Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы



бет29/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Қажеттілік дегеніміз - материалдық ұйымдастларды құраушы, ішкі табиғи элементтермен шарттасқан, өзінің өмір сүру себебі бар қасиеттер мен байланыстар. Кездейсоқтық дегеніміз - өзінің өмір сүру себебі ішкі жағдайлармен шарттасқан қасиеттер мен байланыстар көрінуі міндетті емес, олар болуы не болмауы мүмкін. Мән дегеніміз- құбылыстар тобының біртұтас, ішкі, жетекші байланысын көрсетуге арналған философиялық категориялар. Құбылыс дегеніміз - мәннің сыртқы көрінісі. Мазмұн мен форма. Барлық құбылыстардың мазмұны мен формасы болады. Белгілі бір затты, құбылысты, процесті құратын элементтердің, жақтардың, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы мазмұн деп түсінеді. Түр - мазмұнның ұйымдасуы, құрылымы, оны құрайтын қарапайым бөлшектер. Түрлер ішкі және сыртқы формалар болып бөлінеді.

Мүмкіндік- әлі жүзеге аспаған, бірақ жүзеге асуы ықтамал құбылыс. Шындық дегеніміз- мүмкіндіктің заңды, обьективті, қажетті тұрғыда жүзеге асқан түрі, нақты бар құбылыс. Мүмкіндік пен шындықтың өзара байланысы көптеген қатынастар туғызады Мүмкіндіктер нақтылы, формалды және абстрактілі болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет