Жоғарыда ескертiп кеткенiмiздей атрибуттар дескрипторлардың әрекетiн анықтайды. Көп
жағдайларда дескрипторлар атрибутсыз жұмыс жасайды. Алайда кейде мiндеттi түрде атрибуты
болуы тиiс дескрипторлар кездеседi. Атрибуттар дескриптордың атауынан кейiн бiр бос орын
тасталып, мән меншiктелiп жазылуы керек. Дескрипторда бiрнеше атрибут болса, олар бос орын
арқылы ажыратылады. Мысалы,
мұндағы bgcolor – фон түсi, text – мәтiн түсi.
HTML-де дескрипторға атрибуттар тiркелiп, атрибуттарға мәндер меншiктелiп жазылған
сөйлем
жол деп аталады. Дескрипторлар мен элементтер тiзiмi курстық жұмыстың А
қосымшасында келтiрiлген.
Атрибуттарға мiндеттi түрде мәндер меншiктелуi тиiс. Бұлай болмаған жағдайда HTML
дескрипторды қабылдамайды. Матрибуттарға меншiктелетiн мәндер түрлiше болуы мүмкiн:
сандық, мәтiндiк, пайыздық, т.с.с. Мысалы,
- бөлiм дескрипторының align атрибутына left
(сол жақ шетi), right (оң жақ шетi), center (ортасы), justify (енi бойынша) мәндердiң бiрiн
меншiктеу жолы:
DIV мiндеттi түрде жабылуы тиiс дескриптор болғандықтан оны
арқылы жабу
керек.
Сол сияқты (шрифт) дескрипторының size (өлшем атрибуты 1-ден 7-ге дейiн
мәндер қабылдайды, мұндағы 1 ең кiшi шрифт өлшемi, ал 7 ең үлкен шрифт өлшемi) атрибутына
мән меншiктеу жолы:
Бұл кезде броузердегi мәтiннiң шрифт өлшемi дескрипторы жабылғанша 5
өлшемiн қабылдап тұрады - .
Сандық мәндердiң келесi бiр типi оналытылық код түрiнде берiледi. Бұл HTML-де
пайдалануға мүмкiн түстердiң оналтылық санау жүйесiнде алфавиттiк-цифрлық коды. МҮндай
мысал жоғарыда келтiрiлген болатын. Мысалдағы, FFFFFF – ақ түстi фон, ал 000000 - қара мәтiн
түсiн бередi. Оналтылық мәндердiң алдына # символы қойылады.
HTML-де сiлтеме дескрипторы - <А> арқылы Web-адрестi шығаруға болады:
Осы сияқты каталогты және кескiн файлдары дескрипторын қолдануға болады:
Өздерiңiз байқағандай барлық аттрибуттардың мәндерiнiң алдына = (теңдiк белгiсi)
таңбасы қойылады және оналтылық мәндерден басқа типтегi мәндер тырнақшаға (“ ”) алынып
жазылады. Бұл HTML-да жол жазудың жалпы ережелерiнiң бiрi.
Арна йы символдардың көмегiмен HTML бетке HTML кодын шығаруға болады. Ол үшiн
“кiшi” және “үлкен” символдарының орнына & символын пайдалану керек, мысалы,
< IMG src= “aspan.gif” >
Арнайы символдар мен дескриптордың қолданылу айырмашылығы 1 және 2-суреттерде
келтiрiлген.
Достарыңызбен бөлісу: