Дәріс кешені 1 кіріспе. ПӘннің мақсаттары мен міндеттері, ОҚУ Үрдісіндегі орны. Анализаторларды дефектолог мамандардың білу қажеттілігі


СӨЙЛЕУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯСЫ



бет11/14
Дата25.11.2023
өлшемі2,35 Mb.
#126858
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дәріс-кешені (1)

12. СӨЙЛЕУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯСЫ
12.1 Құлақ ауруы
12.2 Лабиринтит
12.3 Есту нервісінің ауруы.
12.4 Отит
12.1 Құлақ ауруы Құлақ ауруы көбіне кейбір жұқпалы аурулардан кейін: грипптен, скарлатинадан, қызылшадан және т. б. кейін пайда болады. Адам осы жұқпалы ауруларра шалдыра қалса, жақсы күтінумен қатар, аузында, мүрнында және кеңсірігінде бар жараларды да бір мезгілде емдеткені жен. Бұлай етпеген жағдайда жара есту түтігі арқылы қүлаққа шауып, оның қабынуына әкеп соқтырады. Дәрігердің кеп жылғы тәжірибелеріне қараганда жұқпалы аурудан кейін қалатын жаралар уакытында емделмесе, онда құлақ ауруы тез жазылмайтын көрінеді.

12.2 Лабиринтит—ішкі кұлақ ауруы. Бұл ауру кезінде тепе-теңдік және есту рецепторлары, сонымен бірге бет нервісі, онымен қатар өтетін Врисберг нервісі, сілекей нервілері ауруға шалдығуы мүмкін.


Шеткі тепе-теңдік мүшесінің бұзылуын науқастың басының айнала беретіндігінен көруге болады. Бұл ауру кезінде науқас адам басы айналуының өз ерекшеліктері болады. Яғни оған (адамға) көз алдындағы заттар бір жаққа жылжып кетіп бара жатқан сияқты болып, немесе өзі сол заттардан алыстап бара жатқан сияқтанып керінеді. Ал науқас тақтада жатса, онда ол өзін оның үстінен құлап бара жатқандай сезінеді.
Лабиринтит кезінде бастың айналуы бір секундтан бірнеше минутқа дейін созылады. Бұл құбылыс жөтелгенде, түшкіргенде және басты бір жаққа бұрғанда күшейе түседі.
Осындай құбылыс үстінде науқасқа кез салатын болсақ, көзінің өз бетінше қозғалып тұрғанын байқау қиын емес. Бұл жағдай шеткі тепе-теңдік мүшесінің ауруға шалдыққанын көрсетеді. Соның салдарынан ауру адам өз бетімен тұрып жүре алмайтын болады. Түрегеп жүрген кезде бір жағына теңселіп құлай береді. Лабиринтиттің мишық ауруынан айырмащылығы — мшық ауырған кезде науқас адам ауырған жағына, ал лабиринтит кезінде қарама-қарсы жаққа құлайды. Лабиринтитке шалдыққанда науқас адам аяғынан тік түрегеп тұра алмайды. Басын бір жаққа бұрса болғаны басы айналып құлап қалады. Сонымен бірге бұл ауру кезінде науқастың жүзі бозарып тамыры қатты соғады:
Ауру меңдеген шақта науқас құсады, терлейді, жүзі біресе қызарады, біресе бозарады, жүрегі қағады, лоқсиды. Мұндай жағдай өте-мете аурудың бас кезінде немесе ол қайталаған кезде байқалады.
Құлақтың шуылдауы мен естуінің темендеуі — лабиринтиттің тағы бір белгісі болып табылады. Әдетте шуылдың үні жоғары болады. Ал лабиринтитке ортаңғы құлақтың ауруы қабаттасса, онда шуылдың темендеуі мүмкін. Бұл ауру кезінде сонымен бірге бас сүйек арқылы есту нашарлайды. Ал лабиринтит іріңді түрде болса, онда адамның ауырған құлағы түгелдей естімей қалады. Егер осы жағдайда 3—4 күн ішінде науқас адам саңырау болып қалмаса, онда оның есту қабілеті ақырындап қалпына келе бастайды.
Бұдан бұрын айтқанымыздай лабиринтит ауруы кезінде бет нервісі ауруға шалдығуы мүмкін. Бет нервісі лабиринтиттің сыртқы қабырғасында орналасқан, ол сондықтанда ауруға шалдығады. (Анатомиялық жақындық). Бет нервісінің ауруға шалдыққанын науқас адам бетінің қисаюынан, көзінің құрғауынан, аузының дәмінің өзгеруінен және сілекейінің азаюынан байқайды.
Жедел лабиринтит. 2—3 аптаға созылады, сонан соң жазылып кетуі мүмкін. Егер осы уақыт ішінде жазылмаса, онда оның созылмалы түрге айналуы ғажап емес, немесе ірің ми қабатына жайылады.
Егер лабиринтиттің бір жағының кызметі іріңдеу салдарынан бұзылса, онда бүл лабиринтиттің жұмысын 5—6 айдан кейін екінші жақтағы лабиринтит атқара береді.
12.3 Есту нервісінің ауруы. Қазіргі кезде есту нервісінің ауруы деп дыбыс талдағышы корти мүшесіндегі нейро эпителиалдың клеткаларынан бастап үлкен мидағы Гешл жолына дейінгі ауруды айтады. Сондықтанда бұл ауруды анықтау қиын.
Құлақтың әр түрлі жиілікте шулауы (жіңішкеден жоғары дыбысқа дейін), құлақтың естуінің темендеуі, көбіне бас сүйек арқылы естудің нашарлауы — есту нер-вісі ауруының белгісі болып табылады. Есту нервісінін, ауруы асқына берсе, онда науқас адам мүлде саңырау болып қалады. Ал науқас нәрестелік кезде басталса, онда адам керең болып қалады. Бір мысал келтірейік. Жиырма жастағы науқас гриппен қатты ауырады, денесінің ыстығы көтеріледі, басы сырқырайды. Өзі дәрі-дәрмек ішіп үйінде емделеді. Екі-үш күн үйінде болады. Құлағының естуі темендей бастағанда лор дәрігерге барады. Дәрігер науқастың естуінің гриппен ауырғаннан кейін төмендегенін анықтайды. Дәрі-дәрмек жазып, ауруды үйінде қалдырады. Бірақ екі қүлағының шуылы басылмайды. Қүлақтың шуылы күннен-күнге ұлғая бастайды, оған есту қабілетінің төмендеуі косылады.
12.4 Отит. Гриптен кейін пайда болатын жедел отиттер қазіргі кезде басқа жұқпалы аурулардан кейін пайда болатын отиттерден де көп кездесіп жүр. Гриптің вирусі ішкі құлаққа әсер етсе, онда есту нашарлап, саңыраулыққа әкеп соқтырады. Гриптен кейінгі отитке бала өте жас кезінде ұшыраса, онда оның керең болып қалуы мүмкін. Сондықтан гриптен кейін пайда болатын отиттен сақтанудың әлеуметтік маңызы зор.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет