Дәріс жоспары: Тұлғаның психологиялық денсаулығы моделі


Құндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті



бет7/8
Дата07.04.2023
өлшемі38,26 Kb.
#80235
1   2   3   4   5   6   7   8
3.Құндылық-мағыналық және рухани-адамгершілік компоненті. Адамның құндылы-мағыналық ортасы, тұлғаның өмірлік маңызды тұжырымдамасын анықтайтын және оның барлық басқа да көріністерін өзіне бағындыратын жоғарғы инстанция болып табылады. Біз психологиялық денсаулықтың тұлғаның құндылық-мағыналық ортасымен байланысы туралы, құндылық және өмірлік маңызды бағдарлар жүйесіндегі тұлғалық денсаулық жөнінде, оның өмірге мән мен құндылық беретін ішкі қор ретінде айта аламыз. Бұл компонентке біз құндылық бағдарлар мен өзін-өзі белсендендіруді енгіздік.
Құндылық бағдарлар – стратегиялық өмірлік мақсаттар мен жалпы дүниетанымдық бағдарлар ретінде қабылданатын, адам санасындағы құндылықтардың көрінісі. Бұл онымен ұғынылатын және іштей қабылданған оның материалдық және рухани құндылықтары, өмір және іс-әрекет жағдайларын олардың субъективтік маңыздылығымен қабылдауға бейімдік. Құндылық бағдарлар мінез-құлықты реттеуде және шешім қабылдауда тірек ұстанымдар болып табылады.
М.Рокич құндылық-мақсат пен құндылық-құралдарды дәстүрлі салыстырудың негізінде құндылықтардың барынша жалпы бөлінуін жүргізеді. Сәйкесінше, ол құндылықтардың екі тобын көрсетеді:
– мазмұндық құндылықтар – жеке және қоғамдық пікірлер тұрғысынан, жеке тіршілік
етудің қандай да бір соңғы мақсаты, оған талпынуға тұрады деген сенім;

  • құралдық құндылықтар – жеке және қоғамдық пікірлер тұрғысынан, қандай да бір іс-әрекеттер бейнесі кез келген жағдайларда, ең қолайлы болып табылатындығына деген сенім. Терминалдық құндылықтар, құралдық құндылықтарға қарағанда барынша тұрақты сипатқа ие.

Тұлғаның өзін-өзі белсендендіруі өзін-өзі реттеу үрдісінің адаммен басқарылуын, тұлғамен өзінің өмірлік мәнді және құндылық бағдарларының түсінуін болжайды. Психологиялық денсаулық бұзылған жағдайда өзін-өзі белсендендіру стратегиясы тіршілік әрекеттің тапшылығы жөніндегі пайда болатын түйсіктердің қайта құрылуына бағытталады және адамды алдына қойылған мақсаттары мен өмірлік жоспарларын жүзеге асыруға ұмтылдырады.
«Өзін-өзі белсендендіру – бұл өзіңнің түпкі табиғатыңды толығырақ тану және қабылдау, тұтастыққа, бірлікке деген үздіксіз талпыныс немесе тұлғаның ішкі синергиясы ретінде әлеуеттік мүмкіндіктерді, қабілеттер мен таланттарды, өзінің миссиясын, тағдырдың жазғанын және т.б. үздіксіз жүзеге асыру». Сонымен қатар, өзін- өзі белсендендіру «таланттарды, қабілеттерді, мүмкіндіктерді және т.б. толық пайдалану», деп анықталады. Кейін өзін-өзі белсендендіру ұғымы, адамның кемелденудегі жетістігі ретінде, ал өзін-өзі белсендендіру жағына қарай даму мен
қозғалыс тұлғалық денсаулық, деп нақтыланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет