Дәріс жоспары: Тұлғаның психологиялық денсаулығы моделі



бет6/8
Дата07.04.2023
өлшемі38,26 Kb.
#80235
1   2   3   4   5   6   7   8
2.Рефлексиялық компонент. Психологиялық денсаулықтың рефлексиялық құрамы тұлғамен өзін-өзі бағалауынан байқалады. Рефлексиялық механизм тұлғаның өзгеру негізінде жатыр. Алайда егер өз-өзіне деген қатынас өзгермесе, онда субъектінің іс- әрекетінде, мінез-құлқында да өзгерістер болмайды.
Рефлексияның тұлғалық механизмдері өз дамуының нәтижесі ретінде субъектінің өзін-өзі бағалауын санайды. Субъектінің өзін-өзі бағалауы – тұлғаның өз-өзіне назар аударғандығы ретінде, субъектінің рефлексиялық қабілеттерінің дамуындағы өлшенетін бір көрсеткіштері болып табылады.
Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі тану әдіснамалық тұрғыдан, өзіне ең жақын болып келетін кең ауқымды мәселелерді қамтитын салаға, яғни адамдардың бірін-бірі тану психологиясына бағынады. Автордың пікірінше, өзін-өзі тану үшін әлеуметтік перцепция аймағында жүзеге асатын процестер мен механизмдер маңызды болып табылады. Психологиялық зерттеулер көрсеткендей тұлғаның өзі туралы пікірі, оның өз іс-әрекетін реттеудің маңызды тірегі болады. Адекватты өзіндік бағалау арқылы адамның өз жетістіктерін шынайы бағалауы негізінде өнегелік жайлы сұрақтар теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттелген.Өзіндік бағалау - өзіндік сана сезімдердің
бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады.
Субъективтік бақылау деңгейі– әр түрлі өмірлік жағдайларды бақылаудың жеке ерекшеліктері. Субъективтік бақылау деңгейі, тұлғаның белгілі инварианттығын игергенімен, жағдай күрделі немесе жеңіл, жағымды немесе жағымсыз және т.б. болса да, соған байланысты өзгеріп отырады. Субъективтік бақылау деңгейі өзінің әрекеттерін сезінумен және бағалаумен, өз қадірін сезінумен, болып жатқанға жауапкершілікпен, өзін-өзі құрметтеумен, өзін-өзі реттеумен, тұлғаның дербестілігімен және жетілгендігімен байланысты. Субъективтік бақылаудың төмен деңгейімен, адамдар өздерін өзімшіл, тәуелді, батылсыз, шынайы емес, жалтақтаушы, ашуланшақ
түрінде сипаттайды. Субъективтік бақылауы жоғары деңгейдегі адамдар өздерін, керісінше, мейірімді, тәуелсіз, табанды, әділ, қабілетті, жылы шырайлы, адал, дербес, шырқы бұзылмас, деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет