Дәріс кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау


Жоспарлар мынандай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады



бет3/9
Дата31.12.2021
өлшемі18,48 Kb.
#22089
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жоспарлар мынандай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:

  • сандық;

  • сапалық;

  • көлемдік;

  • үлестік.


Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі, сатудың көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділгі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор сиымдылығы, өнімнің сапасы жатады.

Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады.


Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.

Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.


Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалдық ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.

Еңбек өлшемдеріеңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма – сағатпен белгіленеді.

Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет