МағауияАбайұлы 1869 жылы Абайдың Ділдадан туылған баласы, орысша да, мұсылманша да сауатты, ауылда сауат ашқан соң Абай оны Семейдегі Городское училищеге апарады. Мағауиямен бірге Күлбадан деген қызын да орыс оқуына береді. Екі- үш жыл оқыған соң, Мағауия ауыра бастаған соң, оқуын тастап, елге қайтады. Ҿздігінен іздене жүріп, білімін кеңейтеді. Ел жұмыстарын атқаруда да ол ҽкесінің бір жағына шығады. Ол да ҿлеңнің қадір – қасиетін бағалай білетін, ҿзінің де қаламының қуаты бар, адамгершілігі мол, ҽділ жан болып қалыптасады.Ҽке кеңесімен бірнеше поэмалар жазады.
«Еңлік-Кебек», «Абылай» жҽне «»Медғат-Қасым». Кҿбіне Ҽбдірахманға қатысты шығарған ҿлеңдері сақталған.Оның кҿлемді де кҿркем шығармасы «Медғат-Қасым» болғандықтан, оқу бағдарламаларына енгізіл-ген.Бұл поэманың тақырыбы да қазақ тұрмысынан аулақ елдер ҿмірінен алынған. Абай шҽкірттерінің ҿз шығармаларының ҿзегі етіп ҿзге елдер тірлігін алуының себебі олардың жаңашыл кҿзқарастарында жатыр.
Европа мен орыс қоғам романтизмнің дҽуірлеген кезеңі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы болды. Романтикалық мазмұндағы роман, поэма, ҿлеңдердің кҿпшілігі сюжетті шытырман оқиғаларға құрылды. Қаһармандары да реалистік ҿмірден алшақ, романтикалық стиль бағытында ҽрекет етті. Айналасына, ортасына риза болмаушылық пен қоса бұл шығармаларға мыналар тҽн: уақиға дағдыдан тыс жерде ҿтеді, қаһармандар ер, ҿжет, мҽрт болып, жамандыққа да, жақсылыққа да құлай беріледі ҽрі ҿздерінің сыртқы келбеттері де қалыпты адамдардан ҿзгеше. Ақылбай мен Мағауияның дастандарынан роиантизмге тҽн белгілерді айқын табамыз. Поэманың желілері де, кейіпкерлердің іс- ҽрекеттері де сезімге байланысты құрылып, бұл сезімдер қаһармандарды басқарады.
«Медғат-Қасымның» қысқаша сюжеті де романтикалық ҽдіске сай құрылған.
Ал «Еңлік-Кебек» поэмасы - оның үлкен жанрдағы алғашқы ізденісі. Бүкіл ел Қабекең атандырған Кеңгірбай бидің атына Мағауия осы поэмасымен сын айтады.
... Тобықтыда сол күнде Кеңгірбай би, Қыз қайнынан астыртын алыпты сый. Айтады қыз қайнына бітім жерде, Ҽуелі ұстап алып қызыңды тый...
...Қылжырлықтан атандың биім «Қабан», Қабан түбі шошқа ғой, білсең надан.
Үлкен билік алдында сҿйлесермін, Жазасы не болады бидің арам!
Осы поэмасында да ол адамгершілікті, ҽділдікті бірінші орынға қояды.
Қасым ҿзінің істеп жүрген ҽрекеттерін ҽділет жолындағы күресі есебінде қарайды. Құл мен қожа арасындағы мұндай бітіспес кек қазақ даласында сирек ұшырайтын, себебі неде деп ойлайсыздар?
Қорытқанда, Ақылбай мен Мағауияның аталған туындылары ҿз дҽуірі үшін жаңалық болып саналды, тақырыбы мен құрылысы жағынан ерекшеленіп, тың стильдің бағытымен жазылды. Ақындық мектеп ұстаздың ҿзі салған жолмен ғана шектелмей, оны ҿздерінше дамытқан шҽкірттердің еңбектері арқылы нығая, кеңейе берді.
Абайға дейінгі қазақ ҽдебиетіндегі дҽстүр жалғастығы. Абайдың ақындық мектебі. Абай қалыптастырған орта. Ақылбай Абайұлының ҽндері мен поэмасы. Мағауияның
«Медғат-Қасымы». М.Ҽуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақын шҽкірттерінің бейнесі. Абайдың жастарға берген ақыл, ҿсиетттері. Кҿкбай ақын туралы не білеміз? Абайдың ҿз ҿлеңдерін алғашында Кҿкбай ақын атынан жариялауы. Шҽкҽрімнің Абайдың шҽкірті екендігі. Абай туралы ХХ ғасырдың басында жазылған мақала, ҿлеңдер.ХХ ғасырдың басындағы зиялылардың Абайды ҿздерінің кҿш басшысына балауы. Абай жҽне қазіргі қазақ ҽдебиеті. Абайдың ұстаздық тағылымы.