Дәріс Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік жағдайын қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі Мақсаты


Бау-бақшалардағы балды өсімдіктер



Pdf көрінісі
бет16/34
Дата15.09.2023
өлшемі0,86 Mb.
#107974
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
Дәріс Қазақстан биоресурстары

Бау-бақшалардағы балды өсімдіктер 
1)
Жеміс ағаштар және жидек бұталар 
2)
Субтропикалық аймақтың жемісті 
және басқада бағалы балды 
өсімдіктері 
3)
Бақшалық және көкөністік балды өсімдіктер 
Иллюстрациялық материалдар: 
1)
 
Кестелер 
-
Кестелер. Тозаңның химиялық құрамы 
-Әртүрлі өсімдіктер тұқымдарындағы витаминдер мөлшері 
-
Қайыңның тозаңымен пергасының құрамы 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1)
Тозаң, нектар және прополис туралы түсінік 
2)
Тозаңдардың химиялық құрамы 
3)
Негізгі балды өсімдіктерді білу. 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана Алматы, "Ғылым", 
1939, 110с. 
2.
Глухов М.М. Важнейшие медоносные растение и способы их разведение 
Москва, 1980. 623с. 


Дәріс 7. Құрамында алкалоидтары бар дәрілік өсімдіктер: 
Мақсаты: 
Құрамында алколоидтар мөлшері көп туыстар және түрлері бар 
тұқымдастармен таныстыру. Өсімдіктердегі алколоидтардың, болуына сыртқы 
орта факторларының әсерімен және өсімдіктердегі алколоидтардың ролімен 
таныстыру. 
Кілттік сөздер: 
Алколоид, кофеин, эфедрин, тропан 
Негізгі сұрақтар: 
1.
Өсімдіктер әлемінде және өсімдіктердегі алкалоидтардың таралуы. 
2.
Өсімдіктердің дамуындағы алкалоидтардың пайда болуының динамикасы. 
3.
Өсімдіктердегі алкалоидтардың болуына сыртқы орта факторларының 
әсері. 
4.
Өсімдіктердегі алкалоидтардың ролі. 
Алкалоид дегеніміз - табиғи күрделі органикалық азотты зат. Әдебиеттегі 
мәліметтер бойынша, дүние жүзі флорасының 10% түрлерінің құрамында 
алкалоидтар болады. Профессор Соколов В.С. әдебиеттегі мәліметтерді 
жинақтап, қорытып құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді (папоротниктерден 
бастап Asteraceae-ға дейін) үш класқа бөлді: 
І класқа Соколов В.С. 20%-дан кем емес туыстарының өсімдіктері құрамында 
алкалоидтар бар тұқымдастарды жатқызады. Мұндай тұқымдастарды проф. 
Соколов В.С. құрамында алкалоидтары мол класс деп атауды ұсынды. 
ІІ класқа құрамында 10-20% туыстарында алкалоидтары бар тұқымдастарды 
жатқызуды ұсынды. Бұл класты құрамында алкалоидтар мөлшері орташа 
тұқымдастар деп атауды ұсынды. 
ІІІ класқа құрамындағы алкалоидтары бар туыстарының мөлшері 1-10% 
болатын тұқымдастарды жатқызды. Мұндай тұқымдастар алкалоидтары аз деп 
аталады. 
Құрамында алкалоидтар мөлшері көп туыстар және түрлер бар тұқымдастарға 
мыналар жатады: 
Equіsetaceae, Lycopodіaceae, Ranunculaceae, Berberіdaceae, Menіspermaceae, 
Papaveraceae, Fabaceae, Rutaceae, Cactaceae, Punіcaceae, Loganіaceae, Apocynaceae, 
Boragіnaceae, Solanaceae, Rubіaceae. 
Кейбір тұқымдастарды алкалоидтардың көзі ретінде маңыздылығы туралы 
оған жататын туыстардың пайыздылығымен өлшеуге болмайды. Мысалы, 
Asteraceae тұқымдасында 1000-нан астам туыстар бар, ал құрамында 
алкалоидтары бар туыстар бар болғаны 10 (1%) туыс, бірақ та ол 10 туыстың 
ішінде өте маңызды түрлерінің құрамында алкалоидтары өте мол Senecіo деген 
туыс бар. Әдетте ботаникалық түрғыдан жақын өсімдіктерде құрылысы жағынан 
жақын алкалоидтар болады. Олар табиғи топтар құрады. Мысалы Solanaceae 
тұқымдасының бір-біріне жақын 7 туысы (Atropa, Datura-сасық меңдуана- 
Дурман), Hyoscyamus-Белена-меңдуана, Scopolіa, Mandragora, Physochlaіna, 
Duboіsіa) өкілдері құрамында шектелген топқа жататын тропан алкалоидтары 
болады. Табиғатта басқаша да болуы мүмкін екі бір-біріне систематикалық 
тұрғыдан жақын түрлердің біреуінде алкалоидтар мол, ал екіншісінде 
алкалоидтар мүлдем болмайды немесе құрылысы басқа алкалоидтар болуы 


мүмкін. Сол Solanaceae тұқымдасынан Capsіcum туысында алкалоид капсайцин 
болады ол тропаннан мүлдем алыс. 
Белгілі бір алкалоидтар тек ғана белгілі бір бір-біріне жақын систематикалық 
топтарда ғана болып басқаларда болмайды деген ұғым көп уақыт басым болып 
келді. Бірақ та бұл заңдылыққа бағынбайтын жағдайларда кездеседі. Мысалы, 
алкалоид кофеин ботаникалық жағынан бір-біріне жақын емес әртүрлі 
тұқымдастардың өкілдерінде табылды: шәйда (Theaceae), кофеде (Rubіaceae), 
какаода (Sterculіaceae), матеде (Aquіfolіaceae), гуарапеде (Sapіndaceae), эродиумде 
(Geranіaceae). 
Эфедрин туралы да солай айтуға болады, филогенетикалық системада бір- 
бірінен алыс тұрған өсімдіктерде бар екендігі анықталды: эфедрада (Ephedraceae), 
бәрпіде (Aconіtum) - Ranunculaceae; қызылтаңдай да (Roemerіa-ремерия) - 
Papaveraceae; сидеде (Malvaceae- құлқайырлар), самшитте (Taxaceae), катеде 
(Celastraceae- Бересклетовые- Көкнәрлер). 
Алкалоидтар өсімдіктердің барлық мүшелерінде немесе тек олардың кейбір 
мүшелерінде ғана болуы мүмкін. Алкалоидтардың өсімдік денесіндегі ауысып, 
жылжып отыру заңдылығын анықтау өте қиын, ал әдебиеттердегі бар
материалдар тек қана алкалоидтардың өсімдіктің қайсы мүшесінде табылып 
анықталғаны туралы ғана. 
Алкалоидтардың пайда болуы негізінен жапырақтарда және жер асты 
мүшелерінде болатындығы айқын. Бірақ та сосын олар жапырақтардан және 
тамырлардан басқа мүшелерге, мысалы тұқымдарға ауысады деп толық сеніммен 
айту қиын, ол тек болжам ғана. Кейбір ғалымдардың болжамы бойынша 
(Муравьева, 1991) тұқымдарда алкалоидтар өздігінен, дербес түзілуі мүмкін, 
мүмкін жапырақтардағы алкалоидтар бұзылуының нәтижесінде. 
Өсімдікте әдетте бір емес бірнеше алкалоидтар болады. Кейбір өсімдіктерде 
олардың саны 20 немесе одан да көп болуы мүмкін (мысалы, Papaver somnіferum- 
апиын көкнәр-мак снотворный, хинное дерево, спорынья және т.б.). 
Өсімдіктің жеке (онтогенездік) дамуы кезінде олардағы алкалоидтар сапалық 
және сандық өзгерістерге ұшырайды. Бұл жағдайда өсімдіктің әрбір түріне 
қатысты ерекшеліктері бар. 
Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша, алкалоидтар мөлшері тәулік бойында да 
өзгеріп отырады. Г.К. Крейер мәліметі бойынша Лобелии (Қазақстанда 
кездеспейді) өсімдігінде алкалоидтар мөлшері күндізгімен салыстырғанда түнде 
40%-дан артық екендігі анықталды. 
Өсімдіктердегі алкалоидтардың сапалық құрамы онтогенез процесінде 
өзгеретіндігі анықталды. Мысалы, апиын көкнәрі (Papaver somnіferum – Мак 
снотворный) дамуында морфин өніп-өсе бастағаннан кейін тек екінші айда ғана 
бар екендігі белгілі бола бастайды, ал бірақ та ол алкалоид тұқым өнгеннен бастап 
пайда болады. 
Өсімдіктердегі 
алкалоидтардың 
жылжымалығы-қозғалысы 
тек 
онтогенетикалық факторларға ғана емес, сонымен бірге өсімдіктің өскен жерінің 
географиялық жағдайына және сыртқы ортаның факторларының әсеріне де 


байланысты. 
Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктер, әсіресе алкалоидтары мол 
өсімдіктер негізінен ыстық тропикалық аймақтарда таралған. 
Алкалоидтардың әртүрлі құрамы белгілі бір ендіктерге байланысты. 
Бірыңғай, орташа аймақта ең көп тараған алкалоидтар, ол - пиридин тобының 
алкалоидтары. Әртүрлі географиялық аймақтарда алкалоидтардың балқу 
температурасы 
әртүрлі. 
Мысалы, 
тропикада 
өсетін 
өсімдіктердің 
алкалоидтарының балқу температурасы 200-250
0
С болса, орташа бірығай 
(умеренный) аймақта – 100-150
0
С. Алкалоидтардың молекулярлық массасы 
тропикадан бірыңғай, орташа аймақа қарай азаяды. 
Өте жиі кездесетін жағдай мысалы Швецияда Бәрпілер (Aconіtum-Борец) 
құрамында алкалоидтар өте аз немесе тіпті болмайды, ал Шығыс қытайда, 
Индияда, Қазақстанда олар - улы өсімдіктер. Яғни құрамында алкалоидтар мол 
деген сөз. Қылшада (Ephedra-Хвойник) Европаның батысында алкалоидтар 
болмайды, ал Орта Азияда, Қазақстанда олардың құрамында өте мол алкалоидтар 
болады. 
Жоғарыда келтірілген мәліметтер қоршаған ортаның кейбір жеке 
факторларының алкалоидтар мөлшеріне әсерін көрсетеді. Бірақ та дұрысы 
факторлар жиынтығы әсері деп айтқан дұрыс, өйткені бір факторды екіншісінен 
бөліп алу өте қиын. 
Алкалоидтардың өсімдіктердегі ролі туралы әртүрлі көзқарастар бар. 
Олардың негізгілері мыналар: 
1.
Алкалоидтар - өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінің қалдықтары. Бұл 
көзқарасты жақтайтындар, алкалоидтар дегеніміз өсімдіктердегі зат алмасудың 
соңғы өнімдері - азот қосылыстарының ыдырауы нәтижесінде пайда болған деп 
санайды. Бірақ та, егер де алкалоидтар қалдықтар болса, онда олар өсімдіктер 
организмінен шығарылуы керек. Ондай факторлар жоқ. Сосын алкалоидтар 
өсімдіктерде әртүрлі органикалық қышқылдармен байланысады және тұздар 
түрінде өсімдікте қалады. 
2.
Алкалоидтар - қорлық заттар. Бірақ та алкалоидтар бар өсімдіктер 
тұқымдарында қорлық заттар құрамында алкалоидтар жоқ, олар кейін тұқым 
өнгенде содан өсіп шыққан өсімдік құрамында болады. 
3.
Алкалоидтар - қорғаушы заттар. Кейбір өсімдіктерде алкалоидтың болуы 
оларды жануарлардың жеуінен қорғайды. Бірақ та ешкілер темекінің жапырағын 
жейді, қояндар красавка өсімдігінің жапырақтарын жейді, ал құстар – осы 
өсімдіктің жидектерін жейді. Кейбір бунақденелілер құрамында алкалоиды бар 
өсімдіктердің көк массасын жұтып ºояды. 
4.
Алкалоидтар - өсімдіктерде жүретін биосинтез процесіне қажетті белсенді 
заттар. Алкалоидтар туралы осы көзқарасты анық, нақты деп санауға болады. 
Әдебиеттерде алкалоидтармен биохимиялық процестер байланысы бар екендігін 
көрсететін көптеген фактілер бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет