5. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады.
6. Еңбек және кадрлар жоспары.Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және оның тиімділгін артырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.