Қоғамның этникалық құрылымын әлеуметтанудың “этносоциология” деген арнаулы теориясы зерттейді.Бұл теория қоғамның әр түрлі этностарының (яғни, ру, тайпа, халық және түрлі ұлт өкілдері) пайда болуын, мәнін, мазмұнын, олардың қоғамдағы атқаратын әртүрлі қызметін, араларындағы мәнді, тұрақты, қайталанатын, қажетті байланыстарды анықтап, жаңа заңдылықтарды ашады.
Этносоциология этникалық қауымдастықтың өмірі мен іс әрекеттерінің әлеуметтік жақтарын, ерекшеліктерін зерттейді.”Этника” деген ұғым “этнос” деген ұғымнан шыққан. “Этнос” грек тілінен аударғанда ру, тайпа, халық дегенді білдіреді.Этнос адамдардың тарихи этникалық тұрақтылық бірлігі. Бұл термин “халық” деген ұғымға жақын келеді. Осыдан келіп “метаэтнос” және “субэтнос” деген терминдер шығады.