Иллюстрациялық материалдар:
Құрамында алколоидтары мол тұқымдастар өкілдері:
1.
Egusetaceae
2.
Ranunculaceae
3.
Papaveraceae
4.
Solanaceae
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
2.
Құрамында алколоидтар мол Papaveraceae Ranunculaceae Solanaceae өкілдері
3.
Өсімдіктерде àëêîëîèäòû áîëóûíà сыртқы орта факторларының әсері
4.
Өсімдіктердегі аалкологидтардың ролі
Ұсынылған әдебиеттер:
1.
Кукенов М.К. Қазақстан дәрілік өсімдіктер және оның пайдалануы. Алматы
"Ғылым", 1998, 288 бет.
2.
Муровьева Д.А. Фармакогнозия Москва, "Медицина", 1991
Дәріс 8. Эфир майлы
өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы
маңызы.
Мақсаты:
Қазақстандағы эфир майлы өсімдіктермен және олардың зерттелу
бағытымен және шаруашылықта пайдалануымен таныстыру.
Кілттік сөздер:
Флавоноидтар, кумариндер
Негізгі сұрақтар:
1.
Эфир майлары олардың өсімдіктер құрамында болуы
2.
Эфир майларын шаруашылықта пайдалану.
3.
Қазақстанда өсетін эфир майлы өсімдіктер
Пайдалы өсімдіктердің ішінде эфир майлы өсімдіктер маңызды орын алады.
Өйткені олар косметикада, парфюмерияда тағамдық және фармацефтикалық
өндірісте, яғни медицинада кеңінен пайдаланылады.
Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Әдебиеттердегі
мәліметтер бойынша егер мысалы 1984 жылы 226,5 мың тонна эфир майлы
өсімдіктер шикізаты дайындалса 1990 жылы 350 мың тонна 2002 жылы 700 мың
тонна шамасында қажет болды. Осылайша сұраныс жылдан жылға өсуде. Эфир
майларын өндіру мәдени өсірілген өсімдіктер плантацияларынан жиналатын
болғандықтан ең жақсы деген дүниежүзілік генефондты пайдаланып әртүрлі
сорттар және гибридтер алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде әрине үлкен
перспективасы бар деп биотехнологиялық жұмыстарды айтуға болады. Яғни
биотехнологиялық тәсілдерді пайдаланып клетка, ұлпа және мүше культурасымен
пайдаланып жаңа шикізаттар алу.
Орта Азия флорасындағы эфир майлы өсімдіктер әлі жеткіліксіз зерттелген.
Алғашқы ірі зерттеу жұмыстарын Орта Азия мемлекеттік Университетінің
ботаникалық бағының қызметкерлері 1930-1931 жылдары жүргізді. Олар өз
жұмыстарын Гиссар жотасында (Таджикстан) және Талас өзенінің ортаңғы
ағысында (Қырғызстанда) жүргізеді.
Л.С. Алюкина (1977) Қазақстандағы жусандардың кейбір түрлерін зерттеп
оларда оксикумариндер бар екендігін анықтады. Оксикумариндер мөлшері
өсімдіктің түріне байланысты 0,25 тен 1,52 % ге дейін өзгеретіндігін анықтады.
Мысалы: Көкшағыр жусанда (Artemisia marschalliana – Полын маршалловская) –
0,25; Құм жусанда (A. Arenaria – Полынь песчаная) – 0,66; Бөлшекті жусанда (А.
Quinqueloвa- Полынь пятидольчатая) – 0,97; Шашақты жусанда (A.Scoparia –
Полынь метельчатая)-1,52
М.И. Горяев (1952) өзінің монографиясында ССРО флорасындағы
құрамындағы эфир майлары бар жусандарды көрсеткен оның ішінде Қазақстанда
өсетін жусанның түрлеріде келтірілген.
М.И. Горяевтің бірнеше авторлармен бірге жазып шығарған “Химический
состав полыней” (1962) деген кітабында жусанның туыстарының, туыс
тармақтарының, секцияларының әртүрлі өкілдерінің химиялық құрамдары
келтірілген. Мұндай мәліметтер ғылым үшін өте құнды саналады. Өйткені ондай
мәліметтер жеке таксондардың биология-химиялық тұрғыдан филогениясын
түсінуге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар пайдалы органикалық заттардың
түзілу заңдылықтарын ботаникалық тұрғыдан табуға мүмкіншілік береді.
Қазақстанда жусандарды мәденилендіру туралы алғашқы мәліметтерді В.Н.
Ворошилов (1941) жариялады. Екпе жағдайда ақшыл жусан медицина өндірісіне
өте қажет, өйткені оның эфир майларында 73-96% солға айналатын камфора бар .
Қазақстан ғылым академиясының бас ботаника бағында Іле жусанын (A.
Transiliensis -П.Заилийская)
жерсіндіру туралы тәжірибелерді Е.А.Белова
(1950,1961) жүргізді. Тәжірибелік жағдайда ол жусанның биологиялық
ерекшеліктері, өнімділігі зерттеліп оны өсірудің тиімді агротехникасы жасалды.
Кейбір дәрілік және эфир майлы өсімдіктер жан-жақты зерттеліп нәтижесінде
оларды тиімді пайдалану ережелері ұсынылды.
Қазақстанның ботаник-ресурстанушылары эфир-майлы өсімдіктерді зерттеуде
үлкен жетістіктерге жетті. Эфир майлы өсімдіктер тізімі жасалды. Олардың саны
456 оның ішінде эфир майына бай 100 түрінің толық сипаттамасы берілді. Олар
23 тұқымдасқа жатады.
Құрамында эфир майының мөлшері 1
дан жоғары 38 өсімдік түрі анықталды
олар:
1.
Сібір қарағайы - Сосна Сибирская
2.
Сібір самырсыны - Пихта Сибирская
3.
Қызыл арша - Можжевельник казачьии
4.
Түкістан аршасы - Можжевельник туркестанскии
5.
Сібір аршасы - Можжевельник Сибирскии
6.
Бұқтырма либонотисі - Порезник бухтарминскии
7.
Ақшыл либонотис - Порезник седоватный
8.
Ақышкен сасыры - Ферула акичкенская
9.
Жоңғар сасыры - Ферула джунгарская
10.
Салалы сасыры - Ферула рассеченная
11.
Сыпырғы сасыры - Ферула метельчатая
12.
Сібір жебірі - Тимьян сибирскии
13.
Маршалл жебірі - Тимьян маршаловскии
14.
Ірігүлді сайсағыз - Иссоп крупноцветковыи
15.
Азия жалбызы - Мята азиятская
16.
Бұташық аяния - Аяние кустарничковая
17.
Сантолин жапырақ жусан - Полынь сантолинолистая
18.
Мұз жусан - Полынь холодная
Осы жоғарыда келтірілген 18 және қалған 20 түрлерінің ресурстық
сипаттамасы берілген
Эфир майлы өсімдіктер және олардан алынған эфир майларының
шаруашылықтағы маңызы өте зор. Олар өте кеңінен парфюмерияда,
косметикалық өндірісте медицинада пайдаланылады; Мысалы иіс сулар, кремдер
және тағы басқалары шығарылғанда барлық өндірілетін эфир майларының 90
сол парфюмерия- косметология өндірісінде падаланылады.
Микробтарға қарсы, инсектицидті, фунгицидті қасиеттеріне байланысты эфир
майлы өсімдіктер және олардың майлары халықтық және ғылыми медицинада
кеңінен пайдаланылады.
Эфир майларымен емдеу өте тиімді болғандықтан оларды ғалымдар ерекше
терапия, ароматотерапия деп атады. (Павлов, 1942, Лушников, 1943 және т.б.)
Эфир майларының фармацевтикалық өндірісте дәрілік препараттарды
өндіруде маңызы зор. Мысалы препарат “Энатин” құрамында Андыз тамыр , айр
(Acorus calamus- Айр, ирный корень) және жалбыздың (Меnta- Мята) майлары
болады.Препарат “Артемира” құрамында жусанның, жалбыздың және
шабдалының майлары болады. Аталған препараттың спазмаға, зәр айдаушы өт
айдайтын әсерлері бар.
Тамақ өнеркәсібі әртүрлі өнімдер шіруден және зеңнің (плесень) пайда
болуынан үлкен шығынға ұшырайды. Ал эфир майларын пайдаланып ол
процесстерге тосқауыл қоюға болады.
Дермотофиттер (Дерма-кожа-қабық) және зеңдер теріні және ішкі
органдарды әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Бұл ауруларға қарсы медицинада
тиімді дәрілер шектеулі .
Кейбір эфир майлы өсімдіктер және олардың мүшелері тағам ретінде
пайдаланылмағанымен тамаққа қосса оған ерекше дәм береді. Ондай өсімдіктерді
хош-иісті өсімдіктер деп атайды. Ол өсімдіктердің хош-иісті болатыны олардың
құрамында эфир майы, гликозидтердің және басқада химиялық қосылыстардың
болуына тікелей байланысты. Ондай хош-иісті қасиет беретін заттар әртүрлі
вариантта пайдаланылуы мүмкін.
Ет және еттен жасалынған өнімдерге хош-иісті заттар эфир майлары,
майонездің, соустардың және салат тұздығы жиынтығы ретінде пайдаланылады.
Көптеген эфир майлы өсімдіктер микробтарды өлтіретін қасиетіне
байланысты консервантор ретінде пайдаланылады. Мысалы: Саз қызанақ (ledum
palustre-Багульник болотный), Көкбас жұпаргул (Origanum tyttanthym –Душица
мелкоцветковая)
Құйып жасайтын ет консервлеріне, колбаса және кулинариялық өнімдерді
жасағанда өсімдіктерді түгел немесе ұнтақ түрінде пайдалануға болады.Мысалы
шатыргүлділер жемістері, ерінгүлділер жапырақтары
Жемістен жасалған хош-иісті препараттарға эфир майлары қосылады.
Қазіргі кездері конфеттер массасына әртүрлі эфир майлары мысалы раушан,
қалампыр, кардамон, жалбыз, лимон, апельсин, шалфей және т.б. өсімдіктердің
эфир майлары қосылады.
Нан өндіретін өндірістерде әртүрлі хош-иісті өсімдіктер пайдаланылады.
Мысалы: кәдімгі анис (Anis vulgare- Анис обыкновенный), Кориандр
(Сoriandrum), Тмин (Carum), Кәдімгі құлмақ (Humulus Lupulus –Хмель
обыкновеный), Көкнәр (Papaver), Бәйшешек (Crocus)
Парфюмерияда және сабын өндіретін өндірісте қарағай (Pinus- Cосна),
Шырша (Piceae- Ель), Арша (Juniperus- Можжевельник), Аиыр (Aсаrus- Аир),
қайың (Вetula- Береза), Раушан (Rosa- Роза), Жалбыз (Menta-Мята) кеңінен
пайдаланылады.
Сонымен эфир майлы өсімдіктер медицинада және өндірісте кеңінен
пайдалануда жылдан-жылға эфир майлы өсімдіктерге сұраныс артуда.
Қазақстанда эфир майлы өсімдіктері жақсы зерттелген регион ол Оңтүстік
Қазақстан облысы.
Қазақстанның территориясында әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс және
шығыс аудандарында табиғи фитоценоздар құрамында өте мол эфир майлы
өсімдіктер кездеседі.
Қазақстанда өсетін 500 эфир майлы өсімдіктер зерттелген. Ғылыми
әдебиеттерде құрамында эфир майының мөлшері 0,5 мг 100гр құрғақ массасында
болатын өсімдіктерге сипаттама берілген. Эфир майлы өсімдіктер негізінен
Қарағайлар (Pinaceae- Сосновые), Кипаристер (Cupressaceae - кипарисывые),
Астралар (Asteraceae- Астровые), Селдерейлер (Apiaceae- ceлдерейные),
Тауқалақайлар (Lamiaceae- яснотковые) тұқымдастары өкілдері. Сондықтан осы
негізгі тұқымдастарға жататын ең маңызды саналатын кейбір түрлеріне қысқаша
сипаттама беріп өтейік.
. Pinaceae (Қарағайлар - Сосновые) тұқымдасы
1. Сібір Самырсыны (Abies sibirica- Пихта Сибирская) көпжылдық ағаш
биіктігі 30 м дейін. Кронасының формасы енсіз, қисық пирамида тәрізді.
Қазақстанда тек таулы жерлерде жоғарғы орманды шекараға дейін 2000м
биіктікке дейін таралады.
Самырсында эфир майларының мөлшері қылқандарында тіршілік ететін
ортасына байланысты 100гр құрғақ массасында 3,09-3,27мл (Лихлаюк 1967)
шамасында болады.
Бұл өсімдіктің бүршіктері, қылқандары және қабығы халық медицинасында
кеңінен пайдаланылады.
Бұл тұқымдастан Шренк шыршасы (Picea Schrenkiana- Ель Шренка),
Самырсын қарағай (Pinus sibirica- Сосна кедровая) өсімдіктеріде эфир майлы
өсімдіктерге жатады.
. Cupressaceae (Кипаристер - кипарисовые) тұқымдасы
Бұл тұқымдастан 5 түр негізгі эфир майлы өсімдіктерге жатады. Олар
Juniperus Pseudosabina (Қара арша- М. Ложноказачии), J. Sibirica (Дәрі арша-
М.Сибирский), J. Turcestanica (Балғын арша, Түркістан аршасы- М.
Туркестанский), J. semiglobosa (Сауыр арша- М.полушаровидный). Осы бес
түрдің ішінде Juniperus Sabina -Қызыл арша өсімдігіне толығырақ тоқталып
өтейік.
Көпжылдық төселіп өсетін өсімдік, биіктігі 1-2 м бұта. Қабығы қызыл-сұр,
көлеңке жағындағы жапырақтары ине тәрізді. Бүршікжемістілер. Өте мол, дара
орналасқан, майда, сұр-қара түсті, тұқымдары екіден. Екі үйлі өсімдік. Негізінен
құмда, таулы жерлерде төменгі белдеуінде құрғақ бөктерлерінде өседі. Жалпы
таралуы Оңтүстік, Батыс Европа ССРО-да, Қырымда, Кавказда, Батыс және
Шығыс Сибирде кездеседі. Көк бұташықтары дәрілік зат ретінде пайдаланылады,
оларда эфир майлары болады.Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан облыстарында популяциялары молырақ таралған.М.К.
Кукенов (1990) мәліметтері бойынша Шығыс-Қазақстан облысында бұл
өсімдіктің 100гр құрғақ массасында 2,473-4,72 мл эфир майы болатындығы
анықталған. Ал Жоңғар Алатауында 1,600-2,420 мл алынған. Бұл өсімдіктің эфир
майының құрамында сабинен, пинен, сабинола 10-17
, сабинолацетат 50
,
цитронилол, гераниол, казцинел, дегидрокумин спирті болатындығы анықталды.
(Горяев, 1952, Горяев т.б 1972)
Қызыл аршадан эфир майларынан басқа биологиялық белсенді заттар: рутин
апитенин, катехиндер бөлініп алынған
. Apiaceae- Селдерейлер (Селдерейное) тұқымдасы. Бұл тұқымдаста:
1.
Angelica decurrens ( Аласа аюбалдырған- Дянгиль низбегающии)
2.
Seseli buchtormensе - (Бухтарма либанотисі- Порезник бухтармииский)
3.
Seseli schrenkіanuma - (Шренк либонотусы- Порезник шренковский)
4.
Seseli incfnum - ( Ақшыл либанотус- Порезник седоватый)
5.
Seseli glabratum - ( Тегіс тырнашөп- Жабрица гладкая)
6.
Ferula ovina - ( Ферула стjлбиковая) (+) Бағаншалы сасыр
7.
Ferula dissecta - (Салалы сасыр- Ферула рассечанная )
8.
Ferula anitschkensis - ( Ақышкен сасыр- Ферула акичкенская)
9.
Ferula ferulaeoides - ( Сыпырғы сасыр- Ферула метельчатая)
10.
Ferula soongarica – (Жоңғар сасыры- Ферула джунгарская)
11.
Ferula kataviensis- (Қаратау сасыры- Ферула каратавская)
12.
Ferula diversivittata- (Әрсалалы сасыр- Ферула разнокальцевая)
13.
Ferula kelleri- (Келлер сасыры- Ферула келлера)
14.
Ferula penninervis- (Тамырлы сасыр- ферула перибожальтое)
15.
Ferula tenuisicta- (Жіңішке сасыр- Ферула тонкорассеченная)
16.
Tallasia transiliencis- (Іле талассиясы- Талассия зайлийская)
17.
Schrenkia involucratа- (Оралған шренка- Шренка обернутая)
18.
Athamanta
macrophylla
–(Іріжапырақты
атаманта
Атамантф
крупнолистая)
19.
Heracleum dissectum- (Тілік балдырған-Борщевик рассеченный
20.
Cuminum setifolium- (Тікежапырақты құмшөп- Песколюб щетинолистый)
Достарыңызбен бөлісу: |