Дәріс жоспары: Тұлғаның психологиялық денсаулығы моделі



бет8/8
Дата07.04.2023
өлшемі38,26 Kb.
#80235
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тұғаның психологиялық денсаулығы

4.Эмоционалдық компонент. Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo – толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. К.Изардпен он екі эмоцияны қамтыған дифференциалдық эмоциялар шкаласы (DES- IV) ұсынылған: қуаныш, қызығушылық, таңдану, мұң, ашу, аутоагрессия, қысылу, жиіркенушілік, жек көрушілік, қорқыныш, ұялу, айыптылық. Изардтың теориясында эмоциялар ұйымдастырушы және мотивациялық үрдістер ретінде ұғынылады және де әрбір базалық эмоцияға бірегей түрткі беруші және бейімделуші қасиеттер қосылады. Нақты бір тұлғаға тән эмоциялар кешені сәйкес іс-әрекеттерге беталысты анықтайды және оның мінез-құлқымен, бейімдік мүмкіндіктерімен тікелей байланысты болады.
Эмоционалдық интеллект (англ. Emotional intelligence) – адам өмірінің эмоционалдық саласын тиімді ұғыну қабілеті: эмоциялар мен қатынастардың эмоциялық астарын түсіну, өз эмоцияларын қатынастар және мотивациямен байланысты міндеттерді шешуде қолдану. ЭИ төмендегілерді қамтиды:
– эмоцияларды қабылдау және білдіру;
– эмоция арқылы ойлау тиімділігін арттыру;
– өзінің және өзгелердің эмоцияларын түсіну;
– эмоцияларды басқару.
Атап өтілген компоненттер анықталысымен, біз студенттердің психологиялық денсаулығын тәжірибелік-эксперименталды зерттеуге бағытталып, әр бір компонентке бірнеше әдістен талғап іріктедік.
Студенттердің психологиялық денсаулығының құрылымдық-мазмұндық моделінің келесі бөлімі - даму факторлары, яғни қазіргі кезеңдегі студенттерінің психологиялық денсаулығы дамуына сыртқы (этномәдени орта, бейімделу үрдісі, оқу курсы, ЖОО білім беру ортасы) және ішкі (өзіндік маңыздану қоры:адекватты өзін-өзі бағалау, өзіндік маңыздану; бейімділік қоры: стреске төзімділік, эмоционалдық тұрақтылық, өзін-өзі реттеу; рухани-адамгершліік қоры: моральдық қалыптылық, денсаулық құндылық ретінде, ішкі бақылау локусы, дамыған эмоционалдық интеллект) факторлар әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет