5. КӨЗДІ ТЕКСЕРУӘДІСТЕМЕСІ 5.1 Жарық пен қараңғыға бейімделу.
5.2Көру өткірлігі
5.3 Кеңістікте көру.
5.4 Түсті ажырату.
5.1 Жарық пен қараңғыға бейімделу. Жарықтану азайған сайын көру талдағышының сезімталдығы арта түседі. Мұны қараңғыға бейімделу дейді. Жарықтану көбейген сайын талдағыштың сезімталдығы төмендей. Мұны жарыққа бейімделу дейді. Жарық жерден қараңғы жерге ауысқанда, көру талдағышының сезімталдығы он, жүз, мың есе өседі. Алғашқы екі үш секунтта шамалы, үш төрт секунттен он бес жиырма секунтке дейін сезімталдығы тез көтеріледі. Әрі қарай баппен өсіп, отыз қырық минут қараңғыда болғанда максимумға жетеді. Сондықтан адам жарық жерден шамалы жарықтанған бөлмеге көшкенде, бастапқы кезде маңайдағы заттарды айыра алмайды, ал ондаған секунт пен минуттен кейін олар айқындала бастайды. Қараңғыдан жарыққа көшкенде қабылдағыштар сезімталдығы тез төмендейді, ал өте жарық жерде бұл процес бір екі минут аясында аяқталады.
Көру аймағы және көздің өткірлігі. Көз алмасы қимылсыз тұрған сәттерде, көрініп тұрған кеңістіктің шекарасын көру аймағы дейді. Әдетте, ақ түс үшін көру аймағы көз қарашығына түсетін сәулелерге кедергі жасайтын, көз ұясының қабырғасымен шектеледі.
Көру аймағыы ақ түске қарағанда бояулы объектілерге аз болады. Бұл жағдай торлы қабықттың шет алаңдарында құтышалардың жоқ блолуы түсдіріледі.
Көру бұрышы 1минутке тең уақытта көздің екі нүктенің жеке көру қабілеті. Мұны көздің өткірлігі дейді. Зерттеу үшін пайданылатын арнауы таблицаларда көздің өткірліогі бір цифрмен бағаланылады. Бұл көру бұрышы1минутке тең деген сөз. Көздің 0,5 өткерлігіне екі көру бұрышы сәйкес, 0,1-10 көру бұрышына тең.
Орталық шұқырдың ортасынан қашықтаған сайын көздің өткірлігі нашарлай береді. Шетінде орналасқан таяқшалар бұрын көрініп тұрған объектілердің жоғалуын немесе көру аймағында жаңадан пайда болған объектілер тұралы ақпараттайды. Бас пен көз қимылдарының нәтижесінде тиісті объектілер орталық шұңқырған проекцияланып барынша анық ажыратуды қамтамасыз етеді. Сондықтан, орталық шұңқырдағфы қабылдағыштармен байланысты талдағыш элементтерін ажырату талдағышы деп атаса, ал торлы қабықтың шетіндегі элементтермен байланыстыларын қимыл талдағышы дейді.
5.4 Түсті ажырату. Түсті қабылдап түйсіну торлы қабықтың құтышалар аппаратымен қамтамасыз етіледі. Тек қана таяқшалар жұмыс істеген кезде адам түстерді ажырата алмайды,
Адам көзінің қабылдағыштары,әдетте сәуле толқынының ұзындығы 400-750 миллимикрон аралығында қозады.
Әрбір түс ренкімен қоюлығымен және ашықтығымен сипатталады.Реңк деп түсті обьектінің ақтан айырымын айтады.Түтің қоюлығы оған қосылған ақтын мөлшерімен сипатталады.Түстің ашықтығы сәуле тарату интенсивтігінің дәрежесі.Спектор түстері табиғатта ренк байлығын көрсете алмайды.Бір спекторлы түстің қоюлығы мен ашықтығын өзгерте отырып,мың түрлі ренк алуға болады.
Кеңістікті түйсіну.Адамның кеңістікті түйсінуі бірнеше физиологиялық механизмдерге байланысты.Кеңістікті түйсінуде көру түкпірі маңызды рөл атқарады.Көру түкпірінің арқасында адам алыста орналасқан түрлі заттардың тұрған жерін тура айыра алады.
5.3Көру өткірлігі.Көздің анықтап қарайтын заттың өте ұсақ бөлшектерін айыра алу қабілетін көру өткірлігі деп атайды.Оны әріптер мен циферлер ал мектеп жасына дейінгі балалар үшін шамасы жоғарыдан төмен қарай кішірейе беретін әртүрлі заттар бейнеленген таблицаның жәрдемімен анықтайды.Олар 10-12 қатар құрайды.Адам көзінің өткірлігін анықтау үшін таблицаны бес метр қашықтықта іліп,әріптерді атауды ұсынады.Алдымен оң көздің,одан соң,керісінше сол көздің көру өткірлігін анықтайды.Егер таблицаның ең соңғы жолы оқылатын болса,онда көру өткірлігі бірге тең болады.Төмен қарай ауысқанда әрбір келесі жолды шығару көру өткірлігі 0,1 кемитігін білдіреді.
Бинопулярлық көру.Затты екі көзбен қарап қабылдаудан ғана қалыпты әрі толық көру түйсігі пайда болады.Бұнда екі торлы қабықтың да бейне түсетін нүктелері бірдей дәрежеде тітіркенеді,ал оларда пайда болған импульстер ми қыртысының тиісті учаскісіне беріледі,бұл жерде анализ және синтез жолымен заттың екі көз ішіндебірдей денесі шығады,
Егер заттың денесі әрбір көздегі торлы қабықтын әртүрлі жеріне тсетін болса зат қосарланып көрінеді.Бұл ми қыртысының тиісті учаскісіне беріледі.Затты екі көзбен бірдей анықтап қарау сәтінде көз алмасын бүйшр жағынан қолмен ептеп басу арқылы осындай қос бейнені көруге болады.
5.2 Кеңістікте көру.Көз алмасының әртүрлі бағытта еркін қимылдауы көзден әртурлі қашықтағы заттардың айқын бейнесін көруге мүмкіндік береді.
Көз алмасы қимылының көлемі заттың шамасы,формасы және бедері туралы сондай ақ егер қарайтын зат көру алаңында қозғалатын болса,оның жылдамдығы мен бағыты туралы ой топшылауға мүмкіндік береді.Мұнда көздің аккомадациясы айрықша рөл атқарады
Егер екі көзде өзінің құрылысы бойынша ғана емес,сондай ақ функциясы жөнінен де өзара ұқсас болса,яғни олардың көру осьтері қарайтын затты түйшсетін болса,заттың бейнесі барынша жақсы болады.