жоғары тұрады. Фома Аквинский ілімінің негізіне құдайды қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп, шіркеу мен мистика арқылы болашақ өмір іліміне көтеріледі. Фома Аквинскийдің ілімінше, жалпы идеялар универсалийлер үш түрлі өмір сүреді:
1. Зат пайда болғанға дейін - құдайдың ойында ;
2. Заттардың өзінде - олардың мәні ретінде ;
3. Заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында - сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.
Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 – 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі – игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі.

Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж)болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді.
Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 – 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы – тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді.