Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы



бет37/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53
Ақиқат дегеніміз - біліміздің бізден тысқары тұрған обьектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Зерттеліп отырған обьект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолюттік ақиқат деп атайды. Ақиқаттың өлшемдері. Ақиқат дәлелдеуді қажет етеді. Олар үшеу: сезімдік, рационалдық және практикалық.

Ғылыми танымның әдістері мен формалары. Ғылыми танымның барлық әдістерін үш түрге бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады: 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар барлық ғылымның саласында пайдаланғанмен, таным процесінің барлық кезеінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер.

Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін эмпириялық және теориялық деңгейдің өзіндік ерешеліктері мен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным обьектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным обьектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.

Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс бақылау деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет