1.Интегралды - тұлғалық қасиеттер компоненті. Интегралды-тұлғалық қасиеттер компоненті күрделі көрсеткіштердің жиынтығының және жеке дара сипаттамалар синтезінің өнімін білдіреді. Жалпы алғанда интегралдық қасиеттер психологиялық денсаулықтың мәнді ерекшеліктерін көрсетеді. Оларға невротизацияның, стресске төзімділік, бейімдік қабілеттерінің, мазасызданудың деңгейлері жатады.
Невротизация – невроздарға бейімдік; мазасызданудың жоғары деңгейімен және эмоционалдық дистресстің басқа да белгілерімен сипатталатын, невроздың жеңіл формасы. Невротизацияның жоғары деңгейінде (абсолюттік шама бойынша жоғарғы теріс баға) әр түрлі жағымсыз уайымдарды (мазасыздық, қобалжу, тынышсыздық, алаңдау, ашулылық) тудыратын және айқын көрінетін эмоциялық қозғыштық байқалуы мүмкін. Ондай адамдардың жігерсіздігі, қалауларының қанағаттанбауымен байланысты әсерлер қалыптастырады. Олардың менмендік тұлғалық бағыттылығы жағымсыз соматикалық түйсіктерінің ипохондриялық тұрақтандыруға деген бейімділігінен көрінетіндей, дәл солай өзінің тұлғалық кемшіліктіріне шоғырланудан байқалады. Бұл, өз кезегінде, жеке олқылықтар сезімін, қарым-қатынастың қиындауын, әлеуметтік
жасқаншақтық пен тәуелділікті қалыптастырады. Невротизацияның төмен деңгейінде (абсолюттік шама бойынша жоғарғы оң баға) эмоциялық тұрақтылықтың және негізгі әсерлердің (тыныштық, оптимизм) эмоционалдық тұрақтылығы мен жағымды фоны көрсетілген. Өз қалауларын жүзеге асырудағы оптимизм мен бастамашылдық, қарапайымдылық өзінің абыройын, әлеуметтік батылдықты, тәуелсіздікті, қарым- қатынастағы жеңілдікті қалыптастырады.
Стреске төзімділік - адамға едәуір интеллектуалдық, еріктік және эмоционалдық жүктемелерді (артық жүктемелерді) бастан кешуге мүмкіндік беретін, кәсіби іс- әрекеттің ерекшеліктерімен шартталған, қоршаған ортадағылардың іс-әрекеттеріне және өз денсаулығына зиян келтірмейтін тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Бейімдік қабілеттер – бұл тұлғаның бейімділік мінез-құлқының табыстылығы мен сапалық өзгешеліктерінде байқалатын, тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктері. Бейімдік қабілеттер мінез-құлықтың өзгеруі мен тұлғаның әлеуметтік ортаға қатынасын анықтайды.
Мазасыздық – адамның үнемі немесе жағдайға байланысты байқалатын жоғарғы тынышсыздық күйіне келуін, емтихан сынақтарымен немесе жоғарғы эмоциялық және басқа да себептермен пайда болаған физикалық жүктемелермен байланысты, ерекше әлеуметтік жағдайларда қорқыныш пен мазасыздықты сезіну.