Бақылау сұрақтары
1. Желі архитектурасы қалай таңдалады?
2. Интернет-провайдерлерді қандай түрлерге бөлуге болады?
3. Хостинг-провайдер не үшін қызмет етеді?
4. Соңғы миля дегеніміз не?
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Б.Бөрібаев, Г.А.Мадьярова WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАР. –Алматы, 2011. – 359б.
2. Гончаров А. Самоучитель HTML. – СПб: Питер, 2011. – 240 с.: ил.
3. Матросов А.В., Сергеев А. О., Чаунин М. HTML 4.0 – СПб.: БХВ – Петербург, 2011. –
672 с.: ил.
4. Соловьева. Сетевые технологии. Учебник-практикум. - СПб.: БХВ - Петербург, 2009.
– 416 с.: ил. + CD
5. Глушаков С.В. Программирование Web-страниц / С. В. Глушаков, И. А. Жакин, Т. С.
Хачиров; худож.-оформитель А. С. Юхтман. – Ростов н/Д: Феникс, Харьков: Фолио, 2006. – 400
с. – (Самоучитель).
6. Леонтьев Б.К. Web-дизайн: Руководство пользователя – М.: Познавательная книга
плюс, 2001. – 320 с. – (Ваш персональный компьютер).
Дəріс 3. Интернетте ақпараттың тасымалдануы. ТСР/ІР хаттамаларының стегі.
Дəріс мақсаты: ISO/OSI моделі жеті деңгейімен таныстыру. ТСР/ІР хаттамаларының
стегі туралы мәлімет алу
Түйінді ұғымдар: ақпарат, маршрутизатор, коммутатор, көпір, хост, түйін
Дəріс жоспары
1. Жеті деңгейлі ISO/OSI моделі
2. Қайталаушы
3. Көпірлер
4. Маршрутизаторлар
5. Коммутаторлар
6. Шлюздар, хосттар, түйіндер
Интернет арқылы ақпарат жіберу
Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне - Бүкіләлемдік өрмек, электрондық пошта,
желілік чат және конференциялар жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап – байланыс
арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанымен кез келген жағдайда ақпаратты бір орыннан екінші
орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады. Желі тораптарының (түйіндерінің)
бірсыпыра бөлігі істен шықса да, қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс.
Ақпараттарды тасымалдау сенімділігі мен оның жеткізілу жылдамдығын арттыру мақсатында
мәліметтерді тасымалдаудың жаңа түрі - дестелерді (пакеттерді) коммутациялау технологиясы
пайда болды.
Десте (Пакет-Packet) дегеніміз – желі арқылы тасымалданатын хабарламалардың базалық
бірлігі. Пакеттер көлемі шағын болады. Олардың әрқайсысы жеке жөнелтіліп, адреспен және де
басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі (қателерді тексеру кодтары, т.с.с.).
Пакеттерді коммутациялау технологиясының артықшылығы болып мәліметтерді
тасымалдау жылдамдығының жоғарылығы, сенімділігі және икемді жұмыс істеуі болып
табылады.
Пакеттерді коммутациялау принципі тасымалданатын мәліметті бірнеше шағын
бөліктерге бөлуден тұрады. Мәліметтер жеткізілетін пунктке дейінгі аралықтарда орналасқан
түйінді компьютерлер арасында пакеттер бір-біріне тәуелсіз тек өзіне тән байланыс арналары
арқылы жылдам жеткізіліп тасымалданатындай етіп ұйымдастырылады. Бір мәліметті құрайтын
әрбір пакет баратын пунктіне тек өз маршруты бойынша жеткізілетін болады. Қабылдау
пунктінде пакеттер қайтадан біртұтас мәліметке біріктіріліп, өз иесіне, яғни арналған
адресатына берілуі тиіс.
Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бөл бастама 1969 жылы АҚШ-
дағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктіретін ARPANET желісінің
ұйымдастырылуына себепші болды. Осыдан кейін Интернет – желілерді біріктіру термині
пайда болды.
Сонымен, Интернет – барлық жүйелері хаттама деп аталған бірыңғай стандартпен, яғни
ережелермен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды компьютерлік желі.
Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлігі болып табылатын
төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:
Техникалық немесе аппараттық компонент;
Программалық компонент;
Ақпараттық компонент.
Аппараттық компонент. Интернеттің аппараттық компоненті компьютерлердің әртүрлі
модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізі әр түрлі болып келген байланыс арналарынан,
компьютерлер мен байланыс арналары арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді
қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады.
Ол елдегі көлік жолдары тәрізді, оның бір бөлігі істен шықса да, айналма жолдар арқылы
кез келген ауылға, қалаға баруға мүмкіндік бар. Интернет жолдар сияқты бір жазықтықта емес,
жалпы кеңістіктегі құрылымнан тұрады.
Программалық
компонент. Интернеттегі әртүрлі типтегі компьютерлер мен
құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін олардың программалары қамтамасыз етеді.
Программалар:
Мәліметтерді кез келген байланыс арналары арқылы тасымалдайтындай және кез
келген компьютерде оларды қабылдап алуға болатындай етіп түрлендіре алады;
Біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;
Тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Сурет Желідегі компьютерлер әр түрлі байланыс арналарымен қосылып тұрады
Желінің осы сәттегі жұмыстық қалыпын бақылап, оның ішінен ақаулы аумақ табылса
немесе мәлімет көлемі тасымалданатын шамадан асып кеткен аумақтар байқалса, мәліметтер
ағынын ол маңайларды айналып өтетін басқа жақтарға қарай бағыттайды.
Сонымен, программалық компоненттің негізгі функциялары:
Ақпаратты сақтау, іздеу, жинақтау, көру немесе тыңдау;
Желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау;
Аппаратураның функционалдық сәйкестіктерін қамтамасыз ету істерін атқарады.
Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді:
Сервер-программалар - тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін желі торабына
орналасады;
Клиент-программалар, тұтынушы компьютерлерінде орналасып, сервер қызметін
пайдаланады.
Ақпараттық компонент желідегі компьютерлерде сақталатын әртүрлі құжаттар арқылы
өрнектеледі. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір ерекшелігі – олар таралған түрде
сақталады, мысалы, мәтін бір компьютерде, дыбыс пен әуен –екіншісінде, ал графика – желідегі
басқа үшінші компьютерде сақталады.
Осы құрылымға сәйкес аппараттық, программалық және ақпараттық қорлар да біртіндеп
дамып келеді, олар құрастырылуына байланысты әр түрлі меншікте (мемлекеттік, қоғамдық,
корпоративті, жеке) бола береді.
Жеті деңгейлі модель (Open Systems Interconnection, OSI) халықаралық ұйымның стандарт
(International Organization for Standardization, ISO) арқылы ашық жүйенің әрекеті көрсетеді.
ISO/OSI моделі ықтимал, бұл жүйе нұсқаулары жеті деңгейгеден тұрады, осында әр қайсының
өзіндік стандарты және жалпы моделі болады. Қорытынды нәтижесінде, желі кішкентай және
аңай есепке бөлінетін, қолданушының бірігу жабдықтауын әр түрлі және қосымша өңдеуін
бөлек деңгейде құру арқылы және бөлек деңгей есебімен шығаруы, және де қазір
қолданылатынын іске асыру болып табылады.
Теориялық түрінде, әр деңгейі аналогты мудальденген деңгей компьютер арасындағы әрекеті.
Олар пратика жүзінде, физикалық түрі ережеге бағынбайтын, үстінде және астында
орналқан деңгей ережелері – пайдалануға берілетін үстінде орналқан қызмет және қолдануға
астында орналасқан қызметпен қолданылады. Еске сақтаңыз, қазіргі уақытта компьютерде бір-
бірінен тәуелсіз бірнеше іске асыру жағдайын бір деңгейде жұмыс істей алады. Мысалы,
компьютер бірнеше желінің адаптар стандарт түрі Ethernet немесеадаптар стандар Ethernet және
Token-Ring, және де басқаларымен қолдануы мүмкін. ISO/OSI архитектурасы мұрат жүзінде
бірінші пайда болуы керек еді, ал содан кейін қалған құрылғылары комерция, зерттеу және
стандарт ұйымы, сонда әр қайсысы архитектура деңгейдің делдігі. Шындық айтқанда,
технологияның көбісі жеті деңгей модель түрінде есте сақталынған. Одан басқа, кейбір жаңа
технологиялар, және кешіректеу пайда болған ISO/OSI моделі, бірігуі толық емес. Бірақ, қиын
жол болғанымен қатар,бұл модель толық сыйысушылықты қамтамасыздандырады, сондықтан
ол тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |