Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы


тақырып. Іргелі ұғымдар және философияның қағидалары. Философиядағы әдіс мәселесі



бет27/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
Философия дәрістер кешені-2

8 тақырып. Іргелі ұғымдар және философияның қағидалары. Философиядағы әдіс мәселесі.

Дәріс мақсаты: Дүниенің бірлігі және көптүрлілігі. Мән болмыстың бірегейлігі және түрдің бірлігі ретінде. Ұғымдар болмыстың ең жоғарғы түрі. Негізгі ұғымдар: материя жән түр, себеп салдар, қажеттілік пен кездейсоқтық, терістеуді терістеу, қайшылық, сапа, сан және өлшем. Заң қажеттілік ретінде. Заң және мән. Әдіс және методология ұғымы. Эмпирикалық таным әдістері. Ғылыми танымның мәні және құрылымын(проблема, гипотеза, теория) қарастыру

Тақырыпқа қатысты сұрақтар

1.Іргелі ұғымдар және философияның қағидалары.

2. Философиядағы әдіс мәселесі.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Даму – мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Қозғалыс әрқашан бір нәрсенің екіншісіне қарай қозғалуы (бағытталған) яғни, басталуы мен аяқталуы бар әртүрлі заттардың, процестердің және басқалардың қозғалысы ретінде өмір сүреді.

Қарапайым ойлаудың түсінігі бойынша даму, ол қозғалыстың бағыттылығы. Ол бағыт қарапайымдылықтан күрделікке қарай өрістейтін қозғалыс, не өзгерістің түрі. Адамдардың іс-әрекеті көп жағдайда тірі тіршіліктің формаларымен байланысты. Даму-әлемдегі сан алуандылықтардың болу шарты, үнемі бұрын болмаған жаңа нәрселердің туып жатуының жолы. Даму қозғалыс пен өзгеріске нақты мазмұн береді. Шын мағынасында даму деп бұрын айтылып жүрген қарапайымдылықтан күрделікке қарай өзгеруді түсінген дұрыс болар. Кері кетушілік күрделіліктің ыдырауы, жойылуы – даму емес, оның шегіне жетіп аяқталуы, жоғалуы. Оларды шарты мағынада прогресс пен регресс деп атайды. Регресс сондықтан да даму емес. Оның себебі регресс болмыс формаларының сан алуандылығына емес, біркелкілігіне апаратын жол. Мысалы, руханилықтан, руханисыздыққа, тірліктен өлікке ауысуды даму деп түсіну қиынырақ болар. Даму идеясын кең әрі терең мағынада талдаған Гегель оны тек әлемдік Рухтың болу жолы деп қараған. Табиғат Рухтың нәтижесі болғандықтан онда Гегельдің түсінуінше даму жоқ. Рух өзінің жетілмеген де, жетілгенде формаларын табиғатта кеңістік жағынан бір-бірімен қатар орналастыра береді. Олардың тарихи пайда болу тәртібі сақталмайды. Тек адамдар қоғамы пайда болғанда Рух табиғатта оянып, уақыттық формасына ауысады. Дамудың негізгі көріну формасы уақыт. ХХ ғасырда осы көзқарасты француз ойшылы Ж.П. Сартр қолдаған. Оның ойынша барлық даму диалектикасы адамдар қоғамының өзгеруінде. Болмысты бүкіл әлемдік құбылыстарды – табиғатты, қоғамды және адамның ой-санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланыста қарастыратын философиялық ілім дамудың философиялық теориясы, яғни диалектика болып табылады. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебап заңдылықтарын зерттейді.

Көне грек (антикалық) философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық формасы дүниеге келіп, қалыптасты. Қозғалыстың түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен-ақ (Парменит, Зенон) байқалған болатын. Дүниедегі бардың бәрі қарама-қайшылықтардан тұрады, өзара байланысты болады. Диалектиканың екінші тарихи формасы неміс классикалық философиясында идеалистік негізде қалыптасты. Бұл ағымның өкілдері: Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель дүниеге деген метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама-қарсы қойды. Диалектиканы дамытуға, Г. Гегельдің қосқан үлесі өте зор. Ол бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі абсолюттік идея («әлемдік ақыл-ой») деп білді. Ол диалектиканың заңдарын тұжырымдап, оның категорияларының логикалық жүйесін жасады. Оның пікірінше, қозғалыста тұрған, дамуда болатын шынайы, адам санасынан тысқары тұрған заттар мен құбылыстар емес, руханилық, идея, түсініктер, ақыл-ой ғана. Мұның мәні - Гегель диалектикасына материалистік тұрғыдан келіп, оның негізіне табиғат пен адамзат қоғамының обьективті диалектикасын жатқызу деген сөз. Бұны жаңа мазмұнда, жаңа сипатта дамытушы К. Маркс, Ф. Энгельс болды. Олар диалектиканың тарихи үшінші формасын – материалистік диалектиканы өмірге келтірді.

Диалектиканың жалпы заңдары обьективті дүниеге де, рухани салаға, адам ақыл-ойы мен санасына да ортақ, тұрақты әрі мәнді байланыстарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда философия тарихында қалыптасқан обьективті диалектика және субьективті диалектика ұғымдарын ажыратады.

Даму процесін танып білудің, философиялық ойлау жүйесінің формалары мен заңдары туралы жан-жақты, терең мазмұнды диалектикалық логика ілімін қалыптастырып, оның негізгі принциптерін айқындап берді. Ол принциптер мыналар: 1) даму принципі. 2) жалпы байланыс принципі. 3) обьектіні практикамен тығыз байланыста қарастыру керек. 4) нақтылық принципі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет