Синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
«Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді;
1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – іргелі және қолданбалы ғылым
“Қазақ тілін оқыту әдістемесі” пәнінің зерттеу нысаны:
Қазақ тілін оқытудың ғылыми-теориялық тұжырымдары мен әдіснамалық негіздерін;
Тіл білімі салаларын теориялық-практикалық тұрғыдан меңгертудің амалдарын;
Оқытудың басты ұстанымдарын, тілді дұрыс қолданудың ұтымды әдіс-тәсілдерін;
Сапалы оқу үдерісін іске асыратын әдістемелер жүйесінен тұрады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты:
Болашақ қазақ тілі мұғаліміне кәсіби дағды мен тәжірибе қалыптастыруға негіз болатын теориялық білім беру;
Педагогикалық білік қалыптастыру;
Сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін үйрету;
Тіл білімі салалары бойынша жинақталған білімді дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу үшін қолдануға үйрету;
“Қазақ тілін оқыту әдістемесі” пәнінің міндеттері:
Студенттерді мектепте оқытылатын қазақ тілінің нысанымен және міндеттерімен таныстыру;
Мектептегі қазақ тілі курсының әдістемелік мәселелерін қарастыру;
Қазақ тіл білімі салаларын меңгертудің әдістемелік жолдарын игерту;
Студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру (күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарын дайындау, сабақ түрлерімен таныстыру, оны қолданудың жолын үйрету т.б.);
Өздігінен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді игеру дағдыларын жетілдіру;
Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жеткен жетістіктер жолдарын меңгерту;
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласының қазіргі таңдағы жаңа бағыттары мен өзекті мәселелерімен таныстыру.