынан ең осал болып отырған топқа ерекше назар аударылады. Инклюзивтік мектеп мәдениеті барлық оқушыларды қамтиды, және де әрбір қатысушы – оқушылар, мұғалімдер, әкімшілер, қолдау жөніндегі қызметкерлер құрамы, ата­аналар мен қоғамдастық – қауіпсіз, оқуды қолдайтын және оқу үшін оңтайлы ортаны жасау мақсатында мектеп өміріне өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір­бірімен қарым­қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру­ барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата­аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу­педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту­ барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту­ оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс­ әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту­ адамдармен қарым­қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивтік білім берудің ОБЪЕКТИВІ барлық балалар – қоғам мүшелері, барлық бала маңызды, барлық балалардың қоғамға тартылуға құқығы бар.
Адам құқығы балалардың барлығы сапалы білім алуға және академиялық, әлеуметтік табыстарға жету мүмкіндіктерге ие болуға құқылы (адалдық пен әлеуметтік әділеттілік)
Философия инклюзивтік білім беру әрбір оқушының өзін­өзі ыңғайлы сезінуіне, сол сияқты, оның жеке қажеттіліктері мен оқу стильдерінің орны толтырылып, біздің мектептеріміз бен қоғамдастығымызда бағаланатынын сезуі тиіс.
Барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебелеріне қарамастан, өздерінің құрбы­ құрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар – әлеуметтік мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақыл­ой мүмкіндіктері шектелген балаларды қосу мен инклюзивтік білім беру философиясы, міне, осыларға негізделген.
Инклюзивтік білім беру философиясы мен арнайы мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақыл­ой мүмкіндіктері шектелген балаларды енгізу, барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебесіне қарамастан, өз құрбы­құрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар дегенге негізделген.
Арнайы оқытудың бұрын болған жүйесі іс­тәжірибеде жеке, даралап тіл табудың өте қажет жағдайда ғана қолданылғанын көрсетеді. Болашақтағы мектепте әр оқушының оқу барысында жақсы нәтижелерге жетуіне көмектесетін психологиялық қолдау көрсетіліп, көңіл аударылып, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек. Шынымен де, біздің мектептер инклюзивтік білім берілетін инклюзивтік мектептер болуы керек.
Барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебелеріне қарамастан, өздерінің құрбы­ құрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар – әлеуметтік мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақыл­ой мүмкіндіктері шектелген балаларды қосу мен инклюзивтік білім беру философиясы, міне, осыларға негізделген.
Ортақ игілік қоғамдастықтар, мекемелер мен орта балаларды бағалайды және қоғамның түгел мүшелеріне пайдасын тигізетіндей әрекет етеді.
Стратегия ерекше қажеттіліктері бар, оқуында қиындықтары бар балалардың және мектепке бармайтын жастардың мекткепке баруы жолындағы бөгеттердің түгелін жою арқылы балалардың барлығына білім беруді қолдау.
ОБЪЕКТИВ: Білім беру мен біздің қоғамға “жаңа” көзқарас.
Инклюзивтік білім берудің мақсаты білімнің қол жеткізерлігі мен оның сапасы немесе ұзақ мерзімді мақсат – «инклюзивтік қоғам» құру мәселелеріне сай анықталуы мүмкін.
Инклюзивтік білім берудің басты міндеті: отбасын қолдау және осы іске отбасын тарту, өйткені отбасы өз балаларына білім беру мен оларды асырауға тікелей жауап береді. Сонымен қатар олар әдеттегі мектеп жұмыстарынан сыртында қалатын, мысалы, үйде оқыту барысында мүгедек балалардың қарапайым дағдыларды алуына көмектесу сияқты оқытудың басқа да түрлерін қамтамасыз етуде тікелей рөл атқарады. Инклюзивтік білім беру шынайы мұқтаждықтарға жауап береді және көптеген мемлекеттерде көп қаржыны талап етпейтін, оңай қол жеткізерлік тұжырымдама болып табылады, өйткені ол ең алдымен, қарым­қатынастардың, мінез­құлықтардың, жұмыстың түрі мен әдістерінің өзгеруін білдіреді.
Сонымен қатар инклюзивтік білім беру әр түрлі мәдениеттерде бала құқықтарын жүзеге асырудың тиімді шыққан нүктесі болуы да мүмкін. Сонымен қатар тәрбие, білім және өзін­өзі тәрбиелеу негізінде, өздігінен алдына мақсаттар қойып, оған жетуде өзінің бар күш жігерін салатын, қоғамдағы өз орнына сенімді тұлғаны тәрбиелеу;
- ерекше қажетсінуді қажет ететін балаларға білім беруде оқыту әдістемесін игеру;
- ерекше қажетсінуді қажет ететін балалардың ата­аналарымен жұмыс түрлерімен танысу т.б;
Инклюзивті білім беру екі мақсатқа жетуге көмектеседі:
- ерекше қажетсінуді керек ететін балаларға өзінің әлеуетін толығымен жүзеге асыруға көмектеседі, іс­ірекетін дамытады;
- ата­аналарға өз балаларын дұрыс қабылдауларына көмектеседі, дамуында проблемасы бар, әлеуметті, инкюлизивті білімді қамтамасыз етеді;
Инклюзия анықтамасын тереңірек зерттеудің тағы бір себебі – қызығушылық көрсеткен тұлғаларды сөзжарысқа барынша көп тарту. Инклюзия арнайы білім беру қызметкерлері мен мүгедек балалардың ата­аналары арасында жиі талқыланатын тақырып болғанымен де, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін аса қызықтыра қоймайды, ал мүгедек балалары жоқ ата­аналар «инклюзия» түсінігінің олардың балаларына да қатысы бар екендігін білмейді.
Біріктірілген (инклюзивтік, енгізілген) білім беру (БББ) – жалпы білім беретін мектептерде ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оқыту үрдісін бейнелеу үшін қолданылатын термин. Инклюзивтік білім беру – білімнің барлық адамдарға бірдей екендігін білдіретін біріктірудің кең үрдісі және барлық балалардың әр түрлі мұқтаждықтарына бейімдеу арқылы жалпы білім беруді дамыту. Әдетте барлық терминдер ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үрдісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Халықаралық практикада (ЮНЕСКО) бұл үрдісті бейнелейтін «біріктірілген білім беру» термині «инклюзивтік білім беру» (integration – inclusion) терминімен ауыстырылған.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым­қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір­біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым­қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы­құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету ­ өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан­ жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет