Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы. Сапа, мөлшер, өлшем, секіріс категориялары. Терістеуді терістеу заңы. Диалектикалық терістеу.
Сапа дегеніміз - обьектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың, процестің тұтастығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Сапа қасиет құбылыс. Мөлшер – заттардың, құбылыстардың қасиеттерінің, құрамдас бөлшектерінің санын, даму ауқымын білдіреді. Заттың сапасы мен мөлшері диалектикалық бірлікте болады. Өлшем – сапа мен мөлшердің диалектикалық бірлігі. Сапа дегеніміз – блмыспен тепе-тең, тікелей анықтылық. Осы анықтылық жойылса, болмыс та жойылады. Секіріс - ескі сападан жаңа сапаға өтудің жалпы түрі, ішкі қайшылықтың шешуші әдісі. Секіріс қарастырылып отырған заттың табиғатына және оның дамуының сыртқы жағдайларына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Біріншіден, секірістің жасалу мерзімі жағынан алғанда, ол өте ұзаққа созылады. Мысалы, өлі табиғаттан тірі табиғатқа көшу. Екіншіден, секірістің жасалу жылдамдығы жағынан алғанда оның біреуі тез болса, екінші бір секіріс өте баяу жүріп, бірнеше шағын сапалық өзгерістерді қамтиды. Секірістің түрлері көп.
Достарыңызбен бөлісу: |