Негізгі əдебиеттер: 1 [100-124]; 4 [5-30]; 8 [332-344];
Қосымша əдебиеттер: 1 [83-87].
Бақылау сұрақтары. ОБ-мен қосылған сұлбадан ОК-мен қосылған сұлба айырмашылығы?
ОК-мен қосылған сұлбадан ОЭ-мен қосылған сұлба айырмашылығы?
ОБ-мен қосылған сұлбадан ОЭ-мен қосылған сұлба айырмашылығы?
Жұмысшы жүктеу сызығы деген не?
Күшейткіш элементтің жұмысшы нүктесі дегеніміз не?
Күшейткіш сұлбасының қандай параметрлері негізінен АЖС ға əсер етеді?
Қандай күшейткіш элементтер транзисторлы күшейткіштің тұрақты температуралық жұмыс істеуін қамтамасыз етеді?
ОЭ-мен қосылған сұлбадағы негізгі параметрлерді атаңыз.
ОК-мен қосылған сұлбадағы негізгі параметрлерді атаңыз. 10.ОБ-мен қосылған сұлбадағы негізгі параметрлерді атаңыз. 11.Күшейткіштің амплитуда-жиіліктік сипаттамасы дегеніміз не?
11 ДƏРІС
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ КҮШЕЙТКІШТЕР. БИПОЛЯРЛЫ ТРАНЗИСТОРЛАРДАҒЫ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ КҮШЕЙТКІШТІҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Дифференциалды күшейткіш сұлбасы Дифференциалды күшейткіш (ДК) тұрақты ток күшейткіштерінің кең қолданылатын түрі болып табылады. Тұрақты ток күшейткіші деп (ТТК) – кез-келген баяу электрлік толқындарды күшейті қабілетіне ие күшейткіштерді айтады.
Күшейткіштің төменгі жиілігі нөлге ұмтылатын болса, ал жоғарғы жиілігі айнымалы ток күшейткіштеріндегідей ТТК-ның арналуына байланысты таңдалады.
Соңғы кезде ТТК өлшеу жəне басқа да құрылғыларда қолданылуымен қатар, олар айнымалы ток күшейткіштерінің көптеген түрлерінің құрамдық бөлігі ретінде де кеңінен пайдаланылуда. Бұл осындай типті күшейткіш блоктарда үлкен сыйымдылықты дəу конденсаторлардың жоқтығымен түсіндіріледі жəне сондықтан да олар интегралдық сұлбалардың элементі ретінде де іске асырылады.
ТТК-ның сипаттамалық белгісі нөлдік дрейф болып табылады. Нөлдік дрейф деп – ΔUкір =0 кезіндегі шығыс сигналдың өз еркімен өзгеруін айтады. Дрейф, негізінен, қоршаған орта температурасының өзгеруі мен басқа да тұрақсыздандыру факторларының салдарынан сұлбаның жартылай өткізгіш аспаптарының жəне басқа да элементтерінің көрсеткіштерінің өзгеруінен пайда болады. Оның пайда болуының тағы бір себебі күшейткіштердің қорек көздерінің тұрақсыздығы болып табылады. Мəселен, ΕКқорек көзінің ЭҚК – ін арттыру кезіндегі R1жəне R 2 бөлгіштері арқылы болатын бұл ΔΕКөзгерісі (ОЭ-лі сұлба) транзистор базасына беріледі. Бұдан база тогы IБартып, оның салдарынан транзистор коллекторының потенциалы төмендейді.
ОЭ-лі сұлбада KU>>1 болатындықтан ΔUКЭөзгерісі ΔΕК-ға қарағанда айтарлықтай үлкен болуы мүмкін. Жүктемеде дрейф сигналы деп аталатын шығыс кернеуінің кері өсуі пайда болады.
Дрейф сигналы баяу өзгеретін өлшем болып табылады. Күшейткіштің жұмысы кезінде Uшығ>>Uдрболуын қамтамасыз ету қажет, олай болмаған жағдайда шығыстағы дрейфті пайдалы сигналдан айырып алу мүмкін болмай қалады. Сапалы ТТК жасау үшін нөлдік дрейфті төмендету, мүмкін болса, тіпті оны болдырмау жолдарын қарастырған жөн.
Қорек көзі, жұмыс режимі мен температураны тұрақтандыру бұл үшін тиімді емес, өйткені кез-келген ауытқулар ТТК-мен күшейіп кетеді.
Нөлдік дрейфпен күресудің тиімді жолы теңдестірілген көпір принципі бойынша құрылған каскадтарды қолдану болып табылады. Олардың ең көп тараған түрі – дифференциалдық күшейткіштер.
ОЭ-лі каскадты қарастырған кезде күшейткіштерді құруда пайда болатын бірқатар қиыншылықтар байқалады:
RЭрезисторының көмегімен тыныштық режимін тұрақтандару кезінде каскадтың күшейту коэффициенті айтарлықтай төмендейді, өйткені бұған теріс кері байланыс əсер етеді;
Каскадтардың бір-бірімен байланысы кезінде резистивтік элементтердегі шығындардың салдарынан KUтөмендейді. KU - дің төмендеуін болдырмау үшін күрделі қорек көзі бар сұлбаларды пайдалану керек;
Күшейткіштерде нөлдік дрейф болады.
Бұл күшейткіштер тəжірибелік сұлбаларда кеңінен қолданылатын дифференциалдық каскадтарда жартылай не толығымен жойылған. ДК өзінің
атауын екі кірісі мен оларға келетін кернеудің (сигналдың) айырмашылығына ғана байланысты жұмыс істейтіндіктен алған. ДК сұлбаларының бірі 5.1 – суретте көрсетілген.
– сурет. Дифференциалды каскадтың принципиалды сұлбасы Мұндай күшейткіштің жұмыс принципі көпірдің тепе-теңдік қасиетіне
негізделген. ДК-ның жоғарғы көрсеткіштеріне тек көпірдің аса симметриялылығы (баланстылығы) кезінде ғана қол жеткізуге болады.