Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып


Ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш



бет4/22
Дата15.11.2023
өлшемі84,42 Kb.
#123709
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
лекции по практикуму орфогр и пункт-1

Ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш әріптері сөздің басында да, ортасында да, соңында да жазылады.
Ң әрпі сөздің ортасында және соңында ғана, ал ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады.
Ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады.
Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы, кеще деген сөздерде, ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдерде де жазылады: фәни, саф (алтын).
Й әрпі қысаң ы, і дыбыстарынан басқа (тый, сый сөздерін қоспағанда) дауысты дыбыстардан кейін жазылады: ай, ой, күй, құй.
Дауыссыздардың ішінде х әріпінің қазақ сөздерінде жазылуына өте ұқыпты қарау керек. Не морфологиялық, не фонетикалық принципке сай келмесе де, бірсыпыра сөздерге х әріпі жазылып, дәстүрге айналып кетті: хат, хабар, халық.


3-тақырып. Түбір сөздердің жазылуы. Бірге жазылатын сөздер. Бөлек жазылатын сөздер
1. Түбір сөздердің жазылуы:
- Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше жазылмай, негізгі тұлғалары сақталып жазылады: ала ат (алат емес), көк орамал (көг орамал емес).
- орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы негізінен орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады: вагон, спорт.
- сс, лл, кк, тт сияқты біркелкі екі әріппен келген кірме сөздердегі қос әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады: металл – металдар, класс – класқа.
- орыс тілінен енген бірқатар кірме сөздер, әсіресе, тұрмыс-салтқа қатысты зат, бұйым атаулары ерте кездерден дыбысталуы қазақша қалыптасқан түрінде жазылады: жәшік, бәтеңке, божы, бөшке, болыс, облыс.
- араб, парсы тілдерінен енген сөздер қазақша дыбысталып, өзгерген күйінде жазылады: әділ, әлем, пән.

  • араб, парсы тілдерінен енген бірқатар кісі аттары әркімнің әртүрлі ат қоюына байланысты сол қалыптасқан күйінде жазылады: Зәуре, Зура, Зухра, Қали, Әли,Әлі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет