қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттесуі немесе Сібірдің орман
тундралы мәңгі тоңдары болуы мүмкін, мұнда бұл табиғи жағдайларда
механизмдер мен инженерлік жүйелердің қызметінің сұрақтары инженерлі
экология категориясына жатады. Алайда инженерлі экология мен табиғи
техногенді жүйелер геоэкологиясы арасынан нақты шекара қою күрделі
болып табылады. Практикалық қажеттілік арқасында қолданбалы экология
көптеген қолданбалы ғылымдар салаларында интенсивті түрде дамып келеді.
Көбінесе оны «инженерлі экология» терминімен атайды.
Өнеркәсіптің түрлі қызмет әрекеттері
мен оның геоэкологиялық
барысы экологиялық пирамидаға ұқсас, өндірістік экологиялық пирамида
түрінде жүйеленуі мүмкін.
Пирамида негізінде көбіне минералды шикізат барлау жатады. Бұл
кезеңде барланатын шикізаттың 98% жуық бос жыныстар ретінде, төмен
концентрациялы руда, грунт, стандартты емес ағаш және т.б.сияқты
қалдықтар болып бөлінеді. Шикізаттың тек 2% ғана шикізатты өңдеу деңгейі
деп аталатын келесі деңгейге дейін жетеді. Нәтижесінде, темір, болат, түрлі
прокат сияқты аралық өнімдер алынады.
Өнеркәсіптік өндірістің жоғары сатысында электроника мен машина
жасау аппараттары, композитті материалдар, биотехнология өнімдері және
«жоғары технология» (high-tech) атаулы
тауарларын шағаратын жоғары
күрделікті және нақты қазіргі заманғы индустриямен жолығамыз. Бұл сатыда
пайдаланылатын
материалдар
көлемі
минималды,
басты
кірістер
қызметкерлердің жеке тәжірибесі, алдыңғы технологиялар түрінде кездеседі.
Қазіргі индустрия тенденцияларының бірі бұл жоғары күрделі және нақты
өнеркәсіптің көп бөлігі өз өнімін сатуды тоқтатуы. Мұның орнына өнім
тұтынушыға жалға беріледі, ал өндіруші компания ондағы қызмет көрсетуді
қамтамасыз етеді. Осылайша, қызметтер сатысына көшу орын алады, және
қызметтер ролі өсу тенденциясына ие болады. «Жоғары технология» сатысы
қазіргі ғылыми техникалық революция нәтижесі болып табылады. Көбінесе,
әдебиеттерді оқу барысында, адамзат, немесе дамыған мемлекеттер
толығымен аталған сатыға көшті деген қате түсінікке ие боламыз. Шын
мәнісінде, барлық төрт саты бірдей қажет және даму мен жетілдіруді қает
етеді, ал төменгі сатысыз жоғары көтерілу мүмкін емес. Металл, энергия,
химиялық өнеркәсіп өнімдері және т.б. қажет, оларсыз «жоғары технология»
шыңдарына жету мүмкін емес. Өнеркәсіптік өндіріс сатыларына сай
геоэкологиялық мәселелердің өзгеру тенденциялары пайда болады: а)
Алынатын ресурстар мен өңделетін
шикізат көлемі азаяды; б) Қоршаған
ортаға тасталатын ластаушы қалдықтар көлемі азаяды; в) Алайда қалдықтар
улылық мөлшері көбейе түсіп, нәтижелі ластану азаймауы да мүмкін.
Өнеркәсіптің геоэкологиялық әсері шикізатты барлаудан өндіріс процестері
арқылы алғашқы өңдеуге дейін, соңғы өнімді пайдалану мен қалдықтарды
орналастыруға дейінгі технологиялық тізбекті қамтиды. Өнеркәсіп – табиғи
ресурстардың (металл және бейметалл рудалары, ауыл шаруашылық
өнімдері, әр түрлі түрлердің энергиялары) маңызды тұтынушысы болып
табылады. Индустриалды процестер
нәтижесінде улы газдарды, қатты
қалдықтар мен түрлі сұйық ағындарды жоспарланған немесе бейжоспарлы
тастау қажеттілігі туындайды
. Бұл өндіріс процесінде немесе кейінірек
өнімді пайдалану барысында болуы мүмкін. Қалдықтар мен өнеркәсіп
өнімдерінің кейбірі белгілі бір деңгейде улы болып келеді және шығынға
әкеп соғуы мүмкін.
Өнеркәсіптік өндірістің жағымсыз геоэкологиялық нәтижелерімен
күресудің екі жолы бар:
а) Өндірістің соңғы сатысында ластануларды басқару;
б) Өндірістік циклді жүйелік қайта құру.
Шын
мәнісінде , стратегиялық типте а) қосымша ретінде
технологиялық цикл соңында ластануларды басқару процесі жүреді. Бұл жол
«құбыр соңында» шартты атауына ие. «Құбыр соңында» ластануларды
өңдеу ластушылардың көлемі мен массасын азайтпайды. Ол тек өңделгеннен
кейін қалдықтарды аталған технологиялық циклде ыңғайлырақ бір ортадан
екіншісіне алмастырады, мысалы ауадан жерге ауысады. Көп жағдайларда
қалдықтарды өңдеу ауаға, су ортасына эмиссияларды қозғалтады. Мұндай
операциялар ұзақ уақытты жағдайда қажет емес және уақытша шара ретінде
жарасымды болып келеді. Негізгі технологиялық цикл шегінен тыс
қалдықтарды, яғни «құбыр соңында»
өңдеу кең таралған, алайда шын
мәнінде экологиялық мәселелерді шешпейді. Мұндай технология «аз
қалдықты» немесе «қалдықсыз» атауларына ие.
Қоршаған ортаның жай-күйiн экологиялық нормалаудың және
табиғатты пайдаланудың әлемдiк тәжiрибесi нақты табиғи ортаны қорғау
және өндiрiстiк жүйелердің даму үрдісінен пайда болатын қажеттiлiктерге
байланысты прецеденттік әдiс арқылы ұзақ кезең бойы қалыптасты.
Су-жер ресурстарының шекті мүмкін деңгейін экологиялық нормалау
негізін экожүйелік тәсіл құрайды, ол антропогендік әсер мен табиғи
нысандардың географиясына кешенді баға берумен айқындалады.
Тұжырымдаманың негiзiне ресурстарды жүйелi түрде барлау; табиғи
жүйелердің ластану ауқымдары; жерлердiң кең ауқымды тозуы; топырақтың
жел, су эрозиясы, сортаңдану; фон экожүйелерiнде зат және қуат айналымын
реттеу ырғағының бұзылуы секілді жағдайлар кiредi.
Экологиялық нормалаудың үш кезеңі ажыратылады:
Достарыңызбен бөлісу: