Норматив дегеніміз – салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынандай топтар бойынша жасалынады:
нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал, отын, жылу, энергия, жабдықтардың үлестік нормалары);
еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал-жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері);
өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);
іске қосылатын кәсіпорындар, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс қуатын қаншалықты көлемде қолданылу есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділгінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |