Дәріс жоспары: Тұлғаның психологиялық денсаулығы моделі



бет1/8
Дата07.04.2023
өлшемі38,26 Kb.
#80235
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тұғаның психологиялық денсаулығы


Тақырыбы: Тұлғаның психологиялық денсаулығы дамуының моделі мен құрылымдық компоненттері
Дәріс жоспары:

  1. Тұлғаның психологиялық денсаулығы моделі

  2. Тұлғаның психологиялық денсаулығының құрылымдық компоненттері




  1. Тұлғаның психологиялық денсаулығы моделі

Ғылыми модел - бұл зерттеу пәнін көрсететін және моделді зерттеуде объект туралы жаңа мәлiметтi алуға мүмкiндiк беретін, оның орнын басуға теңбе-тең бейнелеуге қабiлеттi, ойша көрсетiлген немесе заттық жүзеге асырылған жүйе. Моделдеу – бұл моделдерді жасау және зерттеу әдiсi. Моделдеудегі басты артықшылық – мәлiмет ұсынысының бүтiндiгi. Моделдеу синтетикалық бағытқа негізделеді: бүтiн жүйелерді мүшелейдi және олардың жұмыс жасауын зерттейдi. Ғылыми болжам уақиғаларға, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді. Моделдеу болжам жасаумен бірлікте болып, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Моделдеу – көпаспекті зерттеу әдісі, таным әрекетінің бір жолы, шынайы түрде бар үрдістер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; моделдеу – түп нұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу.
Моделдеу –көп аспекті зерттеу әдісі болғандықтан оны қолдану шексіз. Оның негізгі міндеті – ұқсастық негізінде түп нұсқаның қажетті жақтарының дәлме–дәл көшірмесін,аналогін жасау. Ол ұқсас болса да , бірақ түгелдей қайталамауы керек, онда моделдеудің мәні жойылады.
В.П.Беспалько пікірінше, моделді құрастыру - арнайы аналогтарды жасау жолымен нақты бар жүйені материалды немесе ойша ұқсатуды іске асыру, бұл жағдайда аналогтарда осы жүйенің ұйымдастыру және жұмыс істеу принциптері көшіріледі.
«Модел» ұғымының мәнін анықтауда М.К.Мамардашвили «эмпирикалы түрде байқалатын шындықтың барлық толып жатқан қасиеттері мен байланыстары тізілетін сияқты, олар бұл жағдайда тек ғылыми жолымен алынады; адам оларға қатысты зерттеуші болады», - деп атап көрсетеді. Теориялық зерттеулер көрсеткендей, «модел» ұғымын В.А.Штофф былайша сипаттайды: «Ойша елестетілген немесе материалды жүзеге асырылған жүйе, ол зерттеу объектісін бейнелей отыра немесе қайта жаңғырту арқылы, оның орнын басуға қабілетті болады, бұл жағдайда оны қарастыру бұл объект жөнінде бізге жаңа ақпарат береді».
Әдіснамалық тұрғыдан модел ұғымына анықтама беруде Б.А.Глинский, Б.С.Грязнов,
Б.С.Дынина және Е.П.Никитина т.б зерттеулер жүргізген. Американдық философ М.Вартофскийдің көзқарасы бойынша, моделді болашақ әрекетке бағдарланған прототип деп атауды ұсынады. Яғни, модел ретінде кейбір мәнді ғана емес, осы мәнді анықтайтын әрекет тәсілін көреді. Бұл мағынада моделдер - мақсаттарды іске асыру және сонымен қатар, осы мақсаттарды іске асыратын инструменттер. Модел бір мезгілде мақсатты ескереді және оның жүзеге асуын кепілдейді.
В.А. Штофф өз еңбегінде келесі салыстыруды қөрсетуде, педагогикалық энциклопедияда моделдеуді, бір жағынан, табиғи немесе әлеуметтік шындықтың белгілі үзіндісінің моделдерге-аналогтарға объектілерді зерттеудің әдісі ретінде, ал екінші жағынан нақты бар нәрселер мен құбылыстардың немесе құрастырылатын объектілердің моделін кұрастыру және қарастыру үрдісі ретінде анықтайды.
Ал, педагогика және психология түсіндірме сөздігінде моделдеу әдісі бірнеше топқа бөлінеді. Олар белгілерді моделдеу (бейнелік, математикалық, сөздік және т.б.), бағдарламалық моделдер (блок-жүйе, алгоритм, эвристика және т.б.), заттық моделдеу (бионика). «Әрбір нақты жағдайда модел өзінің рөлін түпнұсқаға ұксас болғанда ғана дұрыс орындай алады». Моделдеуді біртұтас педагогикалык үрдісі жүзеге асырудың маңызды бөлігі зерттеуші-мұғалім үшін моделдеу зерттелінетін құбылыстың идеалдық моделін қайта жасаудың тәсілі болады. Практик-мұғалім үшін моделдеу іс-әрекетінің мақсатына сәйкес, оның жағдайын өзгерткісі келетін белгілі бір педагогикалық құбылысты немесе үрдісті тұтасымен ойша (алдын-ала) қайта-құру тәсілі болады. Басқаша айтқанда, моделдеу мұғалім үшін педагогикалық теория мен нақтылы практикалық іс-әрекет арасындағы бөлік.
Ю.А.Конаржевский моделдеуді «объектіні жанама түрде практикалық немесе теориялық пайдалану әдісі, бұл жағдайда бізге керекті объект тікелей зерттелмейді, керісінше, танылатын объектімен белгілі объективті сәйкестілікте тұратын көмекші немесе жасанды жүйе (квази объект) пайдаланылады, ол танымның белгілі кезеңінде оның орнын ауыстыра алады және оны зерттеуде сол моделденетін объекті жөнінде ақпарат бере алады» деп анықтайды. А.З.Зак моделдеу әрекетін «қарастыратын объектіні басқамен, сол үшін арнайы жасалған үлгімен орын ауыстыру» деп қарастырады. Осы белгілеулерден кейін, "педагогикалык модел" ұғымын былайша көрсетуте болады: педагогикалық модел педагогикалық жүйенің нақтылы феноменінің жинақтап қорытындыланған, ұсынылған және моделдеу объектісі жөнінде жаңа білім бере алатын, педагогикалық зерттеу объектісінің маңызды құрылымдық-фунционалдық байланысын бейнелеп
көрсетуі [215]. Модел таным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Моделдер зерттеу мақсатына байланысты әр түрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
– таным процесінде қолдану мақсаты бойынша классификациялау принципі;
– түпнұсқа туралы ақпараттың орындалу әдісі бойынша классификациялау принципі;
– адамның оларды жасау барысында қатысу дәрежесіне қарай классификациялау
принципі.
Таным үрдісінде моделдер әр түрлі функцияларды орындайды. Олар кейбiр құбылыс немесе теорияның интерпретациясын түсiндiруде құрал ретінде қызмет көрсете алады. Ғылыми зерттеулердегi үлкен мәнi моделдің болжаушы (эвристикалық) функциялары болып табылады. Модел жиi теорияны шындыққа тексеру мақсаттарына да қызмет жасайды. Моделдің алуан түрлi функцияларын жалпылай отырып, оның бас гносеология функцияларын көрсетуге болады:

  • модел - бұл мәлiмет көзi;

  • модел – бұл өнер - бiлiмнiң бекiту құралы.

Педагогикалық зерттеулерде моделдеу өте күшті құрастыру құралы болып кележатыр. Моделдеудегі басты артықшылық - мәлiмет ұсынысының бүтiндiгi. Моделдеу синтетикалық бағытқа негізделеді: бүтiн жүйелерді мүшелейдi және олардың жұмыс жасауын зерттейдi.
Дидактикада моделдеуді келесi маңызды есептердiң шешiмi үшiн қолданады:

  • оқу материалының құрылымын оңтайландыру;

  • оқу барысының жоспарлауын жақсарту;

  • танымдық қызметтi басқару;

  • оқу-тәрбиелiк үрдісті басқару;

  • диагностикалар, болжаулар, оқытуды жобалау.

Моделдеу - жемiстi әдiс. В.Ф.Шариповтың пікірінше модел негiзiнде үш пайдалы мақсаттарға қызмет көрсетедi. Эвристикалық - жаңа заңдардың табылуы, белгіленуі, жаңа теориялардың құрастырылуы және алған мәлiметтердiң интерпретациясын классификациялау үшiн керек. Есептеуiш – моделдер арқылы есептеуiш мәселелердiң шешiмдерiн шешу. Эксперименталды – эмпирикалық тексеру (верификация) болжамын осы немесе басқа моделдерді операция жасау арқылы мәселенiң шешiмін табу. Моделдеу түрлі функциялар атқарады:
эвристикалық, прогностикалық, прагматикалық.
Моделдеу нәтижелеріне қойлатын талаптар:

  • біріншіден, модел қарапайым, ыңғайлы болуға тиіс,

  • екіншіден,объектінің жақсаруына мүмкіндік туғызуы керек. Негізіне келесідей талаптар

алынады: 1) толықтығы, адекватылығы, эволюциялығы; көп көлемді өзгерістерге енгізу, әлеуметтік объектіні, құбылысты, үрдістердің көшірмесін жасау, 2) шамамен абстрактілі болуы, бірақ алынатын нәтиже пайдалы болуға тиіс, 3) белгілі уақыт шеңберінде өтуі. Моделді бағалаудың әртүрлі критерийлері бар: жаңалықтың көрінісі (интуитивтік көрініс, жазбаша сапалық, көрнекілік имитация, жүйелік көрсету).
Сонымен, моделдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші моделді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді. Модел мен тұпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің моделді зерттеу кезінде алған ақпараттарын тұпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың талдау мен жинақтау сияқты әр түрлі формалары қолданылады. Моделдің физикалық табиғаты тұпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (тұпнұсқаның толық көшірмесі болған модел, модел бола алмайды). Моделдің тұпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында моделге де, тұпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модел ұқсастық ретінде тұпнұсқа, оны жетілдіру, қайта
құру жөне оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
Моделдеуде логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Моделдің
түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты. Қазақстандық ғалымдармен Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Психология ҒЗИ профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен білім алушы жастардың психологиялық денсаулығы ерекшеліктерінің эксперименталдық зерттеуі жүргізіліп, психологиялық дені сау тұлғаны дамытудың моделі мен технологиялары ұсынылған. Сонымен қатар студенттерді тиімді психологиялық сүйемелдеудің және денсаулық сақтаушы технологиялардың енгізілу жағдайлары көрсетілген. Аталған еңбекте, психологиялық денсаулықтың күшейтілу мен сақталу қағидасы психологиялық-педагогикалық әсерге байланысты, интегративті болып табылады. Яғни, бұл қағиданы ұстану, адамның өмір салтын жақсарту мақсатынан айнымай, өзінің бейімделу қорын сақтау және арттыру механизмін жетілдіруге әкеледі. Оқушы жастардың психологиялық денсаулығын зерттеп, автор өз моделін жетілдіріп, ұсынады.
Бұл моделде, қалыптасқан тұлғаны «субъект-субъект» және «субъект-объект» қарым қатынасындағы, іс-әрекеттегі белсенді субъект ретінде қарастырады.Тұлға әлеуметтену жағдайында, тәрбиелеуге мақсатталған іс-әрекетте дамиды, яғни, тұлғаның дамуы және тәрбиесі оның табиғи нышандарымен, әлеуметтік ортасымен, оқыту жағдайымен, адамдармен ынтымақтастығы, сонымен қатар, оқушының өзінің оқу-танымдылығымен анықталады. Дамыған және тәрбиелі тұлғаның бойынан позитивті өзгерістер байқалады, айтып өтсе, зияткерлі-танымдық, эмоционалды, қажеттілік аясында және әлеуметтік қарым-қатынас жағдайындағы көрсеткіштерін сапалы және сандық түрде арнайы жабдықтардың көмегімен белгілеуге болады.
Осыған орай, профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен Психология ҒЗИ қызметкерлерімен жетілдірілген үш блоктан тұратын білім алушы жастардың психологиялық денсаулығын кешендік дамыту моделі жетілдірілді. Ол 1-ші суретте бейнеленген.
Сонымен, біз тұлғаның психологиялық денсаулығы мәселесі бойынша негізгі ғылыми көзқарастарды сипаттап, қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулықтың түсініктерін, студенттердің психологиялық денсаулығы мәселесінің жағдайын талдай отыра, отандастарымыз анықтаған білім алушы жастардың психологиялық денсаулығын дамыту моделін негізге алып, студенттердің психологиялық денсаулығы дамуының құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынамыз.
Біздің ұсынып отырған құрылымдық-мазмұндық моделіміз келесі бөлімдерден тұрады: мақсатты; әдіснамалық және теориялық негіздер; компоненттер; студенттердің психологиялық денсаулығын дамыту факторлары; шарттары және болжамды нәтиже.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет