Бақылау сұрақтары
1. FTP хаттамасындағы бірлесіп әрекеттесетін құрылымды баяндаңыз.
2. Белсенді тәртіп деген не? Белсенді емес тәртіптен айырмашылығы?
3. Архитектурадағы машиналар арасындағы қандай деректермен алмасу
әдісін білесіз?
4. HTTP хаттамасы не үшін қызмет етеді?
5. HTTP хаттамасы нені білдіреді?
6. HTTP-нің жұмыс принципн баяндаңыз.
7. HTTP-ң клиент сұранысы және сервер жауабы неден тұрады?
8. Get, Head, Post әдістерінің мәнін айтыңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер
1.
Б.Бөрібаев, Г.А.Мадьярова WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАР. –Алматы, 2011. – 359б.
2.
Гончаров А. Самоучитель HTML. – СПб: Питер, 2011. – 240 с.: ил.
3.
Матросов А.В., Сергеев А. О., Чаунин М. HTML 4.0 – СПб.: БХВ – Петербург, 2011. –
672 с.: ил.
4.
Соловьева. Сетевые технологии. Учебник-практикум. - СПб.: БХВ - Петербург, 2009. –
416 с.: ил. + CD
5.
Глушаков С.В. Программирование Web-страниц / С. В. Глушаков, И. А. Жакин, Т. С.
Хачиров; худож.-оформитель А. С. Юхтман. – Ростов н/Д: Феникс, Харьков: Фолио, 2006. – 400
с. – (Самоучитель).
6.
Леонтьев Б.К. Web-дизайн: Руководство пользователя – М.: Познавательная книга
плюс, 2001. – 320 с. – (Ваш персональный компьютер).
Дəріс 7. Интернеттің негізгі қызмет баптары. Электрондық пошта, SMTP жəне POP3
протоколдары, пошталы сервер жəне клиент. Telnet жəне NNTP хаттамалары
Дəріс мақсаты: Электрондық пошта, SMTP және POP3 протоколдары, пошталы сервер
және клиент, Telnet және NNTP хаттамалары қызметтерімен таныстыру
Түйінді ұғымдар: Электрондық пошта, SMTP, POP3, пошталы сервер, клиент, Telnet,
NNTP
Дəріс жоспары
1. Telnet протоколы
2. NNTP протоколын белгілеу
Электрондық пошта хаттамалары, SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электрондық
поштаның арнайы хаттамасы. Электрондық пошта SMTP, РОР3 сияқты екі хаттамамен жұмыс
істейді. Алғашқысында мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік бар, ол хаттарды
жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал РОР3 – мәлімет алушы маңындағы серверге келіп түскен
ақпаратты керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.
Telnet – компьютердің желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелген қызмет
түрі болып табылады. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, олардың өз
компьютеріміздегідей жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Telnet-көмегімен кез келген портқа еніп, оны қарап шығуға болады. Ол келесі үш
тізбектен тұрады:
1.
Қолданушының Telnet-интерфейсі;
2.
Telnet процесі;
3.
Telnet хаттамасы.
Бұлар алыстағы компьютер ресурстарына қол жеткізу үшін желілік терминалды
пайдаланады.
Telnet хаттамасы ТСР транспорттық хаттамасының қосымшасы ретінде қолданылады.
Telnet –ң негізінде үш іргелі идея жатыр:
1. NVT (Network Virtual Terminal –Желідегі виртуальді терминал) концепциясы;
2. Келісім-шарт опциясы (өзара әсер параметрін сәйкестендіру);
3. «терминал-процесс» байланыс симметриясы.
Telnet байланыс программасын орнатқанда, ол нақты терминал құрылғыларымен жұмыс
істейді және мұнда ақпарат алмасу үшін терминал құрылғылары жұмысы ережелері немесе
желілік виртуалды терминал (Network Virtual Terminal) қолданылады. NVT – бұл нақты
физикалық терминал құрылғысының мүмкіндіктерін кеңінен қолданатын стандартты сипаттау.
USENET жаңалықтар тобы немесе телеконференциялар – кез келген тақырыпта мәлімет
жинайтын пікір таластыру топтары болып табылады. Пікір таластар электрондық пошта
арқылы жүргізіледі. USENET – желі бойынша таралып орналасқан пікір таластыру клубы,
телеконференциялар, жаңалықтар тобы. Бұл қызмет түрін NNTP (Net News Transfer Protocol)
хаттамасы арқылы жүргізіледі. Электрондық поштадан айырмашылығы – USENET клиенті өз
мәліметтерін жеке адресатқа емес, өзі білмейтін ортадағы басқа топқа, яғни телеконференция
абоненттеріне жібереді. Конференцияның барлық қатысушыларының құқықтары бірдей болып
саналады. Əрбір конференция бір тақырыпқа арналады.
IRC (Internet Relay Chat) – Интернет арқылы тікелей хабарласу немесе чат – мұнда
мәлімет алмасу нақты уақытта тікелей жүргізіледі. IRC –ті кейде чат-конференция немесе чат
деп атайды. IRC жүйесіне қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында жүргізіледі жіне оған
бірнеше адам ғана қосыла алады. Бір IRC серверіне қосылып, бірден әңгімелесе беруге болады.
Əңгіме пернелерден тікелей сөздерді теру арқылы жүргізіледі. Чаттың телеконференциядан
айырмашылығы жауап бірден келеді.
ICQ (I seek you – мен сені іздеймін) – желі тұтынушыларына нақты уақыт кезінде хат-
хабарламамен алмасып, бірден чат құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін файл
түрі.
IP-телефония – бұл Интернетті немесе кез келген IP-желісі арқылы телефонмен сөйлесу
технологиясы.
Жұмыс режимі:
Телефон-телефон;
Компьютер – телефон.
IP-телефония – Интернет арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі тағда бұл
бағдарламалардың ішіндегі жиі қолданылатыны Skype болып табылады. Skype программасын
орнату компьютер жөнінде қандай да бір артық білімді талап етпейді.
Арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы ретінде кәдімгі қалалық телефонды
пайдалануға немесе кіретін қоғырауларды ұялы телефонға қабылдап алуға болады.
Skype
программасымен сәйкестендіретін DECT (Digital Enhanced Cordless
Telecommunication) – телефон да пайда болды. DECT – бұл үйге арналған ұялы телефон тәрізді,
мәліметтерді сандық таратуға арналған радиотелефондар. Ол – өте қарапайым әрі арзан шешім
– неғұрлым ыңғайлырақ болу үшін USB (Universal Serial Bus) – портқа арнайы IP-телефонды
қосып қоюға болады.
WAP хаттамасы негізіндегі мобильді интернет
WAP (Wireless Application Protocol – мәліметтерді сымсыз тарату хаттамасы) – хаттама
немесе техникалық стандарт, осы тәсіл арқылы ақпарат Интернет желісінен шағын ұялы
телефон дисплейіне жіберіледі. Бұл технология ұялы телефоннан интернет желісаінің мобильді
ресурстарына қосылу мүмкіндігіне ие болуға, WML (Wireless Markup Language – «сымсыз
белгілеу тілі») немесе XHTML (Extensible Hypertext Markup Language – кеңейтілген
гипермәтіндік белгілеу тілі) формаларындағы ұялы телефон мүмкіндіктеріне арнайы
икемделген ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Интернет пен веб-технологиялардың жіктелуі төмендегі кестеде көрсетілген:
Интернет-технологиялар
Web-технологиялар
Компьютерлік желілер, хаттамаларды
құру принциптері, маршруттау, TCP/IP,
HTTP, SMTP, POP3 және т.б.хаттамалар
HTML, CSS, JavaScript, PHP, DOM
және т.б.
Интернеттің негізгі ақпараттық және коммуникациялық қорлары
электрондық пошта және пошталық жұмыстар;
Usenet
телеконференциясының
глобальды
жүйесі,
аумақты
және
арнайы
телеконференциялар;
жіберу тізімі;
пайдаланушылардың коммуникациясының он-лайндық құрамы;
адамдарды және ұйымдарды іздеу жүйесі;
Hytelnet деректер базасы;
FTP файлдық архивтерінің жүйесі, глобальды және аумақты қамтитын FTP-
архивтарындағы іздеу жүйесі;
Gopher деректер базасы және Veronica іздеу жүйесі;
World Wide Web (WWW) гипертекстті ақпараттық жүйе;
қорлар каталогы - глобальды, локальды, арнайы (WWW ортасында);
іздеу машиналары, немесе автоматты индекстер - глобальды, локальды, арнайы (WWW
ортасында);
баннерлі жүйе (WWW ортасында);
активті ақпараттық каналдар (WWW ортасында).
TELNET хаттамасы қызмет көрсетуші машинаға барлық алшақталған терминалдарды
ASCII кодында жұмыс істейтін қатарлық типті стандарты «желілік виртуалды терминалдар»
ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар анағұрлым қиындау қызметтерді (мысалы,
локальды немесе алшақталған жаңғырық-бақылау, парақтық режим, экранның биіктігі мен ені
және т.б.) келістіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. TELNET TCP
хаттамасының негізінде жұмыс істейді. Қолданбалы деңгейде TELNET-тің үстінде не іс
жүзіндегі терминалды қолдау бағдарламасы (пайдаланушы жағында), не қызмет көрсетуші
машинадағы терминалдан жетуге болатын қолданбалы процесс болады. TELNET-пен жұмыс
істеу телефон нөмірін теруге ұқсайды. Пайдаланушы пернетақтада
telnet delta тріп, экранда delta машинасына кіруге шақыру алады. TELNET хаттамасы
бұрыннан бері бар. Ол жақсы тексерілген және кең таралған. Əртүрлі операциондық жүйелер
үшін көптеген жүзеге асыру нұсқаулары құрылған. Клиент-процесі, айталық, VAX/VMS ОЖ-
нің, ал сервер-процесі UNIX System V ОЖ-нің басқарылуымен жұмыс істеуі мүмкін.
NNTP (Network News Transfer Protocol) хаттамасы мыналар үшін қолданылады:
• серверде мақалаларды орналастыру;
• сервердің мақалаларының тізімін іздеу мен қарау;
• серверлер арасында мақалалармен алмасу,
NNTP хаттамасы SMTP-ге қатты ұқсайды. Солайша, мысалы, NNTP хабарламалары мен
бұйрықтары ASCII таңбаларының жиынын қолданады.
Бұйрықтар – бұл ASCII-мәтіннің жолдары, онда бұйрықтың атауынан кейін қосымша
көрсеткіштер болады. Əр бұйрық CR және LF ASCII-таңбаларымен аяқталады. SMTP-дағыдай,
NNTP-жауаптар үштаңбалы кодтан және ASCII- мәтіннен тұрады. Алғашқысы хаттаманы
жүзеге асыратын автоматты басқару үшін қолданылады, ал мәтінді пайдаланушыға (адамға)
көрсетуге болады.
Жауаптар да CR және LF таңбаларымен аяқталады. Егер бұйрыққа жауап кезінде сервер
қосымша мәліметтерді жіберетін болса, мысалы мақала мәтінін, онда әрбір жол CR/LF
тізбегімен аяқталады. Жауаптың соңы «нүкте» бір таңбасы бар жолмен және CR/LF
таңбаларымен белгіленеді. SMTP- дағыдай, «нүктелермен толықтыру» қолданылады: жіберу
кезінде, егер жол нүктеден басталса, онда бұл нүкте қайталанады да, соңында CR/LF таңбалары
қосылатын болады. Қабылдағыш-бағдарлама артық нүктені кесіп тастайды.
HTML (Hypertext Markup Language) - бұл Web-те қолданылатын гипермәтіндік (яғни,
мәлімет форматы) белгілеуінің қарапайым тілі. HTML форматы гипермәтіндік құжаттың толық
қатарын көрсетеді. Негізінде HTML-файлдар – статикалық құжаттар. Шлюздарды (төменгі
«CGI интерфейс бөлімінде қараңыз») қолдана отырып, HTML форматында динамикалық
ақпаратты көрсетуге болады, мысалы мәлімет негізінен таңдау. CGI интерфейсін талап етпейтін
Dynamic HTML (Dl ITML) және Microsoft Visual Basic Scripting Edition (VBScript) тип тілінде
қолдану туралы толығырақ 13 бөлімде. HTML — SGML (Standard Generalized Markup Language)
тілінің оңайтылған қорытынды версиясы: құжат құрылымын формальды анықтайды. HTML тілі
қарапайым, бірақ көптеген құжаттардың ортақ бағытын ұсыну үшін күштілігі жеткілікті. Тип
ішіндегісі, HTML форматында жазылған алаң text/html түрімен белгіленеді. HTTP хаттамасы
бойынша жіберетін гиперсілтемемен (URL түрінде) HTML-құжаттарын Web база негізінде
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |