Дәріс 1.
Кіріспе. Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілік
жағдайын
қысқаша талдау. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі
Мақсаты:
Қазақстандағы өсімдіктердін (комплекстік пайдаланылатын,
тағамдық, эфир майлы және дәрілік) және жануарлардың (сүтқоректілер,
құстар, балықтар) алуан түрлілігі жағдайымен таныстыру.
Кілттік сөздер:
биологиялық алуан түрлілік, комплекстік пайдаланылытын
өсімдіктер. Кәсіптік ауланатын аңдар, синантропизация, адвентивтік түрлер,
эврибионттар, реликт, эндем.
Негізгі сұрақтар:
1.
Қазақстандағы өсімдіктер және жануарлардың алуан түрлілігі
2.
Әкімшілік-бұйрық жүйесі жағдайындағы экожүйелердің бұзылуы.
3.
Қазақстан территориясындағы соңғы жылдары жоғалған өсімдіктер және
жануарлар түрлері
1.
Қазақстан территориясында жер шарының барлық ландшафтарының
типтері құрғақ
субтропикадан және ыстық, қапырық шөлдердің әртүрлі
типтерінен биік тау тундрасына және мұздарына дейін кездеседі. Осындай
әртүрлі ландшафтардың оған қосымша Каспий, Арал, Балхаш, Зайсан, Алакөл
сияқты континентішілік теңіздердің және көлдердің болуы Қазақстан
биоталарының бай және әртүрлі болуын қамтамасыз етті. Қазақстан
территориясының 40
-дан аса бөлігін дала және 55
шамасында шөлдер алып
жатыр, экожүйелер
антропогендік әсерге әлсіз, оңай тұрақсызданады және
қайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.
Қазақстанның өсімдіктер жабынын 6000 түрден астам 128 тұқымдасқа
жататын жоғары сатыдағы өсімдіктер жасайды. Олардың 14
эндемиктер
флоралық әртүрлілік деңгейі Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде бірдей емес.
Қазақстанның тегістік бөліктерінде шөлдер және далаларда флораның әртүрлілігі
және өзіндік ерекшелігі батыстан Шығысқа қарай ұлғаяды. Ал тау жүйелерінде
флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі Солтүстік-Шығыстан (Алтай)
Оңтүстік батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай ұлғаяды. Қазақстанда 10
монотиптік эндемикалық туыстарды ерекше атауға болады:
Physandra
(Физандра),
Rhaphydophyton
(Рафидофитон),
Pseuderemоstаshys
(Лжепустынноколосник-жалған
шөлмесақ),
Botschantzevia
(Бочанцевия),
Pseudomarrubium
(Ложная шандра-жалған шандра),
Canсriniella
(Канкриниелла),
Spiraeаnthus
(Таволгоцвет-тобылғытүс),
Pterygostemon
(Птеригостемон),
Pastinacopsis
(Пастернаковник),
Niedzwedzkiа
(Недзвецкия)
Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғарғы
сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға
тапсырылған қызыл кітаптың екінші басылымына өсімдіктердің 400
сирек
кездесін түрлері енгізілген.
Қазақстанда
тіршілік
ететін
жануарлар
Республикамыздағы
байлықтарымыздың бірі. Сондықтан оларды қорғау, тиімді пайдалану біздің
борышымыз, жануарлардың біразы сапалы ет, май, сүт, бағалы тері берсе,
кейбіреулері ауыл және орман шаруашылығының зиянкестері.
Қазақстан жануарлар әлемінде 835 омыртқалылар түрлері, оның ішінде 178
түрлер сүтқоректілер, оның 48 түрі (27
) кәсіптік ауланатын түрлерге жатады.
Тұяқтылардың 12 түрінің 7 түрі (ақбөкен -киік, сайган, бұлан-лось, елік- косуля,
қабан, тау теке, құдыр-қабырға, марал) кәсіптік аулатындар. Республикамыз
терісі үшін ауланатын аңдарға бай. Мысалы,
Кәмшат - Соболь, түлкі -лисица,
ондатр, суыр-сурок), сарышунақ-суслик және т.б. Соңғы жылдары экологиялық
жағдайдың өзгеруіне байланысты жабайы аңдардың мекен жайлары жаңарып
қайта құрылуда деуге болады. Олардың саныда өзгерді. Кейбір жануарлардың
жалпы саны азайды ал кейбіреулері көбейді. 1996 жылғы мәліметтер бойынша
(Байтулин, 1996). Ақбөкендер саны 850-900 мың, елік-30мың, қабандар-10мың,
тау теке-20мың, марал-15мың шамасында. Қасқырлар және шиебөрілердің саны
көбейді.
Қасқырлар-100мың,
ал
шиебөрілер-50мың
шамасында.
Бұл
жыртқыштардың санын азайту республикамызда мал шаруашылығын дамытып,
кәсіптік аңдарды сақтауда маңызы зор.
Қазақстанда кездесетін 500 құстар түрлерінің 140түрі кәсіптік- ауланатындар
қатарына жатады. Олардың ішіндегі ең маңызды топтар ол суда жүзгіш
жабайы
құстар (43 түр). Олардың ішінде қаздар (гуси), үйректер (утки), қасқалдақтар
(лысухи). Олардың қоры белгісіз Қазақстан су қоймаларында 7-8мың құстар ұя
салады, ал маусымдық миграция кезінде 8-10 млн құстар Қазақстан
территориясы арқылы ұшып өтеді.
Қазақстанның байырғы (абориген) ихтиофаунасында Каспий теңізіндегі
түрлерді қосқанда 97 түрлер белгілі, акклииматизациялық жұмыстар нәтижесінде
Қазақстан ихтиофаунасы 23 жаңа түрлермен толықты. Көптеген аулақтанған су
қоймаларының ихтиофаунасы жасанды құрылған. Мысалы Балқаш су
қоймасында 13 байырғы түрлеріне 24 жаңа түрлер қосылған.
Талас су
қоймаларының 6-7 жергілікті түрлеріне 13 жаңа түрлер қосылған.
Қазіргі Қазақстан ихтиофаунасы бір-бірінен жекеленіп, аулақтанған Каспий,
Арал, Ертіс, Балқаш және т.б көлдер өзендер жүйелерінен құралған. Әр бір су
бассейнінде оның ихтиофаунасын қайта құру туралы жұмыстар жүргізілген,
нәтижесінде олардағы түрлердің құрамы өзгерген.
2.
Қазақстанда халықтың аздығы қорғаныс базаларын және сынақ
полигондарын салуға, жер қойнауының байлығын қазып шығаратын өнеркәсіптің
дамуына, ал солтүстікте құнарлы жерлердің болуы тың және тыңайған жерлерді
игеруге алып келді. Әкімшілік-бұйрық жүйесі жағдайында экономика табиғат
байлығын барынша мол сығып алу мақсатында экстенсивтік жолмен дамыды.
Әрине тезірек жер қойнауы байлықтарын алуды
мақсат еткен шаруашылық
қызмет жағдайында ол процестің кейіннен экологияға әсері ескерілген жоқ.
Соның салдарынан экожүйелер терең кең көлемді бұзылды, көп жерлер шөлге
айналды және биологиялық алуан түрлілікке үлкен зиян келді. Флораның
биологиялық алуан түрлілігі және өсімдіктер ресурстары зиян шекті.
Антропогендік азғындаудың (деградация) салдарынан адвентивтік
(қосымша) түрлердің таралуы нәтижесінде өсімдіктер жабынында адамдар
арқылы таралатын өсімдіктер көбейеді. Яғни синантронпизация процесі
басталады.
Адвентивтік түрлердің экспанциясы олардың популяцияларының үздіксіз
артуы флораның табиғи даму процесімен қарама-қайшылыққа келеді.
Адвенттивтік
өсімдіктер
жергілікті
өсімдіктер
түрлеріне
ортаның
абиотикалық факторларын
пайдалануға бәсекелес болады, өте жиі олармен
будандасып агресивті қасиеттермен будандар (гибридтер) пайда болады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасының құрамында пайдалы илік дәрілік,
малазықтық, техникалық, тағамдық, сәндік және басқа да түрлер бар.
Илік өсімдіктер-шикізаттық өсімдіктер ішіндегі толығырақ зерттелген.
Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда практикада бағалы құрамында
таниндер бар 20-дан астам түрлер анықталды олардың ішінде ең белгілілері: