Дәріс кешені философия пәні және оның тарихи динамикасы


Тақырыптың қысқаша мазмұны



бет34/53
Дата11.02.2022
өлшемі339 Kb.
#25316
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
Байланысты:
Философия дәрістер кешені-2

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Болмысы ұғымы - философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол «бар болу», «өмір сүру» проблемасын қамтиды. «Болмыс» түсінігінің арғы түбірінде «болу», «бар болу» деген мағынаның жатқанын байқауға болады.

Болмыс - бар болуды, өмір сүруді айқындап белгілейтін реальды дүниенің (шынайы дүниенің) барлық түрлерін қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым. Ендеше, болмыс туралы айтқанда болмыссыздық ұғымын қоса алған абзал болар еді. Олар өзара тұтастықта, ажырамас ауыспалы диалектикалық байланыста болады. Болмыс пен болмыссыздықтың арақатынасы салыстырмалы мәнге ие болады.

Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.з.б. УІ-Уғғ). Оның пікірінше болмыс дегеніміз –бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық.

Көне грек философы Гераклит- дүниенің мәңгі қозғалыста екендігін айтады. Гераклит дүниені алаулап, лапылдап жанатын, енді бірде өшуге бет алып, бықсып барып қайта тұтанып, жанатын мәңгілік от есебінде қарастырады. Көне грек Левкипп пен оның ілімін жалғастырушы шәкірті Демокрит (б.з.б. 460-370) болса, бүкіл дүниенің, әлемдегі барлық заттардың түпнегізі – ең ұсақ бөлінбейтін бөлшек - атом деп көрсетті. Барлық заттар мен құбылыстар атомдардан құралады.

Антикалық дәуірдің ұлы философтардың бірі Платонның (б.з.б. 427-347) ойынша болмыс дегеніміз-мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түпнегізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Неміс классикалық философиясының аса ірі өкілі Г. Гегель шынайы болмыс – «абсолютті идея» деп тұжырымдады. Ол Платон ілімін жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне обьективті идеиализм тұрғысынан келгенімен, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды. Л. Фейербах болса шынайы болмыс – табиғат, ал табиғаттың ғажап туындысы әрі жетістігі – адам деп есептеді. К. Маркс пен Ф. Энгельс философияға «қоғамдық болмыс» деп аталатын жаңа ұғым енгізді. Қоғамның қызмет атқаруы, өзгерісі мен дамуы обьективті заңдылықтарға бағынады және оның материалдық негізі бар деп тұжырымдады.

Болмыстың негізгі түрлері: 1) табиғат болмысы немесе заттар және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді; 2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі; 3) рухани болмыс; 4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

Материя ұғымы-дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз обьективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын ұғым. Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа ешнәрсе жоқ сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды



Жаңа дәуір философиясында /ХУІІ-ХУІІІ/ қоғамдық өндіріс пен жаратылыстану ғылымдарының математика мен механиканың дамуы, қоғамдық еңбек бөлісінің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, заттардың мен қасиетерімен теңгеруге жол ашты. Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне тән ортақ қасиетерімен байланыстыруға бейімделеді. М. И. Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқарады, массаны ол материяның сандық өлшемі деп қарады.

Қозғалыс-материяның ажырамас мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз – кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік-сезімдерімізге әсер етеді.

Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті-тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлекте бірге де емес, ол-бар болғаны қозғалыстың бір сәттік тұрақтылығы. Материя қозғалыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отырады. Кеңістік пен уақыт-материяның өмір сүруінің формасы.

Кеңістіктің үш өлшемі: ұзындық, ен, биіктік. Уақыттың бір өлшемі болады – қайтымсыздық. Уақыт бір өлшемді. Уақыттың ағымы өткеннен кейін қазіргі арқылы келешекке бағытталған белгілі бір заманның өзіндік бір белгілері басқа заманда қаталанып та отырады. Бірақ негізінде уақыт қайта оралмайды, кері жүрмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет