Дәріс кешені дəріс Кіріспе. Клиент-серверлік архитектурасы. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі əрекеттесуі



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата20.12.2022
өлшемі1,89 Mb.
#58571
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Бақылау сұрақтары
1. CGI технологиясы туралы не білесіз?
2. CGI бойынша сұраулар мен жауаптардың атауларын айтыңыз?
3. WEB-жылдамдатқыштар туралы мағлұматтар айтыңыз
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Кузнецов С.Д. PHP 4.0. Руководство пользователя. – М.:Майор,2001.
2 Леонтьев Б. Web – дизайн: Хитрости и тонкости: - М.: МиК, 2001.
3. Николенко Д.В. Практические занятия по JavaScript. – СПб.: 2002.
4. Гультяев А.К., Машин В.А. Уроки web – мастера. – СПб.: 2002.
5. Рик Дарнелл. Javascript – справочник. 2001.
6. Жумагалиев Б.И.Лабораторный практикум по Интернет-технологиям.
Учебное пособие. – Алматы: АЭИС. 2003.
Дəріс 12. Интернеттің іздеу технологиялары. Қажетті ақпаратты іздеу принциптері.
Іздеу машинасының жұмыс механизмі. Индексті құру
Дəріс мақсаты: Интернеттің іздеу технологиялары туралы мағлұматтар беру.
Түйінді ұғымдар: домен, индекстелген каталогтар, домендік аттар, іздеу машиналары
Дəріс жоспары:
1. Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар
2. Индекстелген каталогтер
3. Домендік атты теру
4. Іздеу машиналары және олардың жұмыс істеу механизмдері
5. Индекс арқылы іздеу
Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі
қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі
болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап
келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар
мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу
қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен
жұмыс істейтін іздеу аспаптары сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген,
іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген.
Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу
машиналары (поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер,
метаіздеуіш жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен


анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі
категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Əр категорияны жеке қарастырайық.
Индекстелген каталогтер
Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым
түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық
бөлімі “спорт”, “демалыс”, “ғылым”, “дүкендер” сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал
әр бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары арқылы саяхат жасап,
іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу
орындарын іздеу барысында мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары ->
Жоғары оқу орындары ->Институттар. Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан
сілтемелер жинағын аласыз. Катологтерді программалар емес, адамдар құрастырғандықтан,
катологтегі барлық сілтемелер профильді болып табылады. Егер сіз ортақ тақырыпта жалпы
ақпарат іздесеңіз, онда каталогке қатынаған дұрыс. Ал егер сізге нақты бір құжатты табу керек
болса, онда каталог тиімсіз іздеу құралы болып табылады.
Желіде ортақ қолданылатын каталогтардан басқа, ерекшеленген каталогтар да бар. Егер
де бір каталогта өте көп қор орналасса, онда оларды кең таралуына байланысты бірнеше
бөліктерге бөлуге (ражнирование) болады. Мысалы, Яндекс каталогында бөліктеу басқа
сайттардың біздің сайттағы сілтемелерінің индексімен жүргізіледі.
Желіде каталогтардан басқа рейтингтер де бар. Каталогтан рейтингтің айырмашылығы, мұнда
қорларды тікелей оның иесі суреттесе, ал каталогта - авторы, демек оның редакторлары
суреттейді.
Сілтемелердің тематикалық жинағы
Сілтемелердің тематикалық жинағы – бұл кәсіби топтармен немесе жеке жинақтаушылармен
құрылған тізімдер. Шектелген кәсіби тақырыпты ірі каталогтің жұмыскерлер тобына қарағанда
сол жұмыстың кәсіби маманы жақсы ашуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет